Пән атауы: Табиғатты пайдалану экономикасы мен экологиясы
Семестр: 7
Кредит саны: 5
Пән оқытушысы:
1. Уразбаев А.К.
2. Изенбаев Б.Ж.
|
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Курс шеңберінде табиғи ресурстарды бағалаудың теориялық және практикалық мәселелері, оларды классификациялау, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың (жер, орман, су, минералды және т.б.) экономикалық мәселелерін толық қарастырады. Қазіргі жағдайда нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттердің экономикасын, олардың табиғирекреациялық әлеуеті.
Пәннің міндеттері: нарықтық мамандану салаларының дамуы мен орналасуы туралы білімді алуы қажет.
Пәннің мақсаты: студентті табиғатты рационалды пайдаланудың ең негізделген жолын табуға, табиғатты қорғау шараларының экономикалық қолайлығын анықтауға және халық шаруашылығына қоршаған ортаның ластануынан тиетін экономикалық шығынды бағалауға үйрету.
Пререквизиттер: Картография, топография негіздерімен
Постреквизиттер: Қазіргі дүние географиясы, Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
Пән бойынша күтілетін оқу нәтижелері (ПОН):
ПОН 1 Табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың (жер, орман, су, минералды және т.б.) экономикалық мәселелерін толық қолдана алады;
ПОН 2 Табиғатты қорғау шараларының экономикалық қолайлығын анықтауға және халық шаруашылығына қоршаған ортаның ластануынан тиетін экономикалық шығынды бағалауды талдай алады.
|