Орындаған: Кадирова Айгерім Тобы: пко-204 Тексерген



Дата04.03.2024
өлшемі16.13 Kb.
#494120
түріРеферат
Қазіргі кездегі психологиялық кеңес беру.ПКО-204


Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Педогогика және білім берудегі менеджмент факультеті
Психология және арнайы педогогика кафедрасы
Тақырыбы: Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру туралы түсінік

Орындаған:Кадирова Айгерім
Тобы:ПКО-204
Тексерген:Кереймағанбетова Ж.Н

Реферат


Ақпан,2024 жыл

Психологиялық кеңес беру.
Жалпы,психологиялық кеңес беру - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Ішкі жай-күйі мен эмоциялық ерекшеліктерін ескере отырып,әр-түрлі әдістер арқылы психологиялық тұрғыдан көмек көрсету, тұлғалық дүниесінде туындаған «резонансты» шешу жолын қарастыруға қол ұшын беру деп те қарастырамыз. Жалпылама берілген анықтама бойынша, кеңес берудің басты идеясы адамды түрлі әдістермен күйзелістен шығару болды. Яғни, бұл тақырып төңірегі әр әдісті әр қалай және көптеген даму сатысын құрайды. Ал бүгінгі қозғар тақырыбымыз «қазіргі кездегі психологиялық кеңес беру» болмақ.
Қазіргі кездегі психологиялық кеңес беру – уақыт сызығы мен заман талабының өзгеруіне сай туындаған, жаңаша оқиғалар негізінде қалыптасқан «жаңа» күйзеліс пен психологиялық ауыртпашылықтарды жаңаша әдістермен шешу жолдары болып табылады. Мысалы, Қазақстан аумағында, туған өлкеміз Ақтөбе аумағында орын алған бірнеше ауыр жағдайлар кезінде халықтың күйзеліксе немесе дүрбелеңге салынуы болды. Алғашқысын түлектердің ҰБТ тапсыруы десек,кезектісі 2-3 күн қатарынан болған қатты боран әсерінен жапан далада ессіз қалған ауылдардағы тұрғындар болмақ. Бұл жағдайда, психологтар халықты сабырға шақырып,әртүрлі кеңес беру шараларын жүргізді. Түлектерді сынақ тестінен кейін күтіп алып, кеңес беру, байланыс орынату арқылы күйзеліс деңгейін азайтуға тырысты. Қазіргі таңда,психологтардың білім сапасы жоғары әрі оқиғаға байланысты қолданатын әдістері мен кеңес беру тұжырымдары да өзгеріп отырады. Ал бірнеше ғасыр бұрын,мысалы, соғыс жылдары кезінде Еуропа елдерінде психологиялық кеңес беру дамыған болса,ел аумағында бұл сала өте сирек пайдаланылған. Психологиялық кеңес берудің басты маңызы да осыда. Оны тиімді әрі оқиғалық ерекшелігін ескере отырып, профессионалдық тұрғыдан пайдалана білу.
Қазіргі кездегі психологиялық кеңес беру шаралары мемлекеттік мекемелерде қарастырылған. Сонымен қатар,профессионалдық тұрғыдан білімі бар, аталмыш саланы жетік меңгерген тұлғалар халық игілігіне сай индивидуалды түрде жұмыс жасап жатыр. Заман талабына сай,қазір 11 мен 15 жас аралығындағы балалардағы «өтпелі кезеңнің» толқындарын жеңіл қабылдау мақсатында психологиялық кеңес алатын отбасылар қаншама. Осы мысалды дамытар болсақ, психологиялық кеңес беру түрі заманауи түрде өтеді. Мысалы, баламен бір толқында әңгіме құру,оның қызығушылықтары туралы психологиялық кеңес беру. Тақырып төңірегіндегі «қазіргі кездегі» тіркесіне анықтама беру үшін келтірілген мысалдар сарыны осындай.
Психолог – кеңес беру барысында барлық тұжырым,кеңестеріне жауапкершілік артады. Ситуацияның өрбу барысында заманның ағымынан қалыспай,әдістік жолмен пациенттің күйзелісін жою,одан арылту – басты міндет. Оның интелектуалды және тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып,пайда болған күйзелістен құтылуға оперативті түрде шешу үшін жұмыс жасауы қажет. Берген кеңестеріне сақ болып, практикалық нәтижесін жетік меңгеруі қажет. Бұл факторлар қазіргі кездегі кеңес берудегі басты алғышарттар.
Қорытынды.
Қорытындылай келе,адам әр уақытта да психологтардың кеңесіне жүгіне алады және бұл сферада кеңес беру әдістері де сол уақытқа,күйзеліс деңгейіне,оқиғаға байланысты өзгеріп отырады. Алайда, кеңес беру жұмысы әрқашан маңызды деп айта аламыз. Қазіргі кездегі психололгиялық кеңес беру туралы түсінік- адамдардың даму эволюциясына байланысты жаңаша әдістерді табу,оны әрі қарай дамыту толқынын әрқашан қабылдап отырады деген тұжырым шығарамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет