Жыныс ернеулері(половые губы) — labia vulvae — жоғарғы және
төменгі жағынан дорсальды және вентральды бітістер (commissural labiorum
dorsale et ventrale) арқылы жалғасады. Оның негізін бірыңғай салалы және
көлденең жолақты ет ұлпаларынан тұратын жыныс саңылауының қысқыш еті
(m.constrictor vulvae) құрайды. Жыныс ернеулері терісінің медиальды беті көп
қабатты жалпақ эпителиймен астарланған.
Ерекшеліктері: шошқалардың жыныс ернеулерінің вентральды бітістері
ұшталған, одан тілше тәріздес салпыншақ төменге қарай түседі. Биенің жыныс
ернеулерінің дорсальды бұрышы ұшталған, ал вентральды бұрышы –
жұмырланған; жыныс ернеулерінің сытқы беті пигменттелген терімен
қапталған; ерін қабатында қысқыш вульва орналасқан; вульваның вентральды
ұшынан осы бұлшық еттен клиторға дейін бұлшық ет будасы өтеді (жыныс
тегісінің «жапықтау»). Аналық иттердің жыныс ернеуі білек тәріздес.
Клитор — clitor — үңгір қуысты денеден құралған. Оның аяқшасы,
денесі және төбесі болады. Клитордың аяқшалары шонданай төмпегіне бекиді.
Аяқтарымен бірге жанасып, клитордың біршама ұзын денесін — corpus
clitoridis (12 см-ге дейін) қалыптастырады және ол клитордың ұшымен — glans
clitoridis аяқталады. Ол клитордың күпегімен — praeputium clitoridis жабылған.
Ерекшеліктері: шошқалардың клиторы өте ұзын келген, кішкене ғана иілген
және несеп-жыныс кіреберісіне жақын орналасады да, күпек қпшығында
жойылады. Ал клитордың ұшы жазық конус тәріздес жыныстық тесігінде
шығады.
Биенің клиторы мықын ойығынан басталады. Клитордың ұшы немесе басы
вульваның вентральды бұрышынан емін-еркін көрінеді. Ал клитордың күпекті
167
қапшығы клитордың шұңқырын түзеді. Қаншықтың клиторы жақсы дамыған,
сонымен қатар жіңішке аяқтары мен кең жазық денесі және денесінің ұшында
клитордың басы бар. Ол кең және терең күпекті шңнқырмен көрінбей,
жбылған.