36
Кәрі жілік - os radii – медиальды орналасқан (сурет 16). Проксимальды ұшында
оның басы - caput radii. Білек қаңқасын блоктау үшін баста буынды шұңқыр -
fossa articularis бар. Бастың қасында кәрі жілік бұдыры tuberositus radii.
Дистальды ұшында
буынды блок- trochlea radii, ал онда емізікше - sulcus мен
жота - crista орналасқан. ,
Шынтақ сүйегі- os ulnae – ірі қара малда өте жақсы дамыған. Оның
проксимальды бөлігінде жақсы жетілген шынтақ сүйегінің өсіндісі processus
olecrani, ал оның үстінде шынтақ төмпешігі –olecranon болады. Осында,
алдыңа қарай тұмсық тәріздес өсінді -processus anconeus, ал
одан төмен қарай
жартылай айлы кескін -incisura semilunaris орналасқан. Шынтақ сүйегінің
денесі үшбұрышты, ол қозғалмастан кәрі жілік сүйекпен тұтасып өседі.
Олардың арасында сүйек аралық тесік –spatium interosseum бар. Шынтақ
сүйегінің дистальды ұшында латеральды грифельды өсіндісі - processus
styloideus lateralis бар.
Ерекшеліктері: жылқыларда кәрі жілік бұдыры кең, сүйек аралық тесігі үлкен.
Шошқаларда шынтақ сүйегі жақсы дамыған. Иттерде екі сүйектері де
жақсы
дамыған, шынтақ өсіндісі үш төмпешіктен тұрады.
.
Достарыңызбен бөлісу: