7-дәріс. Маркетингтік зерттеу
жүргізудің жалпы әдістері
1.Кабинеттік зерттеулер әдісі
2.Зерттеудің далалық әдісі
3.Сынақ сатулары әдісі.
4.Дербес іскерлік байланыстар әдісі
1.Кабинеттік зерттеулер әдісі
Кабинеттік зерттеу (Desk Research) – ашық көздерден нарық
туралы екінші ретті (алдын ала) ақпаратты жинауды және
талдауды көздейтін маркетингтік зерттеулердің бір түрі. Екінші
ретті ақпарат дегеніміз - кез-келген мақсат үшін бұрын жиналған
мәліметтер.
Кабинеттік зерттеу (desk research) — қолжетімді көздерден, яғни
белгілі бір түрде өңделген және негізінен ресми және өзге де
баспа көздерінде: мерзімді басылымдарда, экономикалық
басылымдарда, статистикалық анықтамалықтарда, фирмаішілік
есептерде және т. б. қамтылған деректерден алынған нарық
туралы екінші ретті маркетингтік ақпаратты жинау, зерделеу,
жүйелеу және талдау.
Кабинеттік Зерттеудің мақсаты - компания қызметін бағалау және
оның қызметін нарық жағдайына және соңғы тұтынушының
талаптарына қарай реттеу.
Кабинеттік зерттеудің міндеттері:
нарықтағы жағдай туралы жалпы түсінік
қалыптастыру;
нарықты дамытудың үрдістері мен
перспективаларын белгілеу;
бәсекелестік талдау жүргізу;
нарық құрылымын анықтау;
өнімді өткізу мен жылжытудың негізгі
арналарын анықтау;
нарықтың көлемі мен сыйымдылығын анықтау;
нарықтағы баға саясатына талдау жүргізу;
зерттеу объектісі туралы БАҚ-тағы жарияланған мәліметтерге талдау жүргізу;
сапалық және сандық әдістерді (фокус-топтар, терең сұхбаттар, сандық
сауалнамалар және т.б.) пайдалана отырып, нарықты одан әрі зерттеудің негізгі
аспектілерін белгілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |