66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы



Дата23.02.2016
өлшемі71.5 Kb.
#5871


66 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


Қаржы нарығындағы ахуал туралы
2015 жылғы 22 желтоқсан Алматы қ.
1. Инфляция

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Стастистика комитетінің ресми деректері бойынша 2015 жылғы қарашада инфляция 3,7%-ды (2014 жылғы қарашада – 0,6%) құрады. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 3,3%-ға (0,7%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 6,5%-ға (0,5%-ға) өсті. Ақылы қызметтер тарифтері 1,4%-ға (0,5%-ға) өсті.

Азық-түлік тауарларының ішінде 2015 жылғы қарашада көбіне көкөністер – 10,6%-ға, жұмыртқа – 9,4%-ға, балық және теңіз өнімдері – 6,3%-ға, майлар мен тоң май – 5,4%-ға, жармалар – 4,2%-ға, нан – 3,5%-ға қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар нарығында киім мен аяқ киім бағасы 9,1%-ға, автокөлік құралдары 10,1%-ға, дәрі-дәрмектер 8,1%-ға, үй тұрмысы заттары 6,1%-ға көтерілді. Бензин 0,1%-ға, дизель отыны 1,5%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтер тобында тұрғын үй-коммуналдық сала қызметтерінің ақысы 1,9%-ға көтерілді. Орталықтан жылыту тарифтері 5,2%-ға, ыстық су 3,5%-ға, салқын су 1,2%-ға көтерілді.

2015 жылғы қаңтар-қарашада инфляция 12,3%-ды (2014 жылғы қаңтар-қарашада 6,9%) құрады. Азық-түлік тауарлары 2015 жылдың басынан бері 9,6%-ға (6,9%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 21,3%-ға (7,8%-ға), ақылы қызметтер 6,7%-ға (6,1%-ға) қымбаттады (1-график).


1-график

2014 және 2015 жылдардағы қаңтар-қарашадағы инфляция және оның негізгі топтары

Жылдық инфляция 2015 жылғы қарашада 12,8%-ды (2014 жылғы желтоқсанда 7,4%-ды) құрады. Азық-түлік тауарлары соңғы он екі айда 10,8%-ға (8,0%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 21,3%-ға (7,8%-ға), ақылы қызметтер 6,9%-ға (6,4%-ға) қымбаттады.
2. Халықаралық резервтер (шұғыл деректер) және ақша агрегаттары

Шұғыл деректер бойынша 2015 жылғы қарашада Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 0,4%-ға 28,6 млрд. АҚШ долларына дейін (жылдың басынан бері 2,1%-ға төмендеу) ұлғайды. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 0,5%-ға 27,8 млрд. АҚШ долларына дейін (жылдың басынан бері 1,7%-ға төмендеу) ұлғайды. 2015 жылғы қарашада таза валюталық қорлар (ЕАВ) 3,5%-ға өсіп, алтындағы активтер 7,0%-ға төмендеді.

2015 жылғы қарашада Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, тұтастай алғанда еліміздің халықаралық резервтері (64,2 млрд. АҚШ доллары), шұғыл деректер бойынша, 0,6%-ға 92,8 млрд. АҚШ долларына дейін (жылдың басынан бері 9,4%-ға азаю) ұлғайды.

2015 жылғы қарашада ақша базасы 3,0%-ға кеңейіп, 4816,2 млрд. теңгені (жылдың басынан бері 41,1%-ға кеңею) құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін қоспағандағы ақша базасы 3,0%-ға 4704,6 млрд. теңгеге дейін кеңейді.

2015 жылғы қарашада ақша массасы 5,8%-ға 16684,4 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бері 30,2%-ға ұлғаю) ұлғайып, айналыстағы қолма-қол ақша 0,9%-ға 1190,2 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бері 6,1%-ға ұлғаю) қысқарды, банк жүйесіндегі депозиттер 6,3%-ға 15494,2 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бері 32,5%-ға ұлғаю) өсті. Ақша массасының құрамындағы депозиттер үлесі 2014 жылғы желтоқсандағы 91,2%-дан 2015 жылғы қаңтар-қарашада белгіленген айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда депозиттер көлемінің үдемелі өсу қарқынының салдарынан 2015 жылғы қарашада 92,9%-ға ұлғайды.
3. Ақша және валюта нарықтары

Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операциялары қаражаттың ақша нарығынан валюта нарығына негізсіз ағынына жол бермеуге бағытталған. Банктер ақша және валюта нарықтарында соңғы айлар бойы басым түрде төрелік және алыпсатарлық мәмілелерді жүргізуде. Осыған орай, Ұлттық Банк пайыздық мөлшерлемелердің дәлізін белгілі бір ауқымда ұстап тұру бойынша бұрын мәлімделген міндеттемелерден ауытқыды, себебі оның болуы пайыздық дәліз шектерінде өтімділіктің сөзсіз берілуін немесе алынуын болжайды. Ұлттық Банктің жалпы негіздерде жүйелік өтімділік беруі валюта нарығындағы алыпсатарлық операциялардың өсуіне және бағамдық күтулердің бұрмалануына ықпал ететін болады.

2015 жылғы қарашада автоматты РЕПО нарығындағы сауда-саттық көлемі 2015 жылғы қазанмен салыстырғанда 2,0 есе төмендеп, 2030,7 млрд. теңге болды. РЕПО сауда-саттығының жалпы көлеміндегі 1-күндік операциялар бойынша сауда-саттық үлесі 86,3%-ды құрады. 1-күндік РЕПО операциялары бойынша орташа алынған мөлшерлеме 2015 жылғы қазандағы 25,86%-дан қарашада 33,46%-ға дейін ұлғайды.

2015 жылғы қарашада 1-күндік своптар нарығындағы сауда-саттық көлемі 2015 жылғы қазанмен салыстырғанда 12,8%-ға төмендеп, 3716,7 млрд. теңге болды. Своп операциялардың жалпы көлеміндегі 1-күндік своптардың үлесі 89,7%-ды құрады. 1-күндік своп операциялар бойынша орташа алынған мөлшерлеме 2015 жылғы қазандағы 25,86%-дан қарашада 33,46%-ға дейін ұлғайды.

Ұлттық Банктің валюта нарығына қатысуы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсетпейтін бағамның ауқымды ауытқуларын реттеуге және іргелі факторлардың әсеріне бағытталған. 2015 жылғы қарашада Ұлттық Банктің ішкі валюта нарығындағы операцияларының қорытындысы шетел валютасын нетто-сатып алу болды.

2015 жылғы қарашада теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 279,18 – 312, 65 теңге аралығында өзгерді. Кезеңнің соңында биржалық бағам бір айда 10,1%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 307,40 теңге болды.

Қазақстан қор биржасында KZT/USD валюталық жұбы бойынша биржалық операциялар көлемі 2015 жылғы қазанмен салыстырғанда 49,1%-ға төмендеп, 3,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығында KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі 8,8%-ға 0,5 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді.

Тұтастай алғанда, ішкі валюта нарығында KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялар көлемі 2015 жылғы қазанмен салыстырғанда 46,0%-ға төмендеп, 3,7 млрд. АҚШ доллары болды.



4. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2015 жылғы қарашада Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша аукциондар жүргізілген жоқ.

2015 жылғы қарашаның соңында Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда өзгерген жоқ және 5538,4 млрд. теңге болды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттары

2015 жылғы қарашада Ұлттық Банк ноттары эмиссиясының көлемі 381,1 млрд. теңге болды. Бұл ретте 7-күндік ноттарды орналастыру бойынша 2 аукцион (90 млрд. теңге) және 1-айлық ноттарды орналастыру бойынша 4 аукцион (291,1 млрд. теңге) өтті.

Орналастырылған 7-күндік ноттар бойынша тиімді кірістілік 15,74%, 1-айлық ноттар бойынша – 18,45%, 15,97%, 12,65% болды.

2015 жылғы қарашаның соңында айналыстағы ноттар көлемі 291,1 млрд. теңге болды.
5. Депозит нарығы

2015 жылғы қарашаның соңындағы жағдай бойынша резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 6,3%-ға ұлғайып, 15 494,2 млрд. теңге болды (жыл басынан бастап 32,5%-ға өсу). Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 5,7%-ға 9 244,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бастап 26,7%-ға өсу), жеке тұлғалардікі 7,2%-ға 6 250,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бастап 42,1%-ға өсу).

2015 жылғы қарашада ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 1,5%-ға 5 044,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (заңды тұлғалардікі – 1,4%-ға өсу, жеке тұлғалардікі –2,0%-ға өсу), шетел валютасында екі сегмент үшін 8,8%-ға 10 449,9 млрд. теңгеге дейін өсті. Теңгемен депозиттердің үлес салмағы 32,6%-ды құрады.

Мерзімді депозиттер 2015 жылғы қарашаның соңында бір айдың ішінде 6,6%-ға ұлғая отырып, 10 992,8 млрд. теңгені құрады. Мерзімді депозиттер құрамында ұлттық валютадағы салымдар 3 221,8 млрд. теңгені (бір айда 6,3%-ға өсу), шетел валютасындағы салымдар 7 771,1 млрд. теңгені (бір айда 6,8%-ға өсу) құрады.

2015 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,3%-ды (2015 жылғы қазанда 13,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,5%-ды (8,6%) құрады.
6. Кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 3,4%-ға өсіп (жылдың басынан 2,2%-ға өсті) 2015 жылғы қарашаның соңында 12 368,6 млрд. теңге болды. Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 8 485,4 млрд. теңге (жылдың басынан 0,9%-ға төмендеді), шетел валютасымен – 3 883,2 млрд. теңге (жылдың басынан 9,7%-ға өсті) болды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 68,6% болды.

Ұзақмерзімді кредиттеу көлемі 2015 жылғы қарашаның соңында бір айда 3,0%-ға, қысқамерзімді – 2 281,2 млрд. теңгеге (бір айда 5,0%-ға өсті) ұлғайып, 10 087,3 млрд. теңге болды.

Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 2015 жылғы қарашаның соңында 8 180,0 млрд. теңгеге дейін 5,2%-ға ұлғайды, жеке тұлғаларға 4 188,6 млрд. теңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 33,9% болды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 3,0%-ға ұлғайып, 2015 жылғы қарашаның соңында 1 940,1 млрд. теңге болды, бұл экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінің 15,7%-ын құрайды.

Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің барынша айтарлықтай сомасы сауда (жалпы көлеміндегі үлесі – 20,6%), өнеркәсіп (13,4%), құрылыс (8,0%), ауыл шаруашылығы (4,9%) және көлік (4,5%) сияқты салаларға тиесілі.

2015 жылғы қарашада банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 15,7% (2015 жылғы қазанда – 14,8%), жеке тұлғалардікі – 17,2% (16,7%) болды.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 14 ақпандағы тапсырмасын (2014 және 2015 жылдары Ұлттық қордан 1 трлн. теңге бөлу), Президенттің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын (Ұлттық қордан 2015-2017 жылдары жыл сайын 3 млрд. АҚШ долларынан бөлу), «Ерекше кезеңнің» экономикалық саясатының шараларын ескере отырып Мемлекет басшысының 2015 жылғы 11 ақпанда берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын, сондай-ақ 2015 және 2016 жылдары экономиканың өсуін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралардың үкіметтік жоспарын іске асырудың арқасында 2015 жылғы 11 айда экономиканың мынадай басым салаларында кредиттеудің өсуі қамтамасыз етілді:

- өнеркәсіпте 20,9% немесе 286,2 млрд. теңге, оның ішінде тау-кен өндіру – 48,2% және өңдеу – 6,9% (01.12.2015ж. жағдай бойынша өнеркәсіптік салаларды кредиттеу көлемі 1 654,8 млрд. теңге болды);

- ауыл шаруашылығында 24,0% немесе 116,4 млрд. теңге (01.12.2015 жылғы жағдай бойынша кредиттеу көлемі 600,5 млрд. теңге болды);

- көлік қызметі және қоймаға алу саласында 27,9% немесе 121,3 млрд. теңге (01.12.2015 жылғы жағдай бойынша кредиттеу көлемі 555,6 млрд. теңге болды);

- ақпарат және байланыс қызметі саласында 18,7% немесе 18,1 млрд. теңге (01.12.2015 жылғы жағдай бойынша кредиттеу көлемі 115,0 млрд. теңге болды);

- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 8,5% немесе 152,3 млрд. теңге (01.12.2015 жылғы жағдай бойынша кредиттеу көлемі 1 940,1 млрд. теңге болды).

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

+7 (727) 270 45 85

+7 (727) 330 24 97

e-mail: press@nationalbank.kz

www.nationalbank.kz






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет