№9 ДӘріс «ЕҢбек нарығЫ. ЖҰмыссыздық МӘселесі»


) фрикциондық жұмыссыздық



бет3/7
Дата06.11.2023
өлшемі1.48 Mb.
#482469
1   2   3   4   5   6   7
Lecture 9 Macro

1) фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың әртүрлі өмір кезеңдерінде бір жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына тұрақты түрде ауысып отыруына байланысты туындайтын қысқа мерзімдегі еркін жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыс іздеумен және оны күтумен байланысты. Азаматтардың кәсіби біліктілігі мен жеке талғамдарына сәйкес келетін жұмыс орындарын іздеу белгілі бір уақытты талап етеді. Жұмыскерлердің территориялық жағынан орын ауыстыруы да белгілі уақытты талап етеді. Жұмыс күшінің бір бөлігі кәсіби мүдделерінің, тұрғылықты мекен-жайларының өзгеруімен және басқа да себептердің болуымен байланысты өз қалауы бойынша жұмыстан шығып кетіп отырады. Сондай-ақ, жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген азаматтар да жұмыссыздықтың осы категориясына кіреді.
2) Құрылымдық жұмыссыздық еңбек ұсынысы мен еңбекке деген сұраныстың сәйкес келмеуінен пайда болатын ұзақ мерзімді жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі өндірістегі технологиялық алға жылжулармен байланысты және осыған сәйкес жұмыс күшіне деген сұраныстың құрылымы өзгереді. Бұл жұмыссыздық мамандықтары «ескірген» немесе ғылыми-техникалық прогресстің дамуына байланысты экономикаға қажеті шамалы болып табылатын азаматтардың арасынан көрініс табады. Құрылымдық жұмыссыздыққа тап болған азаматтар өз еңбек қызметтерін «дайын» күйінде еңбек нарығына ұсына алмайды және жаңа жұмыс орындарына орналасу үшін кәсіби қайта даярлаудан өтулері қажет. Қайта даярлаудан өту үшін аса көп уақыт кетеді және көбінесе мемлекет тарапынан қосымша шығындар жұмсауды талап етеді.
3) Циклдік жұмыссыздық өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе жиынтық сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез-келген мамандық бойынша жұмыс таба алмаудан орын алатын жаппай жұмыссыздықтың мәжбүрлі аса ауыр түрі. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейінен ауытқуымен байланысты. Экономикалық құлдырау кезеңінде циклдік жұмыссыздық фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал экономикалық өсу (өрлеу) кезеңдерінде циклдік жұмыссыздық жоғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет