А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Көркем шығарманы мәнерлеп оқу, оны қабылдау мен танытудағы



Pdf көрінісі
бет48/102
Дата21.02.2023
өлшемі2.39 Mb.
#469861
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Көркем шығарманы мәнерлеп оқу, оны қабылдау мен танытудағы 
алғашқы қадам. Кӛркем шығарманы мәнерлеп оқу қабылдауға жолбасшы 
болатын ең басты тәсілдің бірі. Мәнерлеп оқылған мәтін оқушыға әр сӛздің 
ӛзіндік ӛрнегі мен мәнін ашып, сезінуіне тиімді ықпал етеді. Ӛз мәнінде 
мәнерлеп оқылған мәтін тыңдаушысына кӛркем кӛріністі де, мәтіндегі автор 
толғанысын да, поэтикалық образды да т.б. шығарма ӛзегіндегі қат-қабат 
ойлардың ағымын да сездіруге дәрменді.
Мәтінді мәнерлеп оқу мәселесін сӛз еткенде екі жақты жұмыс түрін 
анықтаған орынды. Оның бірі, мәтінді оқушының алғаш қабылдауын 
ұйымдастыру мақсатында мұғалімнің оқуы. Екіншісі, әдебиет пәні аясында 
оқушылардың мәнерлеп оқу дағды, машығын қалыптастыру. Мұғалімнің
мәтінді мәнерлеп оқуы да аса маңызды. Себебі мәтінді қабылдауға, талдауға 
алғашқы қадам ретінде мұғалімнің мәнерлеп оқуы, мәтін аясында 
жүргізілетін басқа да оқу-танымдық жұмыстардың тиімді жүргізілуіне ықпал 
1
Выготский Л. Педагогическая психология. М., Педогогика, 1991.–175 
2
Корст Н.О. Восприятие литературного произведения и его анализ в школе 
//Вопросы анализа литературных произведений. –М,. 1969. 


98 
етеді. Мектеп практикасында тек лирикалық шығармалар ғана мәнерлеп 
оқуға ұсынылады деген бір жақты пікір қалыптасқан. Негізінде прозалық 
шығарманың үзіндісі де, шығармадағы пейзаж, монолог, кейде диалог, 
драмалық шығарма бӛлігі де мәнерлеп оқылады. Басты мақсат шығарманы 
мәнерлеп оқуға дағдыландыру болмақ. Мәтінді жатқа оқу мәнерлеп оқудың 
тиімділігін арттыратын бір амал. Себебі жаттаушы мәтінді ӛзегінен шығара 
жатқа айту арқылы авторлық ойға жақындай түседі. Әр сӛздің мәнін ашатын
дауыс ырғағы мен екпінін түсіруге жақын болады.
Мәнерлеп оқуға оқушыларды тӛселдіру үлкен дайындықты қажет етеді.
Бағдарлама талаптары бойынша мәнерлеп оқуға дағдаландыру 5-7 сынып-
тарда міндеттеледі әрі ол үздіксіз жүргізілуі тиіс жұмыстың бірі. Аталған 
сыныптарда кездесетін қиындықтың бірі мәтінді жүргізіп шапшаң оқу 
дағдыларының әр оқушыда әр дәрежеде болуы. Мәтінді әрі жылдам, әрі 
дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу – үлкен еңбектің жемісі. Оқу жылдам-
дығы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл-ой еңбегіне ынтасы да арта 
түседі. Мәтінді баяу оқыған бала оның мазмұнын түсінбейді. Кейде шапшаң 
оқимын деп сӛздің кей буындарынан қате жіберіп жатады. Шапшаң оқуға 
жүйелі түрде күнбе-күн оқыту арқылы ғана дағдыландыруға болады. Мәтінді 
оқу – бұл графикалық белгілермен берілген басқа біреудің ойын меңгеру. 
Дұрыс түсініп, жылдам мәнерлеп оқу – бір-бірімен тығыз байланысты.
Сондықтан оқушыны жаттықтыру үшін де әр сабақта іске асырып отыру 
қажет. Мәнерлеп оқу екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, тыныс 
белгілерін сақтап, дұрыс кідіріс жасау, дауысты сӛйлемдегі ой мазмұнына сай 
баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, кӛңіл-күйді кӛтеріңкі күйде оқу 
ескеріледі. 
Мектеп тәжірибесінде оқушылардың кӛбінде ӛлең шумағын, тармағын 
бір ырғақта оқу қалыптасқан. Мәнерлеп оқуға тӛселдіру жұмыстарында 
мұғалім мәтінді байыппен оқи отырып оқушыларға дауыс қарқыны, ырғағы, 
логикалық, психологиялық екпіндері, белгілі бір мәндегі сӛздерді оқығандағы 
қысқа және ұзақтау кідірістерді байқатуы керек. Мұғалімнің мәнерлеп 
оқуының ӛзі оқушылар үшін «дыбыстық кӛрнекілік» болуы мүмкін. Бірақ
бұл үнемі мұғалім ӛзі оқып, бақылату керек деген ой емес. Мәнерлеп оқу 
әдіс-амалдарын да түрлендіріп жүргізу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет