7 сынып
-
Адамның өсіп-жетілуінің басқа тіршілік иелерінен өзгешелігі неде?
а) дүниеге келген сәтінен бастап өмірге деген талпыныс орнауында;
ә) ешқандай өзгешелігі жоқ;
б) ұрпағын өсіріп, күнделікті тіршілігін ойлап өмір сүруінде;
-
Жақсы өмір сүруі үшін адам не істеуі керек деп ойлайсың?
а)
-
Азаматтық дегеніміз не?
а) Ата-ананы, апа-қарындасты, аға-ініні сыйлап құрметтеу, жақсы көру сезімі;
ә) елге, жерге деген қалтқысыз адалдық, адамдар арасындағы сыйластық пен жарасым, ар-ұждан мөлдірлігі және адамгершілік парыз.
б) Білім-ғылымға, өнерге деген талпыныс;
-
Қандай адамды ерік-күші мықты дейміз?
а) әлденені қалап, соған қол жеткізе білушілік қана емес, сонымен қатар керегі жоқ кезде әлденеден
бас тарта білген адам;
ә) адамгершілік қасиеті бар, саналы адам,өз елінің қамын ойлаған адам;
б) кеңпейіл, бауырмал, өзінде барын өзгеден аямайтын адам;
-
Адамның алдына қойған мақсатына жетуі үшін ең қажеттілер нелер деп ойлайсың ?
а) тұқымқуалаушылық арқылы берілген белгілер;
ә) табандылық пен ерік жігер қажет;
б) арман, қиялының айқындығы;
-
Қарым-қатынаста табысқа жету нелерге байланысты?
а) сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты;
ә) адамның білім қорына, жан-жақтылығына, ептілігіне байланысты;
б) жеке басына, көңіл-күіне байланысты;
-
Үлкендер ризашылығын қалай алуға болады?
а) көмектесу арқылы;
ә) сыйлау арқылы;
б) тыңдау арқылы;
8. “ Елін сүйген – ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе.” – кімнің
сөзі?
а) М.Әуезов; ә) Б.Момышұлы
б) А.Байтұрсынов;
9. Адамгершілік дегенімі не?
а) Ел үшін кісілік көрсетіп, борыш, міндет, парызын адал орындауы.
ә) Ақылдылық, ойлылық, адамға ғана тән қасиет;
б) Адамдарға деген ізгі ниет, құрмет, жанашырлық, басқалардың мүддесі үшін жан
аямаушылық;
10. Адам бойында азаматтық болмаған жағдайда не болар еді деп ойлайсың?
11. Тоғышарлық, немқұрайлылық дегеніміз не?
а) қатігездік, өзге адамдарға аяушылық сезімінің жоқтығы;
ә) өзге адамдарға деген қызғаныш сезімі;
б) тойымсыздық, көрсеқызарлық,жауапсыздықпен сипатталатын жағымсыз қылықтар;
12. Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?
13. “ Жаман айтпай, жақсы жоқ, балам, тыңдап ал. Мұқият тыңда. Сөзімді түгел тыңда. Ұғып ал.- Балзия бұл жолы әр сөзін шегелеп, ұғымды етіп жеткізе айтуға тырысып бақты. – Біз соңғы асуға келіп тірелдік. Бұл асудың арғы жағында, өзңіе талай айтқан Жетісу жері-жалпақ ел бар Ол - сенің атамекенің. Алтын бесігің.Оған жетсең, жамандық көрмессің, бағың да, көзің де ашылар....”
а) Р.Адемір “Ана махаббаты”
ә) Т.Молдағалиев. “ Бақытты адамның көйлегі”
б) С.Жүнісов. “Аманай мен Заманай”
14. “Күш-қуаты тасқан, салтанаты асқан Ғұн патшасының ертеден кешке дейін шапса
талмайтын, “Мың шақырым” атанған сәйгүлік тұлпары бар екен. Күндердің күнінде басқа
көрші жұрттың патшасы арнайы елші жіберіп, сол атты сұратады...” - Әңгіме не туралы?
а) Достық туралы;
ә) Туған жер туралы;
б) Сәйгүлік ат туралы;
15. “Мен сендердің бәріңе бірдеймін. Сендердің ешбіріңді алаламаймын. Мен сендердің қырғи қабақ
ала көз тіршіліктеріңді қаламаймын...”
а) Ш.Айтматов “Ана – жер-Ана”;
ә) С.Байжанов. “Адамды сүйе біл”
б) Б.Момышұлы “Ұшқан ұя”
8 – сынып ( жылдық қорытынды тест)
1. Адам өмірінің мәні неде?
а) Әр адам өз өмірін ақ ниетпен адал істерге бағыттап, рухани –адамгершілік
құндылықтарды өзіне мұрат еткенде ғана оның өмірі үлкен мәнге ие болады.
ә) отбасын құрып бала тәрбиелеу, бақытты болуды сезіну;
б) екі жауап та дұрыс;
2. Мақсат дегеніміз не?
а) әлденені қалап, соған қол жеткізе білушілік қана емес, сонымен қатар керегі жоқ кезде
әлденеден бас тарта білген адам;
ә) Адамның өз мұратына сәйкес өмірін өзгертуге бағытталған саналы әрекеті.
б) елге, жерге деген қалтқысыз адалдық, адамдар арасындағы сыйластық пен жарасым,
ар-ұждан мөлдірлігі және адамгершілік парыз.
3. Жетістікке қол жеткізу үшін адамда қандай қасиеттер мен дағдылар болуы керек деп
ойлайсыңдар?
а) ерік-жігер, талап, еңбекқорлық;
ә) мақсаттың айқындығы, бірбеткейлік;
б) парасатты білім,сабырлылық;
4. “Адам баласының ең жаманы – талапсыз. Талап қалушылар да неше түрлі болады. Һәм
талаптың өзі де түрлі –түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен
– бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді.”
а) М.Әуезов.
ә) Ш.Құдайбердиев.
б) А.Құнанбаев.
5. Талап дегеніміз не?
6. Адамдар арасындағы реніштің тууына не себеп болады?
а) бір-бірін кешіре алмаудан;
ә) көзқарастардың әр түрлілігінен;
б) адамның жеке басында кездесетін қасиеттеріне байланысты;
7. Күндестік, бақталастық деген сөздерді қалай түсінесің?
а) өкпе,реніш, көңіл қалу;
ә) қызғаныш, көреалмаушылық, ішітарлық;
б) қатігездік, өзге адамдарға аяушылық сезімінің жоқтығы;
8. Достық дегеніміз не?
а) Ақылдылық, ойлылық, адамға ғана тән қасиет;
ә) адамдардың бір-біріне деген адал сенімі, өзара тілеулес ортақ көзқарасы;
б) өзге адамдарға деген қызғаныш сезімі;
9. “Қарт шекпенін асықпай шешіп, бір бұрышқа қойды. Онан соң көйлегінің түймесін
ағытып, жалаңаш етіне асып қойған бойтұмарын алды. Барқыттан тігілген кәдімгі үш
бұрыш тұмар. Қарт тұмарды ерніне жақындатып, тәу етті. Сонан кейін қалтасынан бәкісін алып, тұмарды сөкті де, төңкеріп сілікті. Тұмардың ішінен термен байланып қалған бір уыс қиыршық топырақ түсті жерге. Бұл – осыдан қырық жыл бұрын, жат өлкеге аттанарда, туған дерден түйіп алған топырақ еді....
а) “Ақ гүл”. Қ.Толыбаев
ә) “Қаздар қайтып барады”. Қ.Жұмаділов.
б) “Алтай” .О.Бөкей.
10. “Алтын анам, Отаным! Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ.” – кімнің сөзі?
а) М.Әуезов;
ә) Ш.Айтматов;
б) Б.Момышұлы
11. Табиғат тазалығын сақтауда адам ның рөлі қандай?
12. “Япыр – ай, осыншама әлсіз болып, нәзік болып туармын ба? Күшті болып,
Садықтай болып неге тумадым? Сонда мен оған танытар едім” Мұрат
Балтабаев әуелде Николай Трофимович үшін елеусіз қораш қана біреу еді...
а) Қ.Жәркенов .“Жаман болады”;
ә) Қ.Толыбаев .“Қайыңның қасіреті”;
б) Б.Соқпақбаев. “Жекпе-жек” ;
13. Ата кәсібі дегеніміз не?
а) ол күнкөріс көзі ғана емес, ол-өмірге, қоғамға пайдалы іс-әрекет әрі
мамандық атауы;
ә) ата-ананың алдындағы борыш;
б) еңбекқорлық, талапшылдық;
14. Халық даналығы дегеніміз не?
а) нақыл сөз, мақал-мәтел, шешендік сөз үлгілері, ұлттық салт дәстүрлер;
ә) адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған, ұрпақтан –ұрпаққа беріліп
отыратын өмірлік тәжірибесі;
б) екі жауап та дұрыс;
15. Тыйым сөздер дегеніміз не?
а) тыйым сөздер жамандықтан сақтандырады;
ә) Дәстүрлі өнер,халық игілігі;
б) екі жауап та дұрыс емес;
16. “Ән ырғағы көл бетіндегі шымырлаған майда толқындай ширатылып,
мөлдір дауыс жібектей есіледі. Хиуаның қоңыржай дауысы самалдай
желпіп, бойды балқыта ,маужырата тербетеді...”
а) Ә.Кекілбаев “Әлди”.
ә) Ж.Дәулетбек “Ана-өмір тірегі”
б) Ш.Айтматов “Жәмила”
17. Жаңа ғасырда тілге қандай талап қойылады?
18. Ізгілік дегеніміз не ,ол қандай іс-әрекеттерден көрінеді?
а) жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса
алатын адамның іс-әрекетінен көрінентін қасиет;
ә) кеңпейіл, бауырмал, өзінде барын өзгеден аямайтын адам;
б) қатігездік, өзге адамдарға аяушылық сезімінің жоқтығы;
19. “Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де
ананың ақ сүтінен тарайды. ” – Кімнің сөзі?
а) Ғ.Мүсірепов
ә) М.Жұмабаев.
б) Н.Назарбаев
20. “Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі”деген сөзді қалай түсіндірер едің?
Достарыңызбен бөлісу: |