А. Б. Аубакиров атындағы адам анатомия кафедрасы



Дата13.12.2023
өлшемі0.53 Mb.
#486381
КИС ЖМ каз 1 курс 22.09.23









«Астана медицина университеті» КеАҚ



БӨҚ-10.2




А.Б. Аубакиров атындағы адам анатомия кафедрасы



-беті -беттің




БІЛІМІН, ІСКЕРЛІГІН ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫН
БАҚЫЛАУШЫ-ӨЛШЕГІШ ҚҰРАЛДАР
Пән Анатомия негіздері. Тірек-қимыл аппараты. Нерв жүйесі.

Білім алу бағдарламасы 6В101107 «Жалпы медицина»


Практикалық сабақтар 50 сағат


ОБӨЖ 25 сағат


БӨЖ 75 сағат


Барлығы 5 кредит/ 150 сағат


Курс 1

Семестр І

Астана 2023 ж.


Аралық бақылау емтихан сұрақтары



  1. Анатомия пәні және маңызы. Клиникада және медицина практикасында анатомия пәнінің маңызы. Анатомиялық тексерістердің шаралары және әдістері.

  2. Омыртқа бағанының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері, варианттары, патологиясы.

  3. Мойын омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері.

  4. Кеуде омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері.

  5. Бел омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері.

  6. Сегізкөз сүйегінің анатомиясы.

  7. Қабыртқалар, құрылысы, І, ХІ, ХІІ қабыртқалардың ерекшеліктері.

  8. Төс, бұғана, жауырын құрылысы,

  9. Тоқпан жілік: құрылысы.

  10. Білек сүйектері: шынтақ, кәріжілік сүйектері.

  11. Қол басы сүйектері: білезік, алақан, саусақ сүйектері.

  12. Жамбас сүйектері. Жамбас тұтас.

  13. Еркін аяқ сүйектері: ортан жілік, құрылысы.

  14. Сирақ сүйектері: асықты жілік, кіші жіліншік сүйектері.

  15. Аяқ басы сүйектері: тілерсек, бақай, бақайшақ сүйектері.

  16. Ми сауытының дамуы. Жас шамалық, жыныстық және меншіктік ерекшеліктері.

  17. Бассүйек төбесінің сүйектері: маңдай, төбе және шүйде сүйектері, құрылысы.

  18. Жоғарғы жақсүйек, құрылысы. Төменгі жақсүйек, құрылысы.

  19. Самай сүйек, құрылысы.

  20. Сынатәрізді сүйек, бөлімдері, тесіктері, олардың маңызы.

  21. Бассүйектің ішкі негізінің топографиясы, тесіктері мен олардың қызметі.

  22. Бассүйектің сыртқы негізінің топографиясы, тесіктері мен олардың қызметі.

  23. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары.

  24. Буындардың құрылысы. Буындардың буын пішініне, қозғалыс біліктеріне, қызметтеріне байланысты жіктелуі.

  25. Шықшыт буыны, жалғамала құрылысы, қызметі.

  26. Иық буыны, құрылысы, қозғалыс көлемі.

  27. Шынтақ буыны, құрылысы, қозғалыс көлемі.

  28. Кәріжілік білезік буыны, құрылысы, қозғалыс көлемі.

  29. Ұршық буыны: құрылысы, қозғалыс көлемі.

  30. Тізе буыны: құрылысы, қозғалыс көлемі.

  31. Сирақ-табан буыны, құрылысы, қозғалыс көлемі.

  32. Арқаның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары. Кеуде торының бұлшықеттері мен шандыр қабықтары.

  33. Көкет, тесіктері, әлсіз жерлері.

  34. Алдыңғы, артқы және бүйір құрсақ қабырғасының бұлшықеттері, қызметі.

  35. Ымдау бұлшықеттері, құрылыс ерекшеліктері, қызметі.

  36. Шайнау бұлшықеттері, құрылыс ерекшеліктері, қызметі.

  37. Мойынның бұлшықеттері.

  38. Иық белдеуінің бұлшықеттері мен фасциялары, қызметі.

  39. Иықтың бұлшықеттері мен фасциялары, қызметі.

  40. Білектің бұлшықеттері мен шандыр қабықтары, олардың қызметі.

  41. Бөксе аймағының бұлшықеттері.

  42. Санның бұлшықеттері, олардың қызметтері.

  43. Сирақтың бұлшықеттері, олардың қызметі.

  44. Нерв жүйесінің жіктелуі.

  45. Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік бірлігі –нейрон.

  46. Жұлынның сыртқы, ішкі құрылысы.

  47. Жұлынның сегменттік құрылысы, топографиясы.

  48. Рефлекторлық доғалар, қарапайым және күрделі.

  49. Жұлынның қабықтары және қабықаралық кеңістіктері.

  50. Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары.

  51. Соңғы ми. Ми сыңарының жоғарғы-латералді бетінің жүлгелері және қатпарлары.

  52. Мидың медиалді және базалді беттерінің жүлгелері мен қатпарлары.

  53. Ми қыртысы, оның қабаттары. Анализатор туралы түсінік. Ми қыртысы орталықтары.

  54. Комиссуралді және ассоциативті, проекционды талшықтар туралы түсінік. Сүйелді дене, күмбез, алдыңғы дәнекер, ішкі капсула: құрылысы, функциялық маңызы.

  55. Иіс сезу миы, оның орталық және шеттік бөлімдері, филогенез.

  56. Соңғы мидың базалді ядролары.

  57. Мидың латералді қарыншалары, бөлімдері, олардың қабырғалары, қатынасы.

  58. Аралық ми, бөлімдері, таламус аймағы: бөлімдері, қызметі.

  59. Таламусасты аймағы, оның бөліктері.

  60. III қарынша, қабырғалары, қатынасы.

  61. Ортаңғы ми, бөлімдері, құрылысы, қызметі.

  62. Артқы ми, бөлімдері, құрылысы (Варолий көпірі).

  63. Мишық, құрылысы, ядролары, аяқшалары, қызметі.

  64. Сопақша ми, сыртқы, ішкі құрылысы, ядроларының қызметі.

  65. Мидың IV қарыншасы, оның қабырғалары, құрамы. Ромбтәрізді ми қылтасы, оның құрамы.

  66. Ромбтәрізді шұңқыр, ми нервтері ядроларының проекциясы.

  67. Мидың қабықтары және қабықаралық кеңістіктері.

  68. Цистерна туралы түсінік. Субарахноидалды кеңістік цистерналары.

  69. Мидық қатты қабығы, туындылары және қатты қабық қойнаулары.

  70. Жұлын сұйықтығының өнімі және ағу жолдары, оның функциялық маңызы.

  71. Көру ағзасы: жалпы құрылысы. Көз алмасының көмекші аппараты.

  72. Көз алмасы, қабықтары, олардың құрылысы.

  73. Көздің сындыру орталығы. Жас аппараты.

  74. Есту және тепе-теңдік сақтау ағзасы: жалпы құрылысы. Сыртқы құлақ, құрылысы, қызметі.

  75. Ортаңғы құлақтың анатомиясы, дабыл қуысының қабырғалары, қатынасы

  76. Ішкі құлақ, бөлімдері, құрылысы, қызметі.

  77. І жұп ми нерві.

  78. ІІ жұп ми нерві.

  79. III, IV, VI жұп ми нервтері. Көз алмасының нервтенуі.

  80. VІІІ жұп ми нерві.

  81. V жұп ми нервтің бірінші тармағы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

  82. V жұп ми нервтің екінші тармағы, тармақтары, нервтендіру аймақтары және бастың вегетативтік түйіндермен байланысы.

  83. V жұп ми нервтің үшінші тармағы, тармақтары, нервтендіру аймақтары және бастың вегетативтік нерв жүйесімен байланысы.

  84. VII жұп ми нерві, ядролары, топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

  85. ІХ жұп ми нерві, ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары және бастың вегетативтік түйіндермен байланысы.

  86. Х жұп ми нерві, ядролары, топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

  87. ХІ жұп ми нерві, ядролары, топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

  88. ХІІ жұп ми нерві, ядролары, топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

  89. Проекциялық талшықтар туралы түсінік, олардың жіктелуі

  90. Жұлын нервтерінің қалыптасуы, олардың тармақтары, нервтендіру аймақтары.

  91. Мойын өрімі, қалыптасуы, топографиясы, тармақтары және нервтендіру аймақтары.

  92. Иық өрімінің бұғанаүсті бөлімі, оның біріншілік будаларының қалыптасуы, қысқа тармақтары (атаңыздар) және нервтендіру аймақтары.

  93. Иық өрімінің бұғанаасты бөлімі, оның екіншілік будаларының қалыптасуы, ұзын тармақтары және нервтендіру аймақтары.

  94. Кеуде жұлын нервтері, олардың топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

  95. Бел өрімі, қалыптасуы, топографиясы, тармақтары және нервтендіру аймақтары.

  96. Сегізкөз өрімі, қалыптасуы, топографиясы, қысқа тармақтары, нервтендіру аймақтары.

  97. Сегізкөз өрімінің ұзын тармақтары, олардың қалыптасуы, нервтендіру аймақтары. Шонданай нерві, қалыптасуы, топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

  98. Вегетативтік нерв жүйесі, жалпы сипаттамасы. Вегетативтік және сомалық нерв жүйелерінің айырмашылықтары.

  99. ВНЖ жіктелуі, бөлімдері және олардың топографиясы.

100.Вегетативтік рефлекторлық доға.

Кафедраның 2023 жылғы «28» тамыз отырысында талқыланды, № 1 хаттама.




Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Алмабаева А.Ы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет