Түсінік хат «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқыту орыс тіліндегі мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылады. Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде емес) жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының (оқыту қазақ тілінде емес) ерекшеліктері
Оқу мақсаттары жеңілдетіп берілген. Кейбір оқу мақсаттарына түсініктеме ретінде ұсынымдар беріліп, оқу мақсатттарына өзгерістер енгізілген.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқу бағдарламасының мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тілдік нормаларды сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:
- шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
- білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;
- туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;
- оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
- оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
- білім алушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны 5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді бөлімшелер құрайды, олар сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқыту мақсаттарынан тұрады. Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.
Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлімді құрайды: 1) тыңдалым; 2) айтылым; 3) оқылым; 4) жазылым; 5) тілдік бағдар.
«Тыңдалым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) болжау; 2) назарын шоғырландырып тыңдау; 3) сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну; 4) көркем шығармаларды тыңдау; 5) негізгі ойды анықтау; 6) тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.
«Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) мәтіндегі ақпаратты анықтау; 2) стильдік ерекшеліктерді анықтау; 3) көркем шығармаларды оқу; 4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау; 5) қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу; 6) өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау.
«Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру; 2) эссе жазу; 3) көркемдегіш құралдарды қолданып жазу; 4) мәліметтерді жинақтау; 5) орфография және пунктуация.
«Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: 1) сөздік қорының алуандығы; 2) сөз мәнері мен сөйлеу этикеті; 3) орфоэпиялық нормаларды сақтау; 4) мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау; 5) сенімді және еркін жауап беру; 6) визуалды материалдар арқылы тілді дамыту.