Республикалық жоғары медициналық колледж.
Реферат
Тақырыбы: Когнитивтік, бихевериоральдық және гуманистік психология
Орындаған:Ұзақ Әселай
Қабылдаған:Куралай Каныбековна
Топ:ЕІ05-20
Когнитивтік, бихевериоральдық және гуманистік психология.
Моделдеу құралдары арқылы танымдық іс-әрекетті зерттеу саласында - когнитивтік психология, гуманистік психология,ми туралы ғылымдардың шеңберінде адам санасын зерттеу -нейрофизиология, нейроморфология және нейропсихологияғылымдары қалыптасты. Адам туралы психогенетика ғылымы кеңінен тарай бастады.
Қазіргі кезде кең таралған ғылыми бағыт - когнитивтік психология. Бұл бағыт 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Ол негізінен бихевиоризмге, танымдық дамуды жоққа шығаруға қарсы бағытталды.
Когнитивтік психологияның белгілі өкілдеріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон жатады.
Бүгінгі таңда бұл бағыттың бірнеше нұсқалары қалыптасты. Кеңінен тараған бағыттарының бірі - есептеунұсқасы. Онда ішкі когнитивтік үлгі мен тану үрдісінің белсенділігінің рөлі ерекше атап өтіледі. Бұл бағыттың шығуы ақпараттық қатынастардың ықпалымен байланысты.
Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу саласы таным үрдістері - ес, тіл мен сөйлеудің психологиялық негіздері, қабылдау, есептерді шешу, ойлау, зейін, қиял жэне когнитивтік даму.
Осыдан XX ғ. екінші он жылдығында психологияның тағы бір бағытты пайда болып, оның өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ол сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының жиынтығы - мінез-құлық (поведение) еді.
Бұл бағыт «бихевиоризм»(ағылш. behaviour-қылық) деп аталып, психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады. Бихевиоризмнің ірге тасын қалаушы Дж.Уотсон психологияның міндетін қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық-әрекетін зерттеу деп білді.
Бихевиористердің мақсаты - психологияны мінез-құлықты басқаруға қабілетті білімнің саласына айналдыру. Д.Уотсонның түсіндіруінше, бихевериоризмнің түпкі мақсаты - адам мінез-құлқын түсіндіру. Бұл үшін 3 жағдай жеткілікті деп есептеді: Мінез-құлықтың өзін суреттеу, ағзаға әсер ететін ішкі, сыртқы дене стимулдарын және оған жауап беретін мінез-құлық реакциясын байланыстыратын заңдарды тану. Адам жануарлардан тек мінез-құлық реакцияларының күрделілігімен, оларға жауап беретін стимулдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Бихевиористердің дәлелдеуінше, негізгі ғылыми ұғымдар болып табылатын стимул- сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш, реакция-тітіркендіргішке ағзаның жауабы және стимул мен реакцияның байланысы - ассоциация.
Когнитивтік психология сияқты келесі ірі бағыттардың бірі -гуманистік психология.Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған еді.
Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам мәселесін түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны таңдау болып табылады.
Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахим Маслоу болды. А.Маслоу адам іс-әрекетінің, мінез-құлқыңың қайнар көзі адамның үздіксіз өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін-өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек адамға жақсылық істеуге ұмтылу.
XX ғ. екінші жартысында психологияға бірден-бір күшті әсер еткен ғылыми-техникалық революция. Қазір психологияда жан-жақты математикалық, ақпарат теориясының әдістері колданыла бастады, сонымен катар электрондық есептеу техникасы, компьютерлендіру жүйесі кең өріс алды.
Психология биология және медицина салаларынан соңғы жаңалықтарды белсенді қабылдап отырды. Қазір психологияның тәжірибеге бағытталған салалары алдыңғы шепке шыга бастады. Психолог ғалымдармен бірге тәжірибелік психологтар пайда болды. Олар білім беру, өндіріс пен мекемелер, әскер мен медицина салаларында жұмыс істейді. Онда өздерінің психологиялық қызметін көрсетуде.
Достарыңызбен бөлісу: |