7 Дәріс
Сәндік қолданбалы өнер технологиясы
Аппликация туралы түсінік және олардың орындалу
әдістемесі
Мүсіндеудің әдістері
• Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні
жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе
қолөнері арқылы өмірге келген көркем
туынды - жасауларды айтады. Сәндік
қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалар мен көзге түседі. Осы арқылы
біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз.
• Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынадай материалдар қолданады :
ағаш, сүйек, тас, әйнек, табиғи немесе жасанды заттар (пластмассалар, гипс, жүн,
мақта, балшық, т.б.) Кейбір материалдар өңдеуді талап етеді. Мысалы : алтынмен,
күміспен қаптау, ағашты лакпен бояу және т.б. жұмыстар. Сәндік қолданбалы өнер
кескіндеме мен мүсіндеу өнерімен тығыз байланысты.
• Сәндік қолданбалы өнердің түрлері:
керамика (терракота, майолика, фаянс,
форфор), әйнек (ыдыстар, құмыра, құрылыс детальдары, мозаикалар), көркем
оймыш (ағаш, тас, сүйек, пластмасса) металдан жасалған көркемдік бұйымдар
(зергерлік бұйымдар, үстел үсті мүсіндері, жарық беретін құралдар т.б.) жиҺаздар,
текстиль (сәндік металдар, кілемдер), ойыншықтар.
• Сәндік қолданбалы өнер технологиясы:
• Нұсқалы ою немесе ойма (гравировка);
• Оймалық немесе тереңдетілген ою;
• Биік рельефті ою;
• Жарма, қиық немесе селдір ою;
• Жазық рельефті ою
• Көлемді ою немесе мүсіндеу
• Қазақтың сәндік қолданбалы өнеріне негізінен түрлі үй жиҺаздарының
(мебель, зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті
сәндік құрал-жабдықтар жәдігерлік құмыра сый кеселер т.б.) жасау кіреді.
Бұл өнерге қолданылатын материалдар негізінен металл, керамика, ағаш,
қыш, тері, шыны, асыл тастар, сүйек т.б.
• Қолданылатын негізгі техникалық әдістер - көркем оймыш, шекеме,
көркем жазба, кесте, құйма және т.б. Мұның өзі сүйек, ағаш, тері өңдеу,
бедерлеу, зергерлік әсемдеу, форфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау
секілді салаларға бөлінеді.
•
Қазақтың сәндік қолданбалы өнері көркем
өнеркәсіптің дамуына
маман суретшілер мен халық шеберлерінің қызметіне зор ықпал етті және
көршіліес жатқан халықтар мәдениетінің озық үлгілерінің бойына сіңіріп,
үнемі жаңарып отырады.
• Өрнек салу ісінің өзіндік ерекшеліктері бар. Кілем тоқу (негізінен түкті
және тықыр кілем) жедел өріс алды. Қазіргі кезде танымал суретшілеріміз
гобелен өнерін меңгеріп, ұлттық өнер үлгілерін толықтыра түсуде.
•
Алматы облысының Есік қорғанынан табылған (б.ғ.б. У-УІ ғ.) сақ
жауынгерлерінің «Алтын адам» киімдері де алтын қаптамалармен және
хайуандардың (арыстан, жолбарыс, елік, ат т.б) құйма бейнесімен
безендіріледі.
• Қазақтың ою-өрнек деген сөзі латынша орнамент деген ұғымды білдіреді.
Орнамент сөзінің мағынасы – сәндеу, әсемдеу.
• Осы сәндеу, әсемдеудің түрлеріне жан-жануарлар, өсімдік, геометриялық,
Достарыңызбен бөлісу: |