Медициналық ұйымның атауы
|
Құрылымдық бөлімшенің атауы:
|
|
Құжаттың атауы:
|
Операциялық рәсімдер стандарты:
«Пациенттерді сәйкестендіру қағидалары»
СОР
|
Бекітілді:
|
|
Бекітілген күні:
|
|
Әзірлеген:
|
Лауазымы
|
Т.А.Ә.
|
Қолы
|
|
|
|
|
|
|
Келісілді:
|
|
|
|
|
|
|
Келісілген күні:
|
|
|
|
Орындауға жауапты адам:
|
|
|
|
Қолданысқа енгізілген күні:
|
|
|
|
Нұсқа №
|
Көшірме №__ ______/ _________/
қолы Т.А.Ә.
|
Қала, жылы
СОР «Пациенттерді сәйкестендіру қағидалары»
Мақсаты:
Емдеу немесе басқа манипуляция жүргізу тағайындалған пациентті дұрыс анықтау.
Пациентке дұрыс емдеу-диагностикалық процедураны ұсыну.
Пациенттерді диагностикалау мен емдеуде қажетсіз нәтижелердің қаупін азайту.
Қолдану аясы: Аурухананың клиникалық және параклиникалық бөлімшелері.
Жауаптылық: Аурухананың барлық медициналық қызметкерлері.
Анықтамалар:
Сәйкестендіру білезігі – қауіпсіз медициналық көмек көрсету үшін науқасты дұрыс анықтау мақсатында білекке немесе науқастың табан буыны аймағына тағылатын білезік (жағдайына сәйкес).
Сәйкестендіру стикері (жапсырма, заттаңба) – пациент туралы ақпаратты қамтитын өздігінен жабысатын шағын жапсырма – сәйкестендіргіштер, науқастың жеке басын дұрыс анықтау үшін қолданылады, медициналық құжаттамада (стационарлық науқастың медициналық картасында), пациент материалының үлгілерін, науқастың жеке дәрі-дәрмектерін және т.б. сәйкестендіру үшін қолданылады.
Ерекше жағдайлар – науқас коматоздық немесе сандырақтау/бағдарсызданған күйде кезде, құжаттары жоқ кезде, ата-анасы есімін әлі таңдамаған жаңа туған нәресте жағдайында қолданылады.
Ресурстар/жарақтандыру:
Сәйкестендіру білезіктері/бейдждер;
Стикерлер/жапсырмалар;
Сәйкестендіру білезігін басып шығаруға арналған принтер.
Құжаттау:
Екі сәйкестендіргіш – ТАӘ және туған күні толық көрсетіледі:
сәйкестендіру білезігінде;
стикерде, жапсырмада;
стационарлық науқастың медициналық картасының әрбір парағында парақтың алдыңғы жағының оң жақ жоғарғы бұрышында.
Сәйкестендіру білезіктерінің түстеріне қойылатын талаптар:
Барлық пациентке ақ түсті білезік беріледі;
Дәрілік аллергиясы бар пациентке көк түсті білезік беріледі;
Құлау қаупі жоғары пациентке қызыл түсті білезік беріледі немесе ақ сәйкестендіру білезігіне қосымша қызыл жапсырма бекітіледі.
Сәйкестендіру білезіктеріне/бейдждерге қойылатын талаптар:
Сәйкестендіру білезіктері, бейдждер мына пациенттерге беріледі:
стационар пациенттеріне;
стационарды алмастыратын көмек (күндізгі стационар) пациенттеріне.
Ұйымның медициналық қызметкерлеріне қойылатын талаптар:
Барлық медициналық қызметкерлер науқасты толық және дұрыс сәйкестендіруге жауап береді:
емдеудің алдында, мысалы, дәрілік заттарды, қанды немесе қан компоненттерін енгізудің алдында; арнайы диетаны берудің немесе сәулелік терапияны жүргізудің алдында;
процедураларды, мысалы, көктамырішілік инъекция, тамшылатқышты орнату немесе гемодиализ жүргізер алдында;
диагностикалық процедуралардың алдында, мысалы, клиникалық зерттеуге немесе рентгенологиялық зерттеуге қан мен басқа сынамаларды алудың алдында;
коматозды немесе сандырақ күйдегі, бағдарсызданған науқастарға және әлі есім берілмеген жаңа туған нәрестелерге медициналық қызмет көрсетер алдында.
Достарыңызбен бөлісу: |