«Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың эмоциялық
жағдайын зерттеуді іске асырудың негізгі бағыттары (ЖОО мен
колледждердің нашар еститін білім алушылары мысалында)» атты
үшінші бөлімінде жоғары оқу орындары мен колледждің нашар еститін білім
алушыларының эмоциялық жағдайын зерттеудің
құрылымдық-мазмұндық
моделі ұсынылған. Модель университетте және
колледжде оқу процесінде
есту қабілеті нашар студенттердің эмоциялық
жағдайын зерттеу әдістерін
негіздейді. ЖОО-да және колледжде нашар
еститін білім алушылардың
эмоциялық жағдайын дамытудың негізгі бағыттары бөлімі элективті курсты,
оқытушыларға арналған оқу-әдістемелік
құралды және эмоциялық
жағдайының оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету бойынша бағдарламаны енгізу
арқылы
білім
алушылардың
эмоцияларының
дамуын
негіздейді.
Бағдарламаның мақсаты болып білім алушылардың
эмоциялық жағдайын
және олардың әлеуметтік өзара әрекеттесу жағдайында эмоцияларын түсінуге,
өз
эмоцияларын басқар білуге, өзара әрекеттесуді
көздейтін студенттік
ұжымға кіріктіруді қалыптастыруға бағытталған.
Қорытындыда жұмыстың практикалық және теориялық маңыздылығын
растайтын диссертациялық зерттеудің нәтижелері
туралы тұжырымдар
келтірілген.