А.Бошанов,
Бесқоспа селолық округінің әкімі
жоспардағы жұмыстар орындалуда
Селолық округтің жалпы жер көлемі - 70 676 га, ауыл аймағында 2 елді-мекен, 7 қыстақ орналасқан. Тұрғылықты халқының жалпы саны – 1 674 адам. Селолық округ аумағында 68 – ШҚ, 1 – АҚ, 1 – ЖШС тіркелген, сондай-ақ 8 азық-түлік дүкені жұмыс жасайды.
Есет батыр Көкіұлы – Ақтөбе және Есет батыр Көкіұлы – Алға маршруттары бойынша 2 – жеке автобус және 1 – Газель көліктері үзіліссіз қызмет көрсетуде.
Селолық округ бойынша екі мектеп, 1 – бастауыш мектеп және 1 – мектеп-бақша тіркелсе, ондағы оқушылар саны – 282, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі дайындық сабағында – 11 бала оқиды. Балабақшада 59 бала тәрбие алуда.
Селолық дәрігерлік амбулатория – 1 және 1 – елді мекен пункті жұмыс жасауда.
«Көркейе бер, Туған жер!» акциясы аясында жеке кәсіпкерлердің, ауыл тұрғындарының демеушілігімен Есет батыр Көкіұлы ауылы – Алға қаласы арасындағы тас жолына 8 бірлік жол белгілері орнатылды. Қызыл-ту, Бесқоспа, Табантал елді-мекендері бағытындағы көпір жөнделді. «Жастық» демалыс орталығы іске қосылды. Есет батыр атындағы мектеп – бақшасы мен балалар ойын алаңының аулаларына екі су бұрқақ салынды
Ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 1 200 000 теңге көлемінде республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Есет батыр Көкіұлы ауылындағы орталық саябақ ауласынан балалар ойын алаңы салынды.
ҚР «Салық және міндетті бюджеттік төлемдер туралы» Заңының талабына сәйкес жиналғаны – 678845 теңге орындалуы 100%.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Шаруа қожалықтарында – 738 бас ірі қара, 487 бас жылқы,75 бас түйе, және 5 564 бас қой-ешкі тіркелген. Малдарды бірдейлендіру жұмыстары толығымен аяқталып, мал басы анықталды. Жоспарға сәйкес егу, қан алу жұмыстары да толығымен орындалды. Көктемгі егіс науқанында 2100 гектар жерге дәнді және майлы дақылдар егілді. Мал қыстату мақсатында округ бойынша 73 000 центнер шөп дайындалып, халыққа арзандатылған бағамен «Рамазан» ЖШС 20 тонна бидай кебегі жеткізілді.
Қазіргі кезде ауыл ішінде 252 бірлік абоненттік желісі және де 22 бірлік сымсыз телефон қызмет көрсетуде. Сонымен қатар «Актив», «Билайн» ұялы байланыс желілерін халық игілігіне пайдалануда. Пошта – байланыс бөлімі де аптасына 3 рет газет журналдарды таратады.
Үстіміздегі жылы Есет батыр Көкіұлы ауылына ауыз-су бағдарламасы бойынша, ауыз-су құбыры 6 шақырым қашықтықтан тартылып, су жүйесі іске қосылып, толық пайдалануға берілді.
Алда тұрған мәселелер:
1.Есет батыр Көкіұлы ауылының көшелеріне электр шамдарын орнату.
2.Есет батыр Көкіұлы ауылының ортасындағы көпірге өтпелі жөндеу жүргізіп, қалқандарын жаңарту.
3.Ауыл аумағын қатты күл қоқыстардан тазарту.
Достарыңызбен бөлісу: |