6-дәріс : Кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық процестерінің дамуы Жоспары



бет1/2
Дата17.11.2023
өлшемі25.47 Kb.
#483545
  1   2
6 лекция


6-дәріс : Кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық процестерінің дамуы
Жоспары:
1.Бастауыш класс оқушыларының қабылдау ерекшеліктері
2.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың ес,елестері
3.Ойлау ерекшеліктері
4.Эмоция,сезім көрсеткіштері
5.Ерік
Бала дүниеге келгеннен бастап, оның танымдық әрекетінің қалыптасуы үздіксіз жүріп отырады. Мектепке дейінгі шақтың соңында баланың психикасы мектепте оқи бастауға қажетті және жеткілікті даму дәрежесіне жетеді. Мәселен, жеті жастағы балаға:
1. Сөйлеудің даму дәрежесі, сөз қоры, белсенді және пассивті сөздігі қажет;
2. Қоршаған дүние жайлы үғымдар қажет;
3. Қажетті іс-әрекет жайлы икемділігі мен дағдылырының (қарындашты ұстай білу, желімдеу, кесу, сурет салу) дамуы;
4. Іскерлікке өзін жеге білу үстінде көрінетін бала еркінің дамуы, күрделігіне қарамастан берілген тапсырмаларды ынталана орындауы, мұғалім қоятын талаптарға бағынуы тән.
Мектепке келген кезінен-ақ, балада ақыл-ой әрекеті сияқты аса маңызды қабілет қалыптасады. Бұл қабілет оқи білуге үйрену ынтасынан көрінеді. Окытудың алғашқы қадамдарынан бастап мектеп осы қабілетті жан-жақты дамытып, әрі жаттықтырып отыруға тиіс.
Бастауыш мектепте баланың бүкіл психикалық әрекетін: зейін, қабылдау, есте сақтау мен есте қалдыру, ойлау, бақылау әрекеттерін реттеп отыру арқылы анымдық әрекеті қалыптасады.
Психологтардың, педагогтардың (Н.Лейтес, А. Люблинская, Я.Пономарев, Ж.Пиаже, А.Зак. т.б.) зерттеулерінше оқушының мектептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе, бірінші сынып кезеңінде оқушылардың танымдық әрекеттерінің психологиялық негізі және елестету, армандау, шығармашылық ойлау және ойлау операциялары: талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру және т.б. қалыптасады. Сонымен қатар әрекетті бағалау, қорытынды шығару және өз пікірін айту сияқты керекті негізгі қабілеттер де көріне бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының маңызды тағы бір ерекшелігі — оларды эмоционалдық көңіл-күйінің көтеріңкілігі. Жарқын айтылған бір ауыз сөз, көрілген фильм, оқылған кітап не әңгіме балаларды баурап алады, олардың жан сарайында жаңғырық тудырады. Бұл жастағы балалар айтқанға оп-оңай көнгіштігімен ерекшеленеді, олар ересек адамдардың, әсіресе, мұғалімнің тәрбиелеу ықпалына тез беріледі.
Бастауыш сынып оқушылары әдетте әр түрлі тапсырмаларды ұқыпты орындайды, іс үстінде зор табандылық көрсетеді. Тапсырмалар беру жүйесін қүру, оның орындалу сапасын бақылау, қол жеткен табыстары үшін балаларды мадақтап отыру жолымен танымдық әрекетті қалыптастырудың маңызы зор.
1.Қабылдау Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсi, дыбысы, дәмi, иiсi, формасы т. б. қасиеттерi тұтас күйiнде бейнеленедi. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда бiздiң анализаторларымызға оның қызыл түсi, хош иiсi, тәттi дәмi т. б. осындай қасиеттерi бiр мезгiлде әсер етедi де, миымызда тұтас зат бейнесi пайда болады. Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Кiсi бұлардың бәрiн бiрдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейдi. Егер бала өмiр бойы поезды көрмей өссе, оны бiрден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенiң заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңiлу емес, белсендi қабылдау. Белсендi қабылдау ғана дүниенi тереңiрек тануға мүмкiндiк бередi.
Қабылдау — ми қабығының күрделi анализдiк және синтездiк қызметiнiң нәтижесi. Қабылдаудың физиологиялық негiзiне бiрнеше тiтiркендiргiштердiң жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексi деп атаған. Мәселен, көру анализаторында оеындай қатынас рефлексiнiң жасалуы (яғни тiтiркендiргiштердiн бiр-бiрiмен байланысы) заттың түрi түсi, мөлшерiне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкiндiк бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет