7-апта. Қарастырылатын сұрақтар: Фразеологизмдердің танымдық негіздері. Фразеологизмдерді мәдени дискурс ретінде қарастыру


Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы



бет3/3
Дата07.11.2022
өлшемі28.89 Kb.
#464175
түріКраткий словарь
1   2   3
К.л.-7

Когнитивтік лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы.



  1. Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистика.

  2. Психолингвистика және когнитивтік лингвистика.

Антропоөзектік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты жаңа бағыттарға жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер төмендегідей когнитивтік құрылымдарға ерекше мән беред і: қабылдау, ойлау, тіл, есте сақтау т.б.


Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы бар. Қазіргі тіл білімінде әлеуметтік лингвистика (тіл мен қоғам арақатынасын зерттейтін сала), психолингвистика (индивидтің тұлғалық мінез-құлқы мен ұғымды қабылдау, оны санада өңдеу қасиеттерінің тілде көрініс табуы), лингвомәдениеттану (тіл мен мәдениеттің өзара қатынасы негізінде ұлт мәдениетінің тілде сақталуы, тілде көрініс табуы, тіл арқылы ұлтты, оның мәдениетін таныта білу ерекшеліктері), этнолингвистика (тілдегі ұлттық бірліктердің мазмұны мен мәнін ұлттың тарихынан, халықтың рухани мәдениетінен, халықтың менталитетінен, халықтың шығармашылығынан іздеу) салалары тілді антропологиялық бағытта қарастыруда.
Соңғы онжылдық ішіндегі психолингвистикалық еңбектерді талдай келе, психолингвистиканың когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады.
Дәрісті қорытындылау:
1.Антропоөзектік парадигма өз шеңберінде лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология сияқты жаңа бағыттарға жол ашады.
2. Соңғы онжылдық ішіндегі психолингвистиканың когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің универсалды табиғаты және когнитивтік лингвистиканың өзара байланысы жайлы не білеміз?
2. Психолингвистика мен когнитивтік лингвистиканың байланысы неден
көрінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оразалиева Э.Когнитивтік лингвистика:қалыптасуы мен дамуы,-А,2007.
2.Ақбердиева Б. Когнитивтік лингвистика,-А,2009.
3. Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері . А., 1998.
4.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері //Тілтаным, 2001, № 1.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет