Сабақ жоспары
-
Пән аты: Қазақ тілі.
-
Сыныбы: 5
-
Күні, айы, жылы:
-
Тоқсан: І
-
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Ана тілінің қызметі
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ана тілді құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: Кіріспе сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі энциклопедиясы».
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, әлеуметтану, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Кіріспе сабағын өткізу.
Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек.
Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір – бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі – адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі – адам өзінің бір нәрсе туралы көз – қарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 – орынға ие болып тұр.
ІІІ. Кіріспе сабағын бекіту.
Пікірталас ұйымдастыру.
І топ «Қазақ тілінің кешегісі»
ІІ топ «Қазақ тілінің бүгіні»
ІІІ топ « Қазақ тілінің болашағы»
ІV . Үй тапсырмасын беру.
«Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.
V. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІ. Сабақтың аяқталуы:
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: І
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы:Әдеби тілтуралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тіл туралы түсінік беру, ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығын ұғындыру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тіл туралы түсініктерін кеңейте отырып,, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
-
Ана тілінің қызметі туралы түсінік.
2. «Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.
ІІІ білім тексеру:
-
«Ана тілі» туралы А. Байтұрсынов не айтқан?
-
«Ана тілі» туралы Ә. Кекілбаев не деген?
-
Қазақ тілінің байлығы не?
-
«Ана тілі» туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдеп» сөзінің негізінде жасалған.
Ол «сөз әдебі» дегенді білдіреді.
Әдеби тіл сөйлеу тілінен жоғары тұрған көрке тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.
Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл, жазбаша тіл. Мысалы: мұғалімнің сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио, теледидардан сөйлеген сөздерауызша тіл болады да, кітапта, газет - журналда жазылғандар жазбаша тіл болып есептеледі.
VІ .Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру:
-
Әдеби тіл дегеніміз не?
-
Ауызша тіл дегеніміз не?
-
Жазбаша тіл дегеніміз не?
VІІІ Сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс
5-жаттығу
І деңгей
-
Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу
-
Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер.
7 – жаттығу
ІІ деңгей
-
Мәтіндегі ойды түсініп оқыңдар.
-
Адам өміріндегі тілдің орнын әңгімелеңдер
-
Тіл, сөз туралы 2- 3 мақал ойлап жазыңдар.
8 –жаттығу.
ІІІ деңгей
-
Төмендегі пікірлерді жаттап алыңдар.
-
Айтылған пікірлердегі негізгі ойды анықтаңдар.
VІІ. Сабақты қорыту
-
Бағалау
-
Үй тапсырмасын беру
-
Әдеби тіл туралы түсінік.
9,10 –жаттығу.
Сабақ жоспары
1.Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 5
3.Күні, айы, жылы:
4.Тоқсан: І
5.Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы:Әдеби тілдің ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тілдің ерекшеліктері туралы түсінік беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу.
3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тілдің ерекшеліктері туралы түсінктерін кеңейте отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
VІІ Сабақты бекіту:
-
Тапсырма.
Оқулықпен жұмыс
11-жаттығу
І топ
-
Өзің жазған шығарманы ата – анаңа оқып бердің делік. Осы жерде сен сөйлеудің қай түрін қолдандың? Неге?
12 – жаттығу
ІІ топ
-
Телехабардағы диктор сөзін тыңдағанда, «Ұлан газетіне жарияланған мақалаларды оқығанда, біз тілдің қай формасын қабылдаймыз? Ойыңды дәлелде.
-
Тапсырма
І деңгей
-
Жазудың көркемдігі мен түсініктілігі не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
-
Жалпы, жазба тілдің қажеттілігі неде?
ІІ деңгей
-
Төмендегі оқып жаттап алыңдар.
-
Олар сөйлеудің қай түріне қатысты екенін дәлелдеп айтыңдар
-
Көп сөйлеме.
-
Сөйлеп тұрғанда есінеме.
-
Аузыңа тамақ салып алып сөйлеме.
-
Сөйлегенде тыңдап отырған серігіңе тым жақындама.
ІІІ деңгей
-
Төмендегі әдеби тілге жалпайтын сөздердің астын сыз.
Қайың, бейқұт, асық, жасық, бейіс ас, жала, бышырлату, кәмбіл, кәрлен кесе, қазы, әдемі, қара ашытпа, қарақит, көл, шалқар, саңаржақ, саң, мұра, шақалақ, шақат ,ада қылу, дәптер.
VІІ. Сабақты қорыту
-
Бағалау
-
Үй тапсырмасын беру
-
Әдеби тілге жатпайтын сөздерді қолданып, қазақтың шешен билері туралы шағын мәтін құра.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Қазақ тілі.
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: І
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, әдеби тіл туралы алған білімдерін бекіту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: Оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материал
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V Жаңа сабақ:
Мәтін – «байланысу, бірігу» деген мағынаны білдіретін сөз. Ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті біртұтас ойды аяқтайды.
V І. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру:
-
Тапсырма
І топ
16 – жаттығу
-
Осы сөйлемдердің жиынтығын мәтін деуге бола ма?
-
Қанша сөйлемнен құралған?
-
Сөйлемдер бір – бірімен мағыналық жағынан байланыса ма?
-
Мұнда неге сипаттама берілген?
-
Бұл сөйлемдер жиынтығы жазып қалдырған зерттеу ме, әлде ауызша айтылған әңгіме ме?
ІІ топ
17 – жаттығу
-
Мәтінге тақырып қойыңдар
-
Тірек сөздерді табыңдар.
-
Іле өзенін картадан көрсетіңдер.
-
Бұл мәтін аңыз әңгімеге жата ма?
-
Тапсырма
І деңгей
-
Түркі тілдес тілдерді ата
-
Қазақ әдеби тілі және оның негізін салушылар турулы айт.
ІІ деңгей
-
Төмендегі мәтінге грамматикалық талдау жаса
-
Ап ашық күндерде де сахарада да аяқ астынан қара құйын шыға келді.
-
Шаңды, шөп – желеңді бұрқырата үйіріп, бойына жинап алып,найзадай шаншылып,құйын жүйіткіп ауылға жөнеді.
ІІІ деңгей
-
Әдеби тілге жатпайтын сөздерді айт және көркем шығармада әдеби тілге жатпайтын сөздерді жазушы неге қолданатынын түсіндір.
-
Қазақ тілінің грамматикасын жазған кім?
VІІІ . Сабақты қорыту:
1.Бағалау.
2.Үй тапсырмасын беру:
-
Мәтін туралы түсінік.
2.18 -жаттығу
Сабақ жоспары
-
Пән аты: Қазақ тілі.
-
Сыныбы: 5
-
Күні, айы, жылы:
-
Тоқсан: І
-
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің тақырыбы, құрылымы.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушыларға Мәтіннің тақырыбы, құрылымы туралы түсінік беру, берілген мәтін мазмұнымен таныстыру.
-
Тәрбиелік: адамгершілік, ізгілік қасиеттерге баулу, ел тарихын қадірлеуге тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікір айтуға дағдыландыру.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
-
Мәтін туралы түсінік.
2.18 -жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
19 - жаттығу
Тапсырманы топ – топқа бөлініп орындау.
-
Шоқан мен әжесі әдеби тілдің қай формасында әңгімелесті
-
Мәтіндегі Шоқан мен әжесі әдеби тілдің көркемдігін танытатын қандай тапқыр сөздерді пайдаланғанын айтып беріңдер.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа сабақты түсіндіру:
Мәтіннің тақырыбы болады. Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрады.
Мәтін әр түрлі мазмұнға құрылады. Онда оқиғалар хабарланады, баяндалады,әңгімеленеді, құбылыстар сипатталады, суреттеледі.
Мәтінге газет – журна материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер және әр түрлі тақырыптағы сөйлесулер жатады.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
-
Мәтіннің тақырыбы деген не?
-
Мәтіннің құрылымы деген не?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс:
20 – жаттығуды ауызша орындау.
21- жаттығуды тақтада орындау.
22 – жаттығуды жазбаша орындау.
VІІІ. Сабақты қорыту
1.Бағалау.
2. Үй тапсырмасын беру
1. Сөйлеу мәдениеті туралы өз ойларыңнан
мәтін құрап келіңдер
Сабақ жоспары
-
Пән аты: Қазақ тілі.
-
Сыныбы: 5
-
Күні, айы, жылы:
-
Тоқсан: І
-
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушылардың мәтіндегі негізгі ой мен тақырып туралы түсініктерін жазба жұмыстар арқылы бекіту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: бекіту
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөйлеу мәдениеті туралы өз ойларыңнан
мәтін құрап келіңдер
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
VІІ. Бекіту сабағын өткізу.
Оқулықпен жұмыс.
23-жаттығу.
І топ
-
Мәтінді оқып, тақырыбы мен негізгі ойын анықтаңдар
-
Мәтінге ат қойыңдар.
-
Мәтін құрастыру туралы ғалым қандай ой білдіргенін айтыңдар
24 – жаттығу
ІІ топ
-
26- суретке қарап, әңгімелеу.
-
Жазбаша мәтін құрау.
-
Мәтінге ат қою.
І деңгей
25 – жаттығу
Төмендегі өлең жолдарынан ойдың байланысына қарай шумақтарды қайта құраңдар. Мәтінге ат қойыңдар
ІІ деңгей
26- жаттығу
Бауыржан Момышұлының ойын әрі қарай жалғастырып шығарма жазыңдар.
ІІІ деңгей
27 –жаттығу
Өз ана тілің, оның сөз байлығы туралы ойланып, өз пікірлеріңді айтып беріңдер.
VІІ . Сабақты қорыту:
-
Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
Ана тілінің қызметі жайлы мәтін құрау
Сабақ жоспары
-
Пән аты: Қазақ тілі.
-
Сыныбы: 8
-
Күні, айы, жылы:
-
Тоқсан: І
-
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Сөз бен мағына
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушыларға сөз бен мағына туралы түсінік бере отырып, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, сөйлем талдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
Лексика – белгігі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.
Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, саны мен сапсы, қимыл – әрекеті сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді.ал сөз қалай болса солай айтыла салған дыбыстардың тіркесі емес, жүйелі дыбыс қосындыларынан жасалады. Дыбыстар тіркесінде мағына болмаса, сөз де болмайды. Сөз мағынасымен тығыз байланысты.
VІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру:
-
« Лексика» деген сөзге түсінік беріңдер
-
«Түсіндірме сөздіктен» мағыналы сөздер мен мағынасыз сөздерге он – оннан мысалдар жазыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1.Оқулықпен жұмыс.
29 –жаттығу
Мәтіндегі толық мағыналы сөздер мен мағынасы толық емес сөздерді бөлек – бөлек теріп жазыңдар.
30- жаттығу
Лексикалық мағынасы бар сөздерді теріп жазыңдар.
31 – жаттығу
Мына сөздердің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, лексикалық мағынасы бар сөздер құрап жазыңдар.
VІІІ . Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2. Үй тапсырмасы:
1. Сөз бен мағына туралы түсінік.
2. 32 -жаттығуды орындау.
Сабақ жоспары
-
Пән аты: Қазақ тілі.
-
Сыныбы: 5
-
Күні, айы, жылы:
-
Тоқсан: І
-
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Сөз мағыналарының сипаты
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға сөз мағыналарының сипаты туралы лингвистикалық білім беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа
тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөз бен мағына туралы түсінік.
2. 32 -жаттығуды орындау.
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Жасыл, әсемпаз,үйірсек сөздерінің құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, әрқайсысы бойынша бірнеше мағыналы сөз құраңдар.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Дыбысталу – сөздің сыртқы қабығы, мағына – сөздің ішкі мазмұны. Бірақ тілде мағынасын жоғалтқан сөздер де кездеседі. Мысалы: үшін, дейін, шейін, таман нақты мағынасы осы күнде жоғалған. Мұндай сөздер басқа мағыналы сөздермен тіркесіп қана қолданылады.
Ал осыған керісінше, сөздің ішкі мағынасы сақталып, дыбысталу түрі өзгеретін де жағдай кездеседі. Мысалы: елу днген сөздің бастапқы түрі елліг болған. Ол бірте – бірте мынадай өзгеріске түскен:
Елліг- еліг – елу.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс.
І деңгей
-
Сөз неден құралады?
-
Сөздің ішкі мазмұны дегенді қалай түсінесің?
-
Жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздерді жаз
ІІ деңгей
-
Еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып, толық мағыналы сөздердің астын бір, жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздердің астын екі сыз.
ІІІ деңгей
-
Төмендегі сөздер қандай мағына беріп тұр?
Туу! Ойбай! Құдай-ай! Обал – ай!
-
Күз келді» деген тақырыпқа мәтін құра.
VІІ.Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс
33-жаттығу
Мәтінен тура мағынадағы сөздерді тауып жаз.
34 – жаттығу
Өз ана тіліңнің байлығы немесе жақсы қасиеттері туралы айтылған өзге халық пікірлерін тауып жазыңдар.
VІІІ . Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Сөз мағыналарының сипаты туралы түсінік
2. 35 - жаттығу
Сабақ жоспары
-
Пән аты: Қазақ тілі.
-
Сыныбы: 5
-
Күні, айы, жылы:
-
Тоқсан: І
-
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасының өзгеруі
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Оқушыларға сөз мағынасының өзгеруі туралы лингвистикалық білім беру.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа, достыққа баулу, адамгершілікке тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сөз мағыналарының сипаты туралы түсінік
2. 35 - жаттығу
ІІІ Білім тексеру:
Өздік жұмыс
Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қой.
Да...а, ды...ыс, ...ыныс, жай...ау, ...ғаш, ...ал, жа..., ...аң.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сөздердің мағынасы бірде өзгеріп, бірде жоғалып,бірде жаңарып отырады.
Қазақ тілінде малай деген сөз «біреудің есігінде жалданып жүрген қызметші, жалшы» дегенді білдірсе, башқұрт пен татар тілдерінде малай сөзі «бала» деген мағынада қолданылады.
Қазақ тіліндегі көкпар сөзі екі сөзден құралған: көк және бөрі. Бөрі сөзі түркі тілдерінде «қасқыр» деген ұғымда жұмсалады.
VІ. Түсінік тексеру:
Ойланып көріңдерші, күнделікті қолданылып жүрген барлық сөздің мағынасын білесіңдер ме? Білмеген сөздеріңді түсіндірме сөздіктен қарап, мағыналарын жазыңдар.
VІІ .Жаңа сабақты бекіту:
Оқулықпен жұмыс
37 -жаттығу. Ауызша орындалады.
-
Осы мәтіндегі сөз тағдыры туралы айтылған әрбір ойды таратып айтып, мысалмен дәлелдеңдер.
38 – жаттығу
-
Мәтінді сөздік дәптерлеріңе көшіріп жазыңдар.
39 – жаттығу. Тақтада орындау
-
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықтаңдар.
VІІІ . Сабақты қорыту:
Достарыңызбен бөлісу: |