А.Қ. Бекболғанова жаңа педагогикалық технологиялар оқу құралы талдықОРҒан 2013


Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары



бет14/19
Дата02.03.2020
өлшемі326.12 Kb.
#448068
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
18.jana (1)

Өзін - өзі тексеру және бақылау сұрақтары





  1. Қашықтықтан оқытудың қандай артықшылықтары бар?

  2. Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты қандай?

  3. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар, сол туралы қандай мәлімет бере аласыз?

  4. Кейс технологияға арналған материалдардың қандай түрлерін білесіз?

  5. «Қашықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері қандай?

  6. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті қандай?

  7. Қашықтықтан оқыту артықшылықтары қандай?

  8. Өндірісте де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты – кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табыла ма?

  9. Кез келген қашықтықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары қандай?

  10. Қашықтықтан оқыту жүйесін құру қағидалары неше бөліктен тұрады?



Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар





  1. «Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі» тақырыбында баяндама жасаңыз.

  2. Оқытудың ұтымды қағидалары туралы конспект жасаңыз.

  3. «Қашықтықтан оқыту жүйесінің типтері» тақырыбында реферат дайындаңыз.

Білімді бағалауға арналған тест сұрақтары





  1. Кейс технологиясына анықтама беріңіз.

А) қағазды, электронды, өзге де жеткізу түрінде және оларды өздік оқитын білім алушылар үшін жіберілетін мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы негізінде жинақталған технология

Б) электрондық курстар құру, оқулықтар, оқу жүйесін ақпараттық қамсыздындыру, педагогикалық технология

С) дәстүрлі және қашықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау технологиясы

Д) оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасын жүйелі ұйымдастыру технолгиясы

Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру технологиясы


  1. Желілік технологияға анықтама беріңіз.

А) білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивті қарым-қатынас түрінде, сондай-ақ интернет жүйесін колдану негізінде оқу үрдісін басқаруда оқу-әдістемелік материалдармен қамтасыз ету технологиясы.

Б) электрондық курстар құру, оқулықтар, оқу жүйесін ақпараттық қамсыздындыру, педагогикалық технология

С) дәстүрлі және қашықтан консультацияларды ұйымдастыру

кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау технологиясы

Д) оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасын жүйелі ұйымдастыру технолгиясы

Е) оқушылардың білімін жүйелі ұйымдастыру технологиясы



  1. Қашықтықтан білім беру жүйесінің жұмыстары қай жылы басталды?

А) 2010

Б) 2011

С) 2012

Д) 2013



Е) 2014

  1. Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты...

А) жеке адамды интеллектуалды дамыту, ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйрету

Б) деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру

С) оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу

Д) оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру



  1. Кейс технологияға арналған материалдардың неше түрі бар?

А) бес Б) алты С) жеті

Д) сегіз Е) тоғыз

  1. Қашықтықтан оқыту...

А) оқытушымен оқушының оқыту құралдары арқылы интерактивті қарым-қатынас әрекет үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық-педагогикалық технология

Б) компьютерлік оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру технологиясы

С) компьютерлік оқыту арқылы оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу технололгиясы

Д) компьютерлік оқыту арқылы оқушыларға кез келген мазмұны

сыни тұрғыдан қарау технологиясы

Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру технологиясы

7 Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағытын қалай

түсінесіз?

А) XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу

Б) компьютерлік оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру

С) компьютерлік оқыту арқылы оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу

Д) компьютерлік оқыту арқылы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарау

Е) жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыру



  1. Кез келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары нешеу?

А) 16

Б) 15

С) 14

Д) 13



Е) 12

  1. Қашықтықтан оқыту жүйесін құру үшін қанша қағида қарастырылады?

А) он

Б) тоғыз С) сегіз Д) жеті Е) алты



  1. Электрондық оқу-әдістемелік кешен қанша кезеңнен тұрады? А) сегіз

Б) тоғыз С) он

Д) онбір Е) онекі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет