4. Магистранттың магистрлік диссертацияда келтірген тұжырымы, қорытындысы, ғылыми нәтижесінің жаңалық деңгейі Бұл магистрлік диссертация жұмысында бидай кебектерін сүтқышқылды өнімдер технологиясын жетілдіру үшін пайдаланып, тұздатылған ірімшіктің тағамдық құндылығын жоғарылату мақсатында пайдалану қарастырылған. Жаңа өнімнің рецептурасы мен технологиясы ұсынылған. Зерттеу нәтижелері бойынша өнімнің құрамындағы дәрумендер мен минералды компоненттердің артуына және аминқышқылдармен толықтырылуымен әрі тағамдық талшықтардың енгізіуімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиялогилық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК зертханасында жаңа өнім физико-химиялық көрсеткіштері бойынша барлық нормативтік құжаттарға сай екендігі расталған.
5. Ішкі тұтастығын бағалау және алынған нәтижелердің өзекті мәселелері, теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталуы Н.Махаштың магистрлік диссертация мақсаты, міндеті, нәтижелері мен қорытындылары өзара байланысымен және біртұтастығымен сипатталатын толыққанды жұмыс екендігі айқындалып, алынған нәтижелер қойылған мақсатқа жеткендігін дәлелдейді.
Әр бөлімнің, кіріспенің және қорытындының негізгі тұжырымдары логикалық негізделген.
Ұсынылған қорытындылар мазмұнды және алынған нәтижелер мен зерттеуге қойылған міндеттердің орындалу дәрежесін айқындайды, нақтылы ғылыми ізденіс сұлбасын жасап, зерттеу жұмыстарын осы сұлбаға сәйкес толығымен орындаған.
6. Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелерін, тұжырымдар мен қорытындыларын жариялануының жеткілікті дәрежеде толықтылығын растау Бидай кебектерімен байытылған сүтқышқылды тұздатылған ірімшіктің рецептурасы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университеті «Сүт өнімдерінің қайта өңдеуге арналған тәжірибелік-өндірістік цехында» әзірленді.
Магистрлік диссертацияның жұмыс барысы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға: «Сейфуллин оқулары - 17: Қазіргі аграрлық ғылым: Цифрлік трансформация» конференциясында жарияланған.