Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. «Ерекше білім беру қажеттілігі бар
білім алушылардың эмоциялық
жағдайы» ұғымы өмірлік қатынастар жүйесі ретінде және жеке тұлғалық терең
өзгерістердің детерминанты болып білім алушылардың психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктерінен көрінеді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар
білім алушылардың эмоциялық жағдайының айқындалған психологиялық-
педагогикалық мазмұны, нашар еститін білім алушыларының қоғамның басқа
мүшелерімен бірге тең дәрежеде әлеуметтік өміріге толыққанды араласу
мүмкіндіктерін, орта кедергілерін жеңе отырып, сапалы жаңа қарым-қатынас
орнатуына үлес қосады. Психофизиологиялық
ауытқуы бар білім
алушылардың оқыту үрдісінде қалыпты қатарластарымен бірге өмір сүруі,
олардың әл-ауқатын арттырып эмоцияларын басқару дағдыларын дамытады.
2. ЖОО мен колледждің нашар еститін білім алушыларының эмоциялық
жағдайына жүргізілген эмпирикалық зерттеулер мен зерттеудің құрылымдық-
мазмұндық моделі диагностикалық және түзету блоктарының өзара
байланысын қамтиды. Олардың әрқайсысы құрамдас компоненттері бар
тәуелсіз психологиялық бірлік ретінде қарастырылады: танымдық,
мінез-
құлықтық, психофизиологиялық.
3. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың эмоциялық
жағдайын зерттеу (ЖОО мен колледждердің нашар еститін білім алушылары
мысалында) ЖОО-ның тұтас педагогикалық үдерісінде зерттеуіміздің негізгі
бағыттарын біріктіреді, оған мыналар кіреді: «Жоғары оқу орындарындағы
ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттердің эмоциялық жағдайын зерттеу
әдіснамасы»
элективті курсы; «Жоғары оқу орындарындағы ерекше білім
беруді қажет ететін студенттердің эмоциялық жағдайын зерттеу әдіснамасы»
оқу-әдістемелік құралы және «ЖОО мен колледждің нашар еститін білім
алушыларының эмоциялық жағдайының оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету
бағдарламасы».
4. Психофизиологиялық ауытқулардың болуына қарамастан, ЕББҚ бар
жастардың өзара әрекеттесу сипатымен және
олардың ЖОО мен колледж
жағдайында әлеуметтік бейімделу деңгейімен байланысты эмоциялардың
даму үдерісі байқалады. Эмоциялық жағдайының оңтайлы
деңгейін
қамтамасыз ету бағдарламасы өз кезегінде: психоэмоциялық әсерленушілікті
жоюға, эмоциялық жағдайды тұрақтандыруға, эмоцияны түсіну деңгейін
арттыруға, ЖОО мен колледждің нашар еститін білім алушыларының
эмоцияларын сандық және сапалық тұрғыдан зерттеуді анықтауға ықпал
ететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: