А. Ф. Джаксылыков, А. И. Урюстюмова. МӘдениеттану барлық бакалавриат мамандықтары үшін культурология



бет1/24
Дата04.10.2023
өлшемі96.93 Kb.
#479723
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
методичка Джақсылықов А. Ф., Урюстюмова А.И.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

БЕКІТЕМІН


Гуманитарлық білім беру
факультетінің деканы
_____________А.Сарсембаева
____________2021 ж.
А.Ф. Джаксылыков, А.И.Урюстюмова.
МӘДЕНИЕТТАНУ
барлық бакалавриат мамандықтары үшін
КУЛЬТУРОЛОГИЯ
для всех специальностей бакалавриата

Өскемен
Усть-Каменогорск


2021

Джақсылықов А. Ф., Урюстюмова А.И. «Мәдениеттану»: Студенттердің семинар сабақтары мен өзіндік жұмыстарының жоспарлары/ Джаксылыков А. Ф., Урюстюмова А.И. Культурология: Планы семинарских занятий и самостоятельной работы студентов. - Өскемен: ШҚТУ, 2021.

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
«Мәдениеттану» пәні бойынша
бакалавриаттың барлық мамандықтары үшін
семинар сабақтарына және студенттердің
өзіндік жұмыстарына арналған

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, 2021


КІРІСПЕ
Мәдениет әрқашан қоғамдық дамудың маңызды факторларының бірі болып табылады, әсіресе қазіргі адамзат өмірі жағдайында. Бүгінгі күнде экономикалық және саяси сипаттағы мәселелерді шешу тікелей қоғамның мәдени даму деңгейіне және оның әрбір өкіліне байланысты. Егер біздің қоғамымыздың дамуының алдыңғы кезеңінде басты мәселелердің бірі материалдық жағдайды қамтамасыз ету болса, ал бүгінгі таңда адамгершілік сипаттағы мәселелер өзекті болып отыр.
Пәнді оқытудың мақсаты - студенттердің бойындағы гуманитарлық мәдениеттің негізгі құндылықтары қалыптастыру. Мәдениеттану әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндердің негізі ғана емес, сонымен қатар жоғары білім беру және кадрлар даярлау жүйесіндегі базалық оқу пәні болып табылады. Мәдениеттану әлемдік және ұлттық мәдениет дамуының заңдылықтары туралы, қазіргі қоғамның мультимәдени кеңістігінде кәсіби қызметке дайындық туралы түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.
«Мәдениеттану» курсы студенттер аудиториясына тек мәдениеттану мазмұнына қызығушылық бағытында ғана емес, ең бастысы қазіргі замандағы мәдени даму проблемаларына жастардың өзіндік көзқарастарын қатыптастыру, тәрбиелеу мақсатында қарастырады. Курстың теориялық аспектілерін оқу кезінде, қарастыру барысында студенттердің мәдениеттің негізгі теориялары, негізгі мектептері, тенденциялары, мәдениеттанудың концепциялары туралы түсініктері болуы керек. Аталған пәнде генезистік сипаттаманы зерттеуге және мәдениеттің тарихи дамуының негізгі кезеңдеріне, әсіресе еуропалық және қазақ мәдениеті мәселелерін зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Студенттерге «Мәдениеттану» курсын оқып, үйренуге көмек көрсету мақсатында берілген оқу-әдістемелік нұсқаулық дайындалды. Оларға семинар сабақтарының жоспарлары және білім алушылардың оқытушымен өзіндік тапсырмалар жұмыстары, оларға әдістемелік ұсынымдар, негізгі ұғымдар, кестелер, пікірталастар, эссе мен реферат тақырыптарының тізімі, әр сабақ тақырыптарына ұсынылған әдебиеттер тізімі, сондай-ақ қорытынды бақылауға арналған негізгі терминдер мен сұрақтар тізімі енгізілді.


  1. ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОРНЫ



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет