6М010300 – Педагогика және психология
мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханына арналған
СҰРАҚТАРЫ
-
Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым.
-
Тәрбие қоғамдық ғылым, қоғамдық қызмет ретінде. Тәрбиенің тарихи және негізгі сипаты, оның қазіргі қоғам дамуындағы көрнісі.
-
Педагогика пәні, оның негізгі категорилары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс) және олардың өзара байланысы (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру). Қоғамның қазіргі жағдайындағы педагогика ғылымдарының міндеттері.
-
Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
-
Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамалық жағдайы.
-
Тұтас педагогикалық процесс теориясы.
-
Тұлға туралы ұғым. «Адам», «Индивид», «дара», «тұлға». Тұлға құрлымының көп қырлылығы, күрделілігі, оның барлық компоненттерінің өзара байланысы. «Тұлғаны дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру» ұғымдарына сипаттама.
-
Тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің, қалыптастырудың факторлары.
-
Қазіргі педагогика ғылымдары тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері және негізгі заңдылықтары.
-
Тәрбиенің басты мақсаты жеке тұлға. Жеке тұлға – тәрбие процесінің және өзіндік дамудың субъектісі.
-
Оқушының жеке тұлғалық дамуының жас ерекшелік кезеңдері, оларға сипаттама. Жеке тұлғаның табиғи мүмкіндігі.
-
Оқушы тұлғасының дара ерекшеліктеріне сипаттама. Оқушының дара ерекшеліктері және қабілеттілігі. Қазіргі мектептегі даралап оқыту.
-
Педагогика ғылымының даму және мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының ролі. Ғылыми зерттеу жұмысының жалпы әдіснамалық негіздері: диалектика заңдары, оларға жалпы сипттама.
-
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері: педагогиканың заңдылықтары және маңызды категориялары, педагогикалық процесс, педагогикалық пән мен мұғалім іс-әрекетінің педагогикалық зерттеуге жүйелі құрылымдық, тұлғалық іс-әрекеттік тәсіл, тәрбие мен дамудың бірлігі, компетенттік әдісінің мәні.
-
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің мәні (теориялық-эмпирикалық, эксперименттік, математикалық).
-
Нақты педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесі. Педагогикалық процесті диагностикалау мен оқушыларды танып білудегі зерттеу әдістерінің ролі.
-
Педагогика пәні және мұғалімнің іс-әрекет объектісі мектеп тәжірибесінде, оқу құралдарында, бағдарламаларда осы ұғымдардың дамуы, осы мәселелердің көрініс табуы.
-
Педагогикалық процестің мәні, оның құрлымдық компетенттері.
-
Оқушы – педагогикалық процестің субъектісі.
-
Педагогикалық жағдайат педагогикалық процестің элементарлық «жасушасы». Уақыт пен кеңістіктегі тұтас педагогикалық процестің үш қызметінің – білімділік,
-
дамытушылық және тәрбиелілік өзара байланысы және бірлігі.
-
Жеке тұлғаның тұтастығы – педагогикалық процестің үш бірліктегі қызметін іске асыруды түсіндірідің негізі.
-
Педагогикалық процестің қозғаушы күштері.
-
Педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері.
-
Оқу-тәрбие процесінің құралдары. Іс-әрекет, педагогикалық процесті іске асырудың құралдары және соның ішіндегі қызметін іске асырушы. Іс-әрекеттің негізгі түрлері (еңбек, қарым-қатынас, таным, ойын) олардың мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі ерекшеліктері. Оқушының шығармашылық іс-әрекеті.
-
Педагогикалық процесті басқару. Педагогикалық процесті болжау және қазіргі жағдайын диагностикалау мәселелері.
-
Педагогикалық процесс – күрделі дамушы жүйе. Оның жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі. Оқу-тәрбие процесін болжау, мұғалімнің әдіснамалық бағытына тәуелді..
-
Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогтардың кәсіби шеберлігі мен мамандығын жоғарлатудың негізі.
-
Ғылым жетістіктерін және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді ендірудегі негізгі жұмыс түрлері.
-
Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жұмысы – әдістемелік жетілдірудің негізі.
-
Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері және әдістері. Мұғалімдерді аттестациялау – мамандық шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.
-
Мұғалім қызметінің шеберлігін диагностикалау. Педагогикалық қызметті өзіндік диагностикалау.
-
Мұғалімдерді аттестациялау, аттестацияланатын мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін сараптау үшін мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайын диагностикалаудың өлшемдерін және көрсеткіштерін қолдау, мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетін диагностикалау әдістемесі.
-
Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының алатын орны.
-
Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама
-
Оқу-тәрбие процесінің принциптері, оның заңдылықтарының нақты пайда болуына әсер етеді. Принциптердің мәні және оған сипаттама.
-
Мақсаттылық және әлеуметтілік келісілімділік – педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары.
-
Педагогикалық процестің негізгі компоненті мен тірегі – тәрбиенің мақсаты.
-
Тәрбиенің мақсаты. Педагогикалық ой-пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты мен мәселелері.
-
Қоғамдық мәдениет - жас ұрпақ тәрбиесінің мақсатын айқындаудың әдіснамалық негізі (материалдық, рухани, әлеуметтік-нормативтік мәдениет).
-
Әлеументтендіру және жеке тұлғаны дербестендіру мәселесі.
-
Тәрбиенің жан-жақты үйлесімді мазмұны, міндеті, мақсатының өзара диалектикалық байланысы.
-
Дүниетанымның негізі компонентері мен мәні. Дүниетанымның түрлері. Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Философия, оның
-
әртүрлі бағыттарының қалыптасушы тұлғаның дүниетанымдылық көзқарасын бағалаудың ролі. Дүниетанымды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары.
-
Оқушылардың дүниетаным қалыптастырудың жолдары мен құралдары:
-
Тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны және олардың өзара байланысы.
-
Тұлғаның жан-жақты мазмұнды сипатта дамуы адамзаттық мәдениетті меңгеруімен байланысты.
-
Тәрбиенің түрлері
-
Жеке тұлғаның ақыл-ой мәдениеті, оның мәні.
-
Жеке тұлғаның адамгершілік - тұтастығын қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесінің мәні.
-
Мамандықты саналы тандау арқылы еңбекке дайындығын қалыптастыру, қоғамның өтпелі кезеңде нарықтық қатынасқа көшуіндегі әлеуметтік-экономикалық тенденциялар және оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің міндеттері. Балалардың потенциалдық мүмкіндіктері кейінгі өмірлік жолдарын талдауға септігін тигізеді.
-
Қазіргі қоғамның жаңа идеологиялық жағдайына байланысты жеке тұлғаның саяси және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Құқықтық мәдениеттің мазмұны, міндеттері мен мәні;
-
Оқушыларды эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбиенің мазмұны, міндеттері және мәні. Эстетикалық санасын, идеалын, сезімін, көркемдік шығармашылық қабілетін қалыптастыру;
-
Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Экологиялық тәрбиенің мазмұны, міндеттері, мәні;
-
Жеке тұлғаның дене тәрбиесі. Салауатты өмір сүру салты. Оқушылардың дене тәрбиесінің мазмұны және міндеттері. Адам мәдениетін меңгерудегі оқушылардың негізгі іс-әрекетінің түрлері.
-
Құралдар, формалар, әдістер педагогикалық процестің қозғаушы тетіктері ретінде. Құралдар, формалар, әдістер және тәсілдер туралы жалпы ұғым, олардың тұтас педагогикалық процестегі өзара байланысы. Оларды оқуда және оқудан тыс уақытта қолданудың ерекшеліктері.
-
Оқыту мен тәрбие әдістерінің өзара байланысы педагогикалық процестің барлық қызметінің бірлігінің көрінісі ретінде.
-
Оқытудан тыс уақыттағы жеке тұлғаның қалыптасу әдістерінің өзіндік ерекшеліктері.
-
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері:
-
Жеке тұлғаның оң мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру әдістері,
-
Жеке тұлғаның іс-әрекет пен мінез-құлықты ынталандыру әдістері
-
Педагогикалық шығармашылықтың белгісі ретінде тәрбиенің әдістерін сұрыптау. Бақылау және өзіндік бақылау әдістері.
-
Тәрбиелік іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру жағдайы ретінде құрал, форма, әдістердің өзара байланысы.
-
Балалар ұжымы әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Ұжымның мәні, ұжым тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде.
-
Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары және атқаратын қызметтері. Әрбір кезеңдегі педагогикалық басқарудың өзіндік ерекшеліктері. Балалар ұжымын қалыптастырудың негізгі құралдары.
-
Әртүрлі балалар ұжымдарының типтері (сыныптық, мектептік, әртүрлі жастағы, уақытша қызығушылығына байланысты), олардың ерекшеліктері, бір-біріне әсері және сабақтастығы. «Педагогтар - оқушылар» жүйесіндегі балалар ұжымы.
-
Педагогикалық процестің қызметіндегі тәрбиелік тетіктер: педагогтар және оқушылардың әртүрлі ұжымдық іс-әрекеттегі байланысы.
-
Сыныптан тыс жұмыстарда әртүрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасау.
-
Тәрбие жүйесі туралы ұғым. Сыныптаға тәрбие жүйесі. Тәрбие жүйесінің моделін жасау. Тәрбие жүйесін құрудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті.
-
Тәрбиелік технологиялар.
-
Тәрбиелік іс-шараларды дайындаудың әдістемесі.
-
Педагогикалық процеске қатынасушылардың өзара әрекетін үйлестірудегі сынып жетекшісінің ролі.
-
Сынып жетекшісінің қызметі. Сынып оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыру түрлеріне (форма) сипаттама. Сынып жетекшісінің іс-әрекетін болжау және диагностикалау.
-
Сынып жетекшісінің оқушылардың отбасымен ынтымақтастығының түрлері.
-
Тәрбие процесінде этнопедагогика материалдарын пайдалану.
-
Отбасындағы балалар тәрбиесі. Отбасы тәрбиесі туралы Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары.
-
Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориялық негіздері. Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі компоненттері.
-
Отбасындағы ересектер мен балаларды, тіршілік әрекетін ұйымдастырудың әдістері, мақсаты, міндеті, мазмұны, құралы, формалары отбасындағы педагогикалық процестің негізгі сипаттамалары оны үйретудің әдістері.
-
Оқыту – тұтас педагогикалық процестің негізгі бөлігі. Білім беру мен оқытудың тәрбиелік мүмкіндіктері. Қазіргі дидактиканың проблемалары. Оқыту процесінің мәні. Әдіснамалық негізі. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері.
-
Оқытудың психологиялық негіздері. Оқытудың психологиялық теориялары: ассоциативтік-рефлекторлық, ақыл-ой әрекеттерін сатылап қалыптастырудың териясы т.б.
-
Оқыту процесін жүзеге асырудағы педагогикалық процестің негізгі қызметі білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі кезеңдері, оқытудың заңдылықтары және принциптері.
-
Білім берудің мазмұны анықтаудың ғылыми-педагогикалық негізі:
-
Білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама: табиғат, қоғам, техника, адам, іс-әрекет қабілеті туралы білім негіздері; алынған білімге сезімдік-құндылық қатынасын тәрбиелеу.
-
Жалпы, политехникалық, кәсіби білім берудің өзара байланысы. Білім мазмұнындағы пәнаралық байланыстың мәселелері
-
Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнын анықтау мәселелері. Білім беру мазмұнын сұрыптаудағы шығармашылық қатынас. Ұлттық мектептердегі білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
-
Білім беру мазмұны анықтайтын құжаттарға сипаттама: оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары.
-
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті және тұтас педагогикалық процесте оны ұйымдастырудың түрлері.
-
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы ұғым, мұғалім мен оқышының өзара іс-әрекетінің әдісі ретінде.
-
Оқытуды ұйымдастыру түрлері және әдістері арасындағы үйлесімділік.
-
Қазіргі мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың түрлері:
-
Оқытудың дәстүрлі емес түрлерін қолдану педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі ретінде.
-
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы сабақ және сабақтан тыс, фронтальды, топтық, дербестік, түрлерінің үйлесілімділігі.
-
Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ – логикалық аяқталған педагогикалық прцестің уақыт бойынша шектелген бөлігі.
-
Дидактиканың міндеттері.
-
Сабақтың типологиясы (жіктелуі) және құрылымы. Сабақтың құрлымының психологиялық және дидактикалық арақатынасы.
-
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық негізгі сабақ құрылымының икемді және құбылмалы болуы оның мақсатына, міндетіне, мазмұнына байланысты.
-
Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың топтық, дербестік, фронтальды түрлері. Оқушылардың бірін-бірі оқытуына, ұжымдық – танымдық іс-әрекетіне мұғалімнің басшылық ерекшеліктеріне.
-
Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Тақырыптық және сабақ бойынша жоспарлау.
-
Сабақты талдау (өзіндік талдау) – педагогикалық процестің компоненті.Сабақты талдаудың типтері (толық, дидактикалық, психологиялық және тәрбиелік). Сабақты талдаудың салыстырмалы сипаттамасы (Ю.Конаржевский, М.Махмутов,
-
В.Симонов, Ю.Бабанский және т.б.). Педагогикалық процестің құрылымдық компоненті негізінде, сабақты талдаудың сызбасын құруды негіздеудің қажеттілігі – мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі.
-
Оқыту процесінде этнопедагогикалық материалдарын пайдалану.
-
Шетел мектептеріндегі оқытуды ұйымдастыруға сипаттама.
-
Тұтас педагогикалық процестегі оқыту әдістерінің орны. Оқыту әдісі туралы жалпы ұғымы. Әдіс және әдістемелік тәсілдер. Оқытудың әдістері және құралдары. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі және белгілері.
-
Оқыту әдістерінің психологиялық құрылымы. Оқыту әдістерінің ерекшеліктері: тұлғаны қалыптастыру міндетімен байланысты жекелеген әдістер қолдану логикасына, сабақта оқыту әдістерінің кешендерін дамытуды негіздеу үшін пікіріне байланысты әдістерінің тәрбиелік, білімдік, дамытушылық мәні, екі жақтылық сипаты.
-
Оқыту әдістерінің көптүрлілігі. Қазіргі дидактикадағы жіктеудің әртүрлі тәсілдері. Оқытудың әртүрлі әдістеріне сипаттама:
-
Оқытудағы бақылау және өзіндік бақылау әдістері. Оқушылардың педагогикалық шығармашылығы.
-
Оқыту әдістері. Оқыту әдістерін таңдау мәселелері. Шетел мектептеріндегі оқыту әдістері, оларды қолданудың мүмкіндіктері.
-
Ұжымдық-танымдық іс-әрекет педагогикалық процестің бөлігі.
-
Оқыту процесінің қарама-қайшылығы. Олардың шешімдері. Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеті – мұғалімдердің фронтальдық (жаппай) жұмысы және оқушылардың материалдарды меңгерудегі дербестік ерекшелігі арасындағы қарама-қайшылықты шешудің құралы.
-
Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетінің білімділік дамытушылық, тәрбиелік мүмкіндіктері.
-
Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетінің мәні. Ұйымдастырудың түрлері және формалары.
-
Сабақтағы топтық жұмыс. Оқу кездесулері. Оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының қоғамдық байқаулары. Топтық сабақтың әдістемесі және құрылымы.
-
Қазіргі дидактиканың жетістіктері, оларды мектептің оқу-тәрбие процесін жетілдіруде жүзеге асыру.
-
Оқыту процесінің әртүрлі тәсілдеріне сипаттама: проблемалық оқыту; оқушыларың танымдық іс-әрекетіндегі зерттеушілік тәсілдер;
-
Оқушылардың танымдық қызығушылығымен ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру алгоритмдеп және бағдарламалап оқыту; оқытуды компьютерлендіру; ірі блокты оқыту профильді оқыту; саралап оқыту;
-
Ұжымдық-танымдық іс-әрекет; оқушыны қалыптастыру – танымдық іс-әрекет және өзіндік даму субъектісі. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті барысындағы шығармашылық іс-әрекеті.
-
Жаңашыл педагогтардың тәжирибесіндегі оқыту технологиялары мен идеялары. Оқыту процесін жетілдірудегі дәстүрлі және қазіргі әдістердің үйлесімділігі.
-
Оқу тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау және есепке алу қызметі:
-
Үлгерім оқу еңбегі мен оның көрсеткіштерінің сипаттамасы сияқты.
-
Оқу жұмысының нәтижелілігін есептеу мен бақылаудың теориялық негіздері. Бақылау мен оқыту нәтижесін есепке алудың түрлері.
-
Оқу жұмысының нәтижесін бағалау және бақылау әдістерінің жүйесі:
-
Саралап оқытудың жағдайындағы оқушылардың білімін, білігін және дағдысын бақылау және бағалау.
-
Оқушылардың білімін бағалау. Оны ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
-
Сабақтан тыс іс-әрекеттің нәтижесін бақылау мен есепке алудың ерекшеліктері: Оқудан тыс іс-әрекеттердің нәтижесін бақылау және бағалау әдістерінің жүйесі.
-
Педагогикалық технологиялар туралы ұғым. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары.
-
Тұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы. Басқа білім беру технологиялары.
-
Педагогикалық қатынас демократияландыру және гуманизациялау негізіндегі педагогикалық технологиялар (Ш.А.Амоношвилидің ізгілік және тұлғалық технологиясы, әдебиетті оқыту жүйесі адамды қалыптастырудың пәні ретінде Е.И.Ильина және т.б.);
-
Оқушылардың іс-әрекетін қарқындандыру мен белсендірудің негізіндегі педагогикалық технологиялар (ойын технологиясы, проблемалық, оқыту, В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары конспектісі негізінде оқыту технологиясы, Е.И.Пассовтың қарым-қатынастық (коммуникативтік) оқыту және т.б.);
-
Оқыту процесін ұйымдастыру мен басқару тиімділігі негізіндегі педагогикалық технологиялар
-
Бала дамуының табиғи жаратылыс үрдісіне арқа сүйейтін табиғатқа сәйкес пайдаланылатын халықтық педагогиканың әдістері:
-
Пән мұғалімнің авторлық әдістемесін және технологияны болжауы мен енгізуіндегі шығармашылық іс-әрекеті.
-
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы білім беру мәселелері.
-
Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы Заңы.
-
Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы.
-
Мектеп түрлері, олардың сипаттамасы, ондағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
-
Халыққа білім беру жүйесіндегі оқу орны ретінде, әртүрлі үлгідегі мектептерді басқару және жетекшілік ету. Басқару қағидалары. Әкімшілікті басқару объектісі – мектептегі педагогикалық процесс ретінде.
-
Басқарудың пәні – мұғалімдер мен оқушылар ұжымдарының іс-әрекеті ретінде. «
-
Мектеп басшыларына қойылатын талап. Оқу – тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының, орынбасарының атқаратын қызметтері.
-
Мектептегі бүгінгі менеджмент. Басқару объектісінің заңдылықтары және оның мәнін түсіну негізінде мектеп басшыларының өзара іс-әрекеті.
-
Мектептегі педагогикалық процесті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтері (педагогикалық кеңес, әдістемелік кеңес). Мектептегі педкеңес-ғылымилық тұрғыдан педагогикалық процесті дамыту бағытындағы алқалық басқару ұйымы.
-
Мұғалім еңбегі- мектептегі педагогтардың ұжымдық іс-әрекетінің негізгі бөлігі ретінде.
-
Педкеңес жұмысын жоспарлау – мәжіліс тақырыбы.
-
Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтерудегі кафедраның және пән бірлестігінің ролі.
-
Оқушылардың ғылыми жұмысына басшылық, ғылыми зерттеу тақырыптарын өңдеу мұғалімдердің белгілі бір мақсатта бағытталған білімін көтеру жүйесі.
-
Әдістемелік кеңес және мұғалімдердің өздігінен білім алуы.
-
Оқу-тәрбие процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жағдайы мен оның жұмыс істеу туралы ақпарат-диагностикалық негізі. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпарат түрлері.
-
Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы және оның көрсеткіштері. Педагогикалық процестің жағдайы туралы ақпаратты талдау, жүйелеу, жинақтау әдістері. Мектептегі іс-әрекеттерді болжау, нәтижелерін көрсету.
-
Педагогикалық процесті басқару мен оның жағдайын зерттеу үшін ақпараттарды таңдау өлшемдері. Мектепішілік бақылаудың түрлері және әдістері.
-
Мектептегі педагогикалық ұжымның іс-әрекетін бағалау өлшемдері педагогтарды аттестациялаудың негізі. Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің өлшемдері және көрсеткіштері.
-
Педагогикалық процесті сипаттау – мектептегі педагогикалық ұжымның іс-әрекет өлшемдерін айқындаудың негізі.
-
Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогтардың кәсіби шеберлігі мен мамандығын жоғарлатудың негізі.
-
Мұғалімдердің әдістемелік дайындығымен тұтас оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың өзара байланысы. Мұғалімдердің теориялық дайындығын жетілдіру - оның әдістемелік жұмысының сапасын арттырудың кепілі.
-
Ғылым жетістіктерін және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді ендірудегі негізгі жұмыс түрлері. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеру жұмысы – әдістемелік жетілдірудің негізі.
-
Мектептегі әдістемелік жұмыстардың түрлері және әдістері. Мұғалімдерді аттестациялау – мамандық шеберлігінің шынайы деңгейін айқындайтын құрал.
-
Мұғалімдерді аттестациялау, аттестацияланатын мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін сараптау үшін мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайын диагностикалаудың өлшемдерін және көрсеткіштерін қолдау, мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетін диагностикалау әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |