7-апта. Қарастырылатын сұрақтар: Фразеологизмдердің танымдық негіздері. Фразеологизмдерді мәдени дискурс ретінде қарастыру



бет1/3
Дата07.11.2022
өлшемі28.89 Kb.
#464175
түріКраткий словарь
  1   2   3
К.л.-7


7-апта. Қарастырылатын сұрақтар:
Фразеологизмдердің танымдық негіздері.
Фразеологизмдерді мәдени дискурс ретінде қарастыру.


Мақсаты: Когнитизмнің ғылыми негіздерін, оның қазіргі тіл білімінен алатын орнын анықтау.
Сұрақтары: - Когнитивті лингвистиканың когнитология құрамында дамуы.

  • Антропоцентризм әр қырынан зерттеп танудың маңыздылығы.

  • Қоғам мен адам танымын зерттеп білудің маңызы.

  • Антропоцентризм парадигмасы мен когнитизм бағыты.

  • Шетелдік ғылымда конитивті парадигманың даму жолдары.

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары:

  • Когнитизмнің тіл білімі ғылымымен байланысы.

  • Адамның ойлау қабілеті мен ментальді әрекеттерін оның жай-күйін зерттейтін бағыт.

  • Адамның білімі мен танымы туралы, дүниені ұғыну және қабылдау туралы ғылым.

  • Тілдің адам қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттелген нәтижесін көрсету мәселесі.

Әдебиеттер.

  1. Демьянков В.З. Когнитивная лингвистика как разновидность интерпретирующего подхода // ВЯ, 1994, №4.

  2. Шалабай Б. Қазақ көркем проза тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негіздері. Алматы, 1997.

  3. Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы, 1997.

  4. Краткий словарь когнитивных терминов. М., 1997.

  5. Кибрик А.А. Когнитивные исследования по дискурсу. Вопросы языкознания. 1994, №5, ст. 126-139.



Метафизикалық концепт – (жан, өмір, өлім, тағдыр, жалғыздық, махаббат) ақиқат дүниедегі абстракцияның жоғары дәрежедегі құндылықтарын танытатын ментальді мазмұн. Метафизикалық концептілер перцептивтік, сенсорлық қабылдау, яғни сезіну әрекеті арқылы рухани құндылықтарды тану нәтижесінде ғана хабарланады. Адам тәжірибесі арқылы ғана танып білуге болатын, құбылысты даму барысында ғана түсінуге болатын ұғымдарды көзбен көріп, қолмен ұстап тану мүмкін емес. Сондықтан философиялық мәні басым, адамның қажеттілігін өтейтін абстрактілі ұғымдарды нақты тұрақталған дефинициялармен танытуға болмайды. Оны адам қалай сезінеді, қалай басынан өткереді, сол әсері арқылы танытады. Мысалы, ұжым не тұлға санасындағы адамзат құндылығын танытатын «өмір» метафизикалық концептінің қазақ поэзиясында алма кезек жарысып жатқан жақсы мен жаманның, бақыт пен қайғының арпалысқан күшті динамикалық қозғалысы ретінде танылуы басым көрінеді. Өмір солай күйзеліс, жұлқыс көп. Болсын мейлі, дінің тұз, тұрмыс тоқ. (М.Шаханов); Өмір деген өректіген бір ағын. (М.Шаханов); Өмір – жарыс, жасық жандар ұтар ма? (Қ.Ахметова); Өмір деген өзі де бәйге емес пе?! (Ф.Оңғарсынова); Өмір – ат жабысамын жалына мен. (Т.Молдағалиев); Өмір деген буырқан дария (Т.Молдағалиев); Өмір деген осынау майданда бұл, қолбасы да, қорқақ та сайраңдап жүр. (М.Мақатаев); Өмір – теңіз, ол теңізде мен шабақ (М.Мақатаев). Қазақ поэзиясында өмір концептісінің қозғалыс, арпалыс ситуациясында таныту үшін бәйге, бәйгеге салынған аттың әрекеті, ағын су өзен, теңіз дариясы, теңіз толқыны, майдандағы фрагменттер «Өмір» ұғымын танытатын қарапайым түсініктердің көрінісі ретінде алынған.
Ұлттық-мәдени концептілер. Тек ұлттық танымда ғана жа-жақты ақпаратымен жүйеленіп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін концептілер (дала, көш, жайлауын, мал шаруашылығын, дарқан кеңдікті, жазықтықты) объективтендіреді. Автор танымында дала кеңдік этанлоны ретінде алынып, қазақтың кең байтақ жеріндегі ұлттық-мәдени өмірді, яғни қазақ даласындағы жырмен ұйықтап, жырмен оянған еркіндікті сүйетін халықтың болмысын сипаттайды. Мысалы, ойсурет құрылымында танылуы: Жатыр дала шалқасынан жалаңаштап кеудесін, кеудесінде ұланғайыр қыбыр-қыбыр тіршілік. Схемалық құрылымда танылуы: Қазақ жері – алып бір қара қазан, қазанда қайран жұртым қуырылды. Мұндағы лингвомәдени бірлік – қара қазан. Сценарийлік құрылымда танылу: Қашаннан жерік қара Жер, жесірдің қайғы-мұңына. Дала, дала... Сол дала селеулеген. Жырмен ұйықтап оянған өлеңменен. Дала деген – күй сандық бұл қазаққа, Абай десе құлағы елеңдеген. Уһ, дала! Дала толған көл-көсір жыр, Дала – қобыз, тұтпайды пернесін кір.
Эмоционалды концептілер. (Қуаныш, қайғы, бақыт, мұң). Кейбір ақиқат дүниелер адам санасындағы эмоционалды, аффективті көңіл-күйі арқылы, ішкі сезімі арқылы танылады. Мысалы уайым ұғымы жағымсыз мағынада танылатыны, оның «сары уайымға салыну, күйзелу, көңіл-күйі болмау» деп объективтенетіні белгілі. Бірақ оны нақты денонтатпен көрсете алмаймыз. Ал М.Мақатаев поэзиясында уайым концептісі тұман, бұлт бейнелерімен күңгірт, бұлдыр, түсініксіз, ауыр пәс күйге ену белгілері арқылы береді. Отырмын ой тұманы шытырманды басымды бейуақыт қоршап алды. Шұғыла боп содан соң ашылдағы, бұлтымды таста серпіп басымдағы.
Концептілердің әртүрлі ассоциативтік түсінікте танылу деңгейіне қарай контраст концептілер және калейдоскоптық концептілер деп топтастыруға болады.
Контраст концептілер – бірінсіз бірі болмайтын, бірін екіншісі толықтырып отыратын немесе бірінен кейін бірі жүретін, тіпті бір-біріне қарама-қарсы тұратын ақиқат дүниелердің жұптасып қана танылуы. (Өмір/өлім, қала/дала, бақыт/қайғы). Поэтикалық мәтінде Өмір/өлім контраст концептілері «бұл дүниеге кірдім де, қайта шықтым» ситуациясы арқылы танытады. Қала/дала контраст концептілері «Мотордың дауысын есіте шаршадым, жамырап жатқан жас төлдің үнін аңсадым» деген денонтатты ситуациялар арқылы танылып тұр.
Калейдоскоптық концептілер – бір ғана ақиқат дүниенің санада әр алуан концептілік құрылымдарға салынып бірнеше концепт типтерінде (ойсурет), сценарий, схема, (фрейм) көрініс табуы. Ақиқат дүниенің әрбір үзігін (фрагментін) қалыптасқан (стереотиптік емес) танымда шеңберінде емес, қалыптасқан (стереотиптік емес) танымда ұғыну сол дүниені алуан түрлі жағдайда объективтендіруге мүмкіндік береді. Мысалы, М.Мақатаев поэзиясында «тағдыр» концептісі бірде «шыр айналған көбелек» кейпінде танылса, бірде «аяққа жармасқан мыстан» бейнесінде объективтенеді, бірде «қолына қамшы ұстаған ұры арбакеш» бейнесімен беріледі, бірде «жағада сауға сұрап жүрген қайыршы» кейпінде танылады. Бұл бейнелер «тағдыр» концептісінің стереотиптік емес, тұлғалық танымын көрсетеді де «өмірде жолы болмау», «құдайдың ісі», «пешененің жазуы», «маңдайға жазғаны», «өмірдегі құдайдың бұйрығы» деген стереотиптік танымдардың мазмұнымен астасып жатады.
Тұлға не ұжымның концептіні тілдік таңбалармен объективтендіру шеберлігіне қарай эстетикалық-көркем танымда объективтен концептілер және логикалық-позитивті танымда объективтенген концептілер деп шартты түрде бөлуге болады. Концепт теориясында эстетикалық-көркем танымда объективтенген концептілер маңызды болып саналады. Себебі оның бойынан ұғым тудыру, атау беру, түсінік қалыптастыру, бейнелеу, ассоциативті, эмотивті модусін анықтау сияқты қасиеттерді көруге болады. Эстетикалық-көркем танымда объективтенген концептілер әрқашан индивидуалды. Мұнда логикалық ойлау заңдылығы мен шектілігі сақталмайды. Логикалық танымда объективтенген концептілерге жалпы адамзаттық, әлеуметтік идеялар тән. Логикалық-позитивтік концептілерде сезімдік, иррационалдық қабылдаулардан бұрын, логикалық ойлау механизмі мен ой модельдерін құру әрекеттері басым. Эстетикалық-көркем концептілерді объективтендіруде сезімдік бейнелеу әрекеттері басым. Эстетикалық-көркем концептілерді объективтендіруде сезімдік бейнелеу әрекеттері белсенді қызмет атқарады. Мысалы: «Түн» - Тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы. Немесе «ай» - түнде жерге жарық сәуле беріп тұратын планета (логикалық танымда объективтенген концепт). Түн – шашын жайған албасты, «түн – қара кілем», «түн – меңіреу, мылқау» немесе «Ай» - Жарты ай тұр шар аспанда – тозған таға. Үскірік үрлей ме, әлде қозғалта ма (эстетикалық-көркем танымдағы объективтенген концепт). Логикалық танымдағы концептілер ақиқатқа негізделеді және логика (ойлау) заңдылығына сүйенеді. Ал эстетикалық көркем танымдағы концептілерде ассоциация, фиксация, жұмбақ, жалған ойлау әрекеттері басым болады. Бірақ мұндай танымда заңдылық болмайды деп түсіну керек. Онда автордың өз заңы мен өз жүйесі болады.
Концептілік құрылым адам санасындағы оның аялық білімі мен таным-түсінігін танытатын өңделген, реттелген жүйе ретінде қарастырылады.
ҚҰрылымы жағынан концепт өте күрделі дүние. Бұл құрылымға санадағы ақиқат дүниені танытатын барлық бірліктер мен таңбалар, оқиғалар мен ситуациялар енеді. В.А.Маслова концепт құрылымын былай жүйелейді: «Біріншіден, дүниенің тарихи өміріндегі, мағыналық дамуындағы жаңа мәнге ие болған белгілері; үшіншіден, қазіргі сол дүние туралы ассоциациялар мен бағалауыш мәндер, коннотациялар көрінісі жатады» [7,40]. З.Д.Попова мен И.А.Стернин концепт қрылымын адам санасындағы әрекеттердің жүйелі қызмет етуімен байланыстырады. Концепт адам санасында, біріншіден, сезімдік тәжірибесі арқылы қалыптасады. Екіншіден, адамның өзіндік тұрмыс-тіршілігі, қызмет арқылы ұласады, үшіншіден, бұрын санада қалыптасқан ситуациялар мен басқа концепт белгілері мен қасиеттерін сәйкестендіре қолдану арқылы таныла түседі, төртіншіден, тілдік таңбасы жиі қолданыстан өтіп, стереотиптік деңгейге жеткен таңбалармен таныту арқылы анықталады, бесіншіден, тіл бірліктерін саналы түрде сол дүние табиғатын танытуға болады деп тұжырым жасау негізінде қалыптасады.
Біздің пікірімізше, дүниенің концептілік бейнесін көрсететін негізгі тірек – концептілік жүйе. Концептілік жүйе ішкі және сыртқы құрылымдардан тұрады. Ішкі құрылымы концептіні танытуға бағытталған құрылымдар: когнитивтік модель (дүниенің ассоциациялық, стереотиптік, эталондық, этикеттік, символдық бейнелік үлгісі) және оның санада бейнеленген типтері (фрейм, сценарий, ойсурет, схема); ал сыртқы құрылымы – сөз, фразеологизм, метафора, сөйлем, тіркес метонимия т.б. Жоғарыда көрсетілген зерттеулерге сүйене отырып, поэтикалық мәтіндегі ақиқат дүниенің концептілік құрылымын мынадай сызба арқылы анықтауды ұсынамыз.
Осы модельге салып «Күн» концептісінің құрылымдарын анықтап көрелік. Ақиқат дүние – күн. Оның жарық, жылу беретін қасиеті көру, терімен сезу ассоциациялары негізінде санада стереотипті түрде сақталады. Поэтикалық мәтінде Күн күлді, ай ұялып бетін басты немесе Қызарып соңғы сәуле шашырады, күн түйе алмай барады шашын әлі немесе қып-қызыл сыр төгілген тауға барып, қызыл өзен жатқандай қардан ағып, есімде қызыл-жасыл қырғауыл күн көтерілген қанатын қанға малып! деп ойсурет типінде объективтенген. (негізгі мәні – күннің жарық беру қасиеті). Бұл жерде ақиқат дүниенің тілдік бейнесі метафоралы тіркестер арқылы беріліп тұр. Күн – уақыт эталоны. Сенделіп сендегі өткен күндерімді теңеймін өмірімнің асқарына (фрейм) немесе күміс жалды күн дейтін көлікпенен көріп келем өмірді, көріп келем (ойсурет).
Когнитивтік модельді санада ұйымдастыратын бірліктер мен таңбалардың (ассоциация, стереотип, символ, бейне) өзара айырмашылықтары, басты қызметтері айқындалады. Поэтикалық мәтіндегі концептіні тану алдымен автордың когнитивтік моделін тануға бағыттайды. Лингвокогнитивтік аспектіде когнитивтік модель – тіл мазмұнында кодталған ақпараттарды құрайтын таңбалар мен бірліктердің (бейнелер) формасы ретінде танылады. Демек когнитивтік модель – концепт құрылымдарын танытушы құрал, яғни санадағы білімнің сақталған формасы. Ақиқат дүние туралы санадағы білім мен когнитивтік операциялар жиынтығы ассоциативтік, стереотиптік, эталондық, символдық, бейнелі таңбалар мен белгілер арқылы сақталады.

6 Практикалық сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет