А. Байтурсынов атындағы Қму қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері



Дата02.01.2022
өлшемі175.57 Kb.
#453931
түріБілім беру бағдарламасы
Абитурентке арналған қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері


А. Байтурсынов атындағы ҚМУ қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері


Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы оқыту жүзеге асырылады:

- техникалық және кәсіптік білім негізінде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша - 3 жыл;

- жоғары білім негізінде - 2 жыл;

- негізгі білім беру бағдарламасына сәйкес арнайы білім қажеттіліктері бар тұлғалар үшін (оның ішінде мүгедек балалар, I және II топтағы мүгедектерге), ұзақтығы 4 жыл.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолданатын студенттердің оқу уақытының негізгі бөлігі университеттің қашықтықтан оқыту порталында өткізіледі md.ksu.edu.kz
Бірінші курс студенті қыркүйек айында МІНДЕТТІ ТҮРДЕ 07.09.2020- 12.09.2020 аралығында өтетін бекіту аптасына университетке келуі тиіс.
Бекіту аптасы кезінде (университетте):

- студенттерге логин мен пароль беріледі, Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі порталында қалай жұмыс істеуді түсіндіреді, көрсетеді және үйретеді;

- студенттер оқытушылар, эдвайзарлар, директорат қызметкерлерімен қашықтықтан оқыту және кәсіби дамыту институтының мамандарымен танысады;

- 1 семестрдің әрбір пәні бойынша оқытушылар кестеге сәйкес кеңес беру дәрістерін жүргізеді, курстың ерекшеліктері мен семестрдегі тапсырмалар туралы ақпарат береді.


Сессияаралық кезеңде (оқу семестрлары) студенттер порталда білім алады:

- Moodle қашықтықтан оқыту жүйесіндегі пәндерді меңгереді;

- тесттік сауалнамаларды, бақылау және курстық жұмыстарын орындап, оны қорқап, оларды оқытушыға тексеру үшін Moodle жүйесіне жібереді;

- оқутышылардың орындалған тапсырмаларға қойған бағаларын және жазған пікірлерін қарай алады;



- он-лайн дәрістерге қатысады (вебинарлар мен веб-конференцияларға), пәндерді меңгерудің барлық кезеңінде оқытушыдан он-лайн кеңес алады.
Әрбір семестр соңында ішкісеместрлік аттестация өткізіледі: әр пән бойынша семестрлік рейтингісін автоматты түрде есептеу (барлық бақылау тапсырмалары үшін арифметикалық орташа баға) және емтиханға өтуін анықтау.
Емтихандар қашықтықтан on-line режимінде, компьютерлік тестілеу түрінде немесе ауызша, веб-конференция арқылы жүзеге асырылады.
Оқу аяқталғаннан кейін университетте қорытынды мемлекеттік аттестаттау өткізіледі - студенттер мемлекеттік емтихан тапсырады және дипломдық жұмыстарын қорғайды.
Осылайша, оқудың барлық кезеңінде студенттер университетке ЕКІ РЕТ келуі керек - 1 семестрде бекіту аптасына және қорытынды мемлекеттік аттестаттауға.
Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі, вебинарлар, ішкісеместрлік аттестациялар, емтихандар, жазғы семестр және өндірістік тәжірибе туралы толық ақпаратты бекіту аптасында білетін боласыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет