Сейтақ А.
Бағым ба едің, Байқоңыр,сорым ба едің?!/А.Сейтақ // Егемен Қазақстан.-2001.-2 қараша;Орталық Қазақстан.-2001.-10 қараша
Байқоңыр ғарыш айлағы Адамзат ғылымының аса үлкен жетістігі екендігі мәлім. Бірақ сол өңірде түрып жатқан халық үшін оның тигізер пайдасы көп болды ма, зияны көп болды ма? Дегенмен, ол 40 жылдан астам уақыт бойы адам денсаулығына кері әсер тигізіп келгені анық. Бағытынан ауытқыған зымырандардың бірнеше рет кауіп төндірген кездері де болды. Оның залалы мен зардабы қанша? Міне, осы сауалдарға жауап беретін кез жетті. Қазақстан Парламентінің Мәжілісі осы мәселеге арнап үстіміздегі жылдың төртінші тоқсанында парламенттік тыңдау үйымдастырады. Қазір жан-жақты дайындық, жүмыстары жүргізілуде. Осы орайда қазан айының ішінде Мәжілістің Экономикалык, реформа және аймактык даму жөніндегі комитетінің бір топ мүшелері Қарағанды облысының ¥лытау, Жаңаарқа жөне Қарқаралы аудандарында болып, онда жергілікті түргындармен кездесіп, көкейкесті мәселеге орай пікір алысты. Экологиялық жағдайды жан-жақты зерделеп, зерттеу мақсатында сол аудандарда "Байқоңыр" ғарыш айлағынан үшырулардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері мәселелері бойынша көшпелі отырыстарын өткізіп қайтты. Бүл сапарды комитет төрағасы Иван Чиркалин мен осы мәселеге орай қүрылған жүмыс тобының жетекшісі Рауан Шаекин бастап барған еді. Сонымен қатар бүл қүрамда Шаймерден Оразалинов, Хамит Әмірғожин, Серікбай Әлібаев, Сергей Дрожжин сынды комитет мүшелері болды.
Жаңаарқа жарасы
Депутаттардың алғашқы тоқтаған жері — Атасу ауылы. Бү_л — Жаңаарқа ауданының орталығы. Аудан экімшілігінің үлкен залында өткен баскосуға жиналғандардың саны да аз болмады.
Байқоңыр зардабының айқын байқалып, оқиғаның ушыққан күні — 1999 жылдың 27 қазаны. Сол күні Жаңаарқа ауданының аумағына Ресейдің "Протон М" зымыран тасығышының қалдықгары қүлаған еді. Қалдықтардың көше мен аулаларға түсуі Атасу поселкесі мен оған таяу орналасқан Ақтайлақ, Қарамола, Алғабас, Дружба, Аппаз, Оросительное, Бидайық елді мекендердің түрғындарына үлкен қауіп төндірді. Оқиғаның болған кезіндегі көріністері суретке түсірілген жэне бейнетаспаға жазылған. Арнаулы медициналық комиссиялар жріыс істегені белгілі. Дэрігерлер бригадасы гептил уына шалдыққан деп болжанған 20 мың адамды, оның ішінде 7480 баланы тексеруден өткізді. Көптеген адамдардың сырқат екендігі анықталды.
Міне, сол жылдың қазан-қараша айларында ереуілге шыққан жаңаарқалықтар өз үрпақтарына зор қатер төндіріп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағының жабылуын жэне моральдық шығынды өтеу қажеттігін талап
етті. Сол оқиғаның негізінде Ресей жағының шығындарды өтеуге бөлген каржысы аудан түрғындарын ешқандай қанағаттандырмай отыр.
Жаңаарқалықтар аудан аумағының 56,5 пайызы Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне қарайтынын, ол жерлердің Ресейге жалға берілгенін де айтып өтті.
Аудан экімі Серік Шайдаров соңғы жылдары түрғындардың денсаулығы күрт төмендеп кеткенін атап өтті. Әсіресе, жүрек-қан тамырлары, өкпе жэне тыныс алу органдары ауруларына шалдыққандардың саны бірнеше есеге өсіп кеткен. Кейбір дерттің өсуі 305,0 пайызға дейін көтерілген екен!
Келесі кезекте зейнеткер Ғабдулмэлік Әлжаппаров: "Тэуелсіздік алғанымызбен, еліміздің қасіретті күндері элі де бітпеген екен. Байқоңыр мақтанышымыз десек, енді ол қайғымыз болып отыр. Гептилдің қоршаған ортаға, адам денсаулығына зияны жоқ деп ешкім де сендіре алмайды. Мысал-дар өте көп. Адамдардың көбі о дүниелік болып кетті. Протонның қүлауы бар адам үшін қағылған дабыл болды. Жаңааркалықтар үйжайын тастап көшіп кетті. Жастардың өзін-өзі өлтіруі кездеседі. Бүрын келіп мал алатындар енді мал өнімінен бас тартып отыр. Ресей өтемақы төлейді дейді, бірақ оны өз басым сезіп отырған жоқпын. Өтемақының негізінде аудандық ауруханаға бір аппарат алынған екен, ол баланы кэмпит беріп алдағанмен бірдей емес пе?! — деді ашына сөйлеп.
— Мен осы мэселені қолға алған депутаттарға алғыс айтамын. Өздеріміз сайлаған депутат Мүхамбет Көпей де бізге жиі келіп түрады. Оған да рахмет айтамын. Жаңаарқа Сэкен ақын шыққан жер, көптеген ғалымдар мен қайраткерлерді өсірген өңір. Өзім ғалым Серік Қирабаевпен бірге оқыдым. Ал ресейліктер улы зымырандарын үшырып, біздің осындай киелі жерімізді неге бүлдіреді? Қарқаралы мен Жаңаарқа қасіретті аудандар болып түр. Рауан Шаекин бір жылдан астам уақыт осы мэселемен айналысып жүр екен, оған рақметімді айта түрып, ел жүбанып көңіл толатындай шешім шығару жолын-да жемісті еңбек етуіне тілектестігімді білдіремін, — деді ауданның қүрметті азаматы, зейнеткер Аманжол Әбсадықов.
Аудандық аурухананың бас дэрігері Шэмшитдин Жүмашев ауру адамдардың саны 1999 жылдың 9 айындағы мэліметімен салыстырғанда, өткен жылы 51 пайызға, биылғы жылдың осы мерзімі ішінде 245 пайызға дейін арта түскендігін айтып өтті. Әсіресе, қан аурулары, психикалық аурулар саны күрт өсіп кеткен. Сондай-ақ, тері аурулары 1999 жылмен салыстырғанда 420 пайызға дейін өскен! Сондықтан аудан түрғын-дарын емдеу үшін үзақ жылға арналған мониторинг қажеттігін алға тартты.
Аудандық СЭС-тің бас дэрігері Жанат Бекова қыс кезінде қардың түсі сары, көкшіл болып өзгерген уақытта тексерулер жүргізілгенін, бірақ кауіпті ештеңе анықталмағанын мэлім етті. Осы аудандағы жер комитетінің бастығы Тілеу-кабыл Ахметов Жаңаарқа ауданының жартысы эскерилерге берілген арнаулы зона екендігін, ол жерлердің қазір бос жатқандығын айта келіп, бүрын ол жерлерде мал азығы дайындалғанын жэне Жамбыл облысының малшылары да мал жайғанын еске алды. Ол жерлердің улы аймақка айналғанын дэл сол уақытта ешкім де білмеген ғой.
Сол сияқты Ыдырыс Жүмабеков, Хамзе Сэтжанов сынды ауыл ақсақалдары көкейкесті ой қозғады. 1963 жылы зымырандар қүлаған кезде халықты қауіпті аймақтардан көшіретін еді, ал қазір өтемақы төлеумен шектеледі. Ардагерлер ақша емес, ең бірінші халыққа таза ауа, таза өнім, таза су керек екендігін ескертті.
— Біздің жаман ниетіміз жоқ. 1999 жылы халық, толқуының басында мен түрдым. Көптеген шенеуніктер қарсы болды. Комиссия жүмыс істеген кезде көп шалалықтар болды. Кейбір мамандар жалған ақпарат беруге тырысады. Бізде лаборатория жоқ, ал лабораторияның қорытындысын айтады. Мүндай өтіріктерді қою керек қой. Одан да бірігіп жріыс істейік. Мен Байқоңырды жабу керек дегеннен аулақпын. Бірақ, халыққа зиян келтіретін зымыран тасығыштардың улы отынын пайдаланбауды талап етуіміз керек, — деп ауыл түрғыны Сейдіғалы Фазылов ойын ашық білдірді.
Ауыл түрғындарының ащы шындығын тыңдаған депутаттар да мінбеге көтерілді. Рауан Шаекин Байқоңыр ғарыш айлағының тигізіп отырған залалдары қандай, гептил деген не, оның қүрамы, ауаға таралуы жөнінде айта келіп, осы аудан аумағындағы топырақка түскен гептилдің қүрамы 260 есеге дейін артып кеткендігін жеткізді. Гептил топыраққа еніп, суға тарайды. Ол суды ішкен малдың етіне сіңеді, ал малдың етін жеген адамның организміне жиналып, эр түрлі аурулар туғызады. Халық қалаулылары парламенттік тың-дауға дейін ауыл түрғындарының үсыныстары зерделеніп, бір тоқтамға келіп, нақты шешім шығаруға күш салатындарына сөз берді.
¥лытау улытауға айналмасын!
Аталмыш комитеттің көшпелі отырысы ертеңіне ¥лытау ауданында жалғасын тапты. Мүнда да ашынған халық депутаттардың алдында ащы шындықты жайып салды. Оның бэріне тоқталып жатпай-ақ, үлытаулықтардың үсыныстарын ғана келтіре кеткенді жөн көрдік. Мэжілістің аталмыш комитеті "Экологаялық сауықтыру жэне элеуметтік қолдауды қажет ететін аудандар туралы" заң жобасын дайындап үсынса, немесе осындай Үкіметтің қаулысы шықса, ¥лытауға экологиялық зардап шеккен аудан мэртебесі берілсе, барлық түрғындарды толық медициналық тексеруден өткізіп, дэрідэрмекпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын республикалық бюджеттен арнайы 10 миллион теңгедей каржы бөлінсе деген халықтың нақты талаптары айтылды.
Мамандардың пікірінше, таудың тастары эр түрлі улы сэулелерді, ауадағы зиянды химиялық қалдықгарды сорғыштай өз бойына сіңіріп алады екен. Бүл бір жағынан жақсы болса, екінші жағынан үзак сақталып, жаңбыр мен қар суы арқылы үнемі шығып түруы да мүмкін. Аудан халқын бүдан да өкінішті қасіреттерден ¥лытау ғана қорғап түрған шығар-ау! Талай зобалаңдарды бастан кешірген ¥лытау үнсіз жатыр. Басына алғашқы қар қонған ¥лытауға үзақ қарадық. Ішімізден ¥лытау улытауға айналмасын деп түрдық...
Қарқаралы қасіреті
Байқоңырдан үшып шыққан зымырандар трассасының бойында жатқан ауданның бірі — Қарқаралы. Бүл аудан бір жағынан Байқоңырдың зардабын
тартып отырса, екінші жағынан 40 жыл бойы іргесінде орналасқан Семей сынақ аймағының қасіретін шеккен өңір.
Халықтың денсаулығы, қалыптасып отырған экологиялық жағдай туралы жан-жақты мэлімет берген аудан экімі Нихан Оманханов та бірқатар көңіл аударарлық мысалдар келтірді. 53 мыңдай түрғыны бар Қарқаралы ауданында халықтың денсаулығы онша мэз емес. 1000 түрғынға шаққанда 945 адамның эр түрлі дертке шалдыққандығы анықталған. Зымыран үшырылған кезде қатты дауыл түрып, оның соңынан аппақ бүлт секілді шаң көтеріліп, көптеген елді-мекендерге тараған. Ондай күндері емханаға келушілердің саны күрт өсіп кетеді. Халық соңғы жылдары ғана гептилдің аса улы екенін, алғашқыда химиялық кару ретінде жасалғандығын біле бастады. 1999 жылғы зымыран калдықтары қүлаган кезінде медициналық тексерулер ғана жүргізіліп, көп іс тек сөз жүзінде қалып қойған еді. Ал 2001 жылдың 18 наурызында екі баланың кенеттен қайтыс болуы жүртты дүр сілкіндірді. Бүл оқиға протон қалдықтары түскен Милыбүлақ қыстағында болғаны белгілі. Осы жердің халқына, оның үрпақтарына бүл ауданда өмір сүруге бола ма? Бүған ешкім жауап бере алмай отыр.
Қазір ауданда балалар мен аналардың ауруы өсіп барады. Мысалы, 1 жасқа дейінгі балалардың шетінеуі 1999 жылы 29,9, 2000 жыл 28,6, ал биылғы жылдың 9 айында 37,4-ке жетіп отыр. Бала туу саны азайған, 1999 жылы 1000 адамға шаққанда 13,9 нэрестеден келсе, өткен жылы 8 баламен ғана шектелген. Сэбилердің өлі туу оқиғалары да басым болып отыр. Айталық, 1999 жылы ондай 12 оқиға тіркелсе, осы жылғы 9 айда 7 нэресте өлі туған. Дүниеге нысаналы болып келушілерді қалай айтпассың? Екі жыл бүрын 126 оқиға есепке алынса, биылғы 9 айда ол көрсеткіш 119-ға жеткен.
Түрғындар арасында тыныс алу органдары, тері, қан қысымы, көз ауруы, асқазан, жүйке тамырлары секілді дерттерге шалдыққандардың қатары жыл санап күрт өсіп келе жатқаны байқалады. Жыл сайын 60-80 адам жүйке аурулары бойынша есепке тіркеледі. Сол сияқты қатерлі ісік ауруы кең етек алған. Мысалы, 9 айдың ішінде осы дерттен 22 адам көз жүмды. Ең өкініштісі, өмірден жас шағында кетіп жатқандар көп.
Осы мысалдардан зымыран тасығыштардың кеселді зардабы халық пен табиғатқа тікелей эсер етіп отырғанын анық байқауға болады.
Қарқаралықтар өздеріне ерекше жеңілдікті талап етіп отырған жоқ. Олар осы бір экологиялық жайкүйі толғандырып түрған ауданда өмір сүру үшін жағдай туғызуды сүрайды. Қарқаралыға экологиялық зардап шеккен аудан мэрте-бесін беру қажеттігін алға тартады. Аудан аумағының бірқатары жоғары радиациялық жағдайда деп белгіленген болса, жартысы ондай талапқа жатқызылмаған. Бүның өзі элеуметтік салада эркелкілікке алып келіп отыр. Семей сынақ аймағынан зардап шеккен Қарқаралы ауданының түрғындарына тиесілі 149 миллион теңге өтемақы қарызын республикалық бюджеттен өтеу туралы үсыныстарын жеткізді.
Атыңнан айналайын Қарқаралы,
Сенен бүлт, менен қайғы тарқамады, — деп XX ғасырдың басында Мэди
Бәпиүлының жырлап өткені белгілі. Ол кезде қоғамнан көрген ақынның тепе-ріші, ішке түскен қайғысы айтылса, бүгінгі таңда жеке адамның басына ғана қауіп төніп тұрған жоқ, қасиетті Қарқаралының басына қасірет бұлты орнап тү_р. Осы бұлтты сейілту аудан түрғындарының басты талабы екені даусыз. АСТАНА - ЖАҢААРҚА - ¥ЛЫТАУ - ҚАРАҒАНДЫ - ҚАРҚАРАЛЫ-ҚАРАҒАНДЫ -АСТАНА.
Достарыңызбен бөлісу: |