32
Тырна
естіп мына сөзді, судай тасты,
Қасқырдың тамағына тықты басты.
Суырып сүйекті алып тастап еді,
«У
һ
!» – деп Қасқыр сонда көзін ашты.
Құтқарған зор бәледен Тырнасына
Ол бірақ көрсетпеді ықыласты.
«Еңбегін бер» деп Тырна сұрап еді,
Қасекең сау күндегі әнге басты:
Не дейсің,
ойын ба осың, шын ба, Тырна?
Қажауға мәжнүн
4
жоқ саған мұнда.
Ақы алып өзгелерден дәндеп қапсың,
Қой, Тырнам, ойнап мені әуре қылма!
Мен саған олжа боларың ба едім?
Құтқардың сөзім сыйлап, ерінбедің.
«Сыйға-сый» дегенменен, таз басыңды
Аузыма салып тұрған кемірмедім.
Көрінбей,
жоғал шапшаң, көзіме енді,
Түсініп айтқан достық сөзіме енді.
Аш бөрі неше күндей дәм татпаған,
Ұялмас тап беруге өзіңе енді.
Тырна естіп мына сөзді жаман састы,
Етпес деп Қасқыр олай, ойламасты.
«Садақа бастан құлақ»
деген мақал,
Бейшара жан сауғалап тұра қашты.
* * *
Қиссасы
5
«Қасқыр, Тырна» болды тәмам,
Мінездес Қасқырменен кейбір адам.
Басына бәле түсіп қысылғанда
Жалынып-жалпаяды келіп саған.
Құтқарып ол бәледен жіберген соң,
Болмайды оған кісі сенен жаман.
Жоқ болған отқа күйіп мүлкіңдей-ақ,
Қайырың зая кетер еткен оған.
Кісіге опа бермес ондай адам,
Қашыңыз
ондай жаннан, келсе шамаң.
4
Мәжнүн – араб сөзі «ессіз», «ақымақ» деген мағынада.
5 Қисса – араб сөзі «әңгіме» деген мағына.
33
Қасқырға қайыр істеп Тырна байғұс,
Қуанды кеткеніне өзі аман.
Қайырды қарап істе адамына,
Қарайлас өзіңменен шамалыға.
Қасқырдай қара жүрек залымдардың
Жүрмеңдер түсіп кетіп тамағына.
Достарыңызбен бөлісу: