17 слайд. 2. Екінші топтағы әдіснамалық білімді философиялық, гносеологиялық, педагогикалық тұжырымдамалар, еңбектер құрайды.
3. Педагогикадағы білімдер туралы білімдер - өзгермелі, әрі педагогика әдіснама құрылымындағы үлкен көлемді блок. Тәрбие және тәжірибе туралы ғылым теориялық және эмипирикалық материалдың үлкен қорын жинақтайды. Әдіснамалық білімнің дамуы – педагогика мәліметтер банкін жасау. Бұл педагогикалық тәжірибе теориялық зерттеулер мен іс-тәжірибелермен қамтамасыз етілген.
18 слайд. 4. Педагогикадағы ұғымдар қоры тәрбие және әдіснаманың мазмұндық компоненті ретінде педагогикалық үдерістің дамуында және педагогика ғылымы мен тәжірибесі ұштасуында ерекше рөл атқарады. Мұнда ғылым алдында ақпараттар қорын құру туралы мәселе туындайды.
5. Педагогикалық зерттеулер әдістері – әдіснамалық білімнің негізгі блогы. Педагогикалық зерттеулер әдістерінің қайта құрылуы бірнеше бағытта іске асуы керек. Бәрінен бұрын, дәстүрлі әрбір әдісті оның негізгі сапалары мен сипаттамалары және мүмкіндіктерін танымдық құрал ретінде бағалау керек. Педагогика ғылымы әдістерін сапалы жетілдіруде ұжымдық ғылыми әдістерді жасау маңызды болып табылады.
19 слайд. 6. Педагогикалық болжаудың әдістері мен ұстанымдары. Кез келген ғылыми ізденістің бөлігі педагогикада жаңа шешім, әдістемелік, ұйымдастырушылық немесе басқа да құрастыру элементтерін көрсетеді.
7. Педагогикалық болмысты қайта құрудың әдістері мен ұстанымдары. Диагностикалық, түсіндірмелік әдістер қарқынды дамуда.
20 слайд. 8. Педагогикалық зерттеулер нәтижелерін және бағыттарын идеологиялық тұрғыдан түсіндіру.
9. Педагогиканың өлшемдік аппараты педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми және тәжірибелік нәтижелерінің сапасы мен тиімділігін жеткілікті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Өлшем жүйесінің әдіснамалық негізінсіз шынайы жетістіктің сапасын тиімді бағалау және басқару қызметін жүзеге асыру мүмкін емес. Көрсеткіш пен өлшем жүйесінің болмауы педагогикалық үдерісті тежейді.
Сонымен, педагогикадағы әдіснамалық білімнің құрамы осындай. Мұны қолдану педагогиканың әдіснамасын жоғары сатыға көтеріп, оны педагогикалық үдерісті жеделдетудің стратегиялық құралына айналдыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |