7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетімен, олардың жыл мезгілдерін бақылау тәжірибесімен, жерлеу дәстүрімен жан-жақты таныстыру;
Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі:
Әдісі:
Көрнекілік: карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Сыныпты топқа бөлу
Бағалау: топ басшысы (бағалау парағы)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Қызығушылығын ояту
1.Тәукенің билік құру қарсаңында Қазақ хандығының саяси жағдайы қандай болды деп ойлайсындар?
2.Тәукенің хандық билікті алғаннан кейінгі «Билер кеңесін» құрудағы мақсаты не болды?
Билердің қазақ қоғамына ықпалын қалай түсінесің?
3.«Жеті жарғы» заңы қоғамның даулы мәселелерін шешуде қандай маңызға ие болды?
4.Тәуке хан елдегі ішкі және сыртқы жағдайды жақсартуда қандай шараларды жүзеге асырды?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Түрткі сұрақтар қою.
1.Мәдениет дегенді қалай түсінесің?
2.Мәдениеттің адам өміріндегі маңызы қандай?
ІҮ. Мағынасын ашу
1-топ. Материалдық мәдениет дегеніміз не?
2-топ. Қазақ халқының баспанасы.
3-топ. Қазақ халқының киім кию мәдениеті.
4-топ. Қазақ халқының ұлттық тағамдары.
Мұғалім : Мәдениет(лат. өсіру, өңдеу)-қоғамның тарихи дамуында жеткен сатысын көрсететін,
Адамзаттың шығармашылық қызметінің үдерісінде жасалған және жасайтын рухани және материалдық құндылықтардың жиынтығы.
Мәдениет-адам ой-санасы мен әрәекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтар.
Қазақ халқының мәдениеті-ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп,қазақ халқын құраған
Ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы
Және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі.
Ү. Сегіту сәті
ҮІ. Бумеранг.
Ой-тоғаныс
Төр көзді талқылау.
Бағалау: топ басшыларының бағалау парағы бойынша қорытындылау.
Үйге тапсырма: Қазақ халқының құрал-сайман, қару-жарақтары жайлы материалдарды
қарап келу.
Материалдық мәдениет
Қазақтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жаздыкүні жеңіл киіз үйлерде тұрса, қыстыкүні жер үйде, шымнан, балшықтан немесе тастан салынған жылы үйде тұрды. Жазғы үйдің екі түрі болды.
Рухани халқының жыл мезгілдерін бақылауы
Халқымызда отбасы-неке қатынастарында құда түсу, қыз ұзату, келін түсіруде ертеден келе жатқан көптеген әдет-ғұрып, кәделер сақталған. Қазақ келіндері «ат тергеу» ғұрпы бойынша үйдің үлкен кішілерінің аттарын атамай, оларға басқаша ат қояды (мырза аға, ерке бала, аппақ қыз т.б.). Мұның өзі қазақ қоғамындағы үлкенді сыйлаудың , құрмет көрсетудің белгісі. Қазақтың қонақжайлылығы да рухани байлығын көрсетеді.
Қазақ жерінде ислам дінінің нығаюы.
Түрік ғалымы Сейби қазақтардан 200 мыңнан астам адамның ислам дінін ұстанғандарын атап өткен. Орта ғасырдың соңғы кезінде, 1558-1560 жылдары Қазақстанда болған ағылшын көпесі А.Дженкинсон қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар»-деп жазады. Мұның бәрі қазақтар арасында ислам дінінің кең тарағандығын көрсетеді.
Жерлеу дәстүрі.
Сабақты бекіту:
«Мәдениет» ұғымын қалай түсінесің?
Материалдық мәдениет дегеніміз не?
Ұлттық материалдық мәдениетке не жатады?
Рухани мәдениет дегенді қалай түсінесің?
Ауыз әдебиетінің түрлерін айтып, оның бір түріне талдау жасаңдар
Ислам дінінің қазақтар арасында таралуының қандай ерекшеліктері болды? Қандай діни жоралғылар ұстанды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §44-45.
Достарыңызбен бөлісу: |