6-зертханалық жұмыс. Ерітінділер дайындау. Титрлеу процесі үшін қажетті жұмыс орны, титрлеу техникасы, пипеткамен жұмыс.
Жұмыстың мақсаты: Дәл өлшейтін ыдысты қолданып және фиксаналдан ерітінділерді дайындау алу. Таразымен жұмыс жасауды үйрену. Титрлеу техникасымен танысупроцесін, стандарттау арқылы концентрацияларды анықтауды үйрену.
Химиялық ыдыстармен танысу (дәл өлшейтін және жалпы қолданылатын). Титрлеу процесіне қажетті құрал жабдықпен танысу.
А) Бура ерітіндісін дайындау (1 – стандартты ерітінді)
Дайындалған ерітінді аналатикалық концентрациялы ерітінді, сол үшін міндетті түрде өлшем колбада дайындалады және есептеп алынған масса аналитикалық таразыда өлшеніледі. Дайындалған ерітінді алдағы уақытта қышқылдардың, тұздардың концентрациясын анықтауда, қышқылды негіздік титрлеуде қолданылады.
Ерітінді дайындау үшін: бура, өлшеуге қажетті құрғақ бюкс, аналитикалық таразы, өлшем колба, құрғақ әрі таза воронка, дистилденген суы бар промывалка, ерітіндіні ауыстыратын құрғақ ыдыс қажет.
Қажетті көлемге есептеп алынған тұзды аналитикалық таразыда өлшеп аламыз.
Көлемі белгілі өлшем колбасына воронка арқылы ауыстырамыз, мұқият жуып шайылады. Аз мөлшерде ыстық су қосып, толық ерітіп аламыз, суытамыз.
Содан соң ғана колбаның белгісіне дейін дист сумен толтырып, колба аузын жауып, аралаластырамыз (15-20 рет).
Мысалы, көлемі белгілі (оқытушы ұсынады) концентрациясы 0,1000М бура ерітіндісі үшін есептеу орындаңыздар.
Б) Тұз қышқылы ерітіндісін дайындау (2 – стандартты ерітінді)
Эквиваленттік заңдылықты қолданып концентрациясы жоғары ерітіндіден концентрациясы төмен ерітіндіні сұйылту арқылы дайындау.
Бұл ерітінді концентрациясы шамалас болғандықтан, ерітінді дайындау үшін цилиндр немесе мензурка қолданылады. Дайындалған ерітіндіні (2 – стандартты ерітінді) титрант ретінде қолдануға болады. Ол үшін дайындалған ерітіндінің нақты концентрациясы 1 – стандартты ерітінді ерітінді арқылы стандартталады.
Мысалы, 6н тұз қышқылынан 500,0мл 0,1н тұз қышқылын дайындауға қажетті есептеуді жүргізіңдер.
Титрлеу құрал жабдықтарын қолдана отырып, дистилденген сумен бюретка толтыруды, өлшем колбасын белгіге дейін төменгі мениск бойынша жеткізуді, титрлеу процесін, аликвот алуды үйрену.
Өзіндік бақылау сұрақтары
Куәгер дегеніміз не, қалай дайындалады, не үшін қолданылады?
Төмендегі шарттар белгілі болған жағдайдағы жұмысшы ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеу теңдігін жазып беріңіз а) ерітінді титрі; б) зерттелетін зат бойынша ерітінді титрі.
Егер жұмысшы ерітіндінің концентрациясы төмендегі шамалармен берілген жағдайдағы тура титрлеу нәтижелерін есептеу теңдігін келтіріңіз а) эквивалентті молярлы концентрация; б) титр; в) зерттелетін зат бойынша ерітінді титрі
Пипеткалау және бөлшектей алынған үлгі әдістерінің маңызын түсіндіріңіз. Осы жағдайда титрлеу нәтижелері қалай есептеледі?
Достарыңызбен бөлісу: |