73
2) Ассамблеяға мүшелікке ұсынылатын барлық кандидатуралар
Ассамблея Кеңесінің
отырысында қаралады және оларды ассамблея Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы
Президентінің бекітуіне ұсынады;
3) Ассамблеяға мүшелікке ұсынылатын барлық кандидатуралар Ассамблея Кеңесінің
отырысында қаралады және оларды Ассамблея Төрағасының орынбасарлары Қазақстан
Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады.
Қазақстан Республикасының Президенті ұсынылған кандидатураларды қабылдамауға және
Ассамблеяның құрамына өз қалауы бойынша өзге де адамдарды кіргізуге құқылы.
4) Этномәдени қоғамдық бірлестіктерден облыс (республикалық
маңызы бар қала, астана)
ассамблеясына мүшелікке кандидаттар олардың жоғары басшы органдарының шешімімен
ұсынылады және тиісті аппаратқа (хатшылыққа) енгізіледі;
5) Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясына мүшелік барлық кандидаттар
кеңестің отырысында, ал кейіннен тиісті ассамблея сессиясында қаралады және оның төрағасының
бекітуіне ұсынылады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)
ассамблеясы төрағасының
шешімі бойынша тиісті ассамблея мүшесінің өкілеттігі осы Заңға сәйкес тоқтатылуы мүмкін [4, 2 б.].
Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері де өзінің қызметін жүзеге асыру барысында осы
қағидаларды басшылыққа алуы қажет және сонымен қатар, қызметін жүзеге асыру барысында заң
бойынша мынандай мәселелерге көңіл бөлуі қажет:
1) мемлекеттік ұлттық сасатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге;
2)
этносаралық қатынастарға, азаматтардың ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым-
қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға берілген конституциялық құқықтарын
іске асыруда нәсілдік, ұлттық немесе тілдік белгісі бойынша кемсітушілікті
болғызбауға қатысты
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
3) этносаралық қатынастар мәселесі бойынша конференциялардың, семинарлардың, дөңгелек
үстелдердің және өзге де іс-шаралардың жұмысына қатысуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол
жеткізуге бағытталған өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
1)
этносаралық келісімді, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және Қазақстан халқының
басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге;
2) ассамблея қызметі мәселелері бойынша Ассамблеяны басқару органдарының шешімдерін,
Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблея Төрағасының және
Төраға орынбасарларының
тапсырмаларын орындатуға;
3) ассамблея сессияларының жұмысына, оның отырыстарына шығарылатын мәселелерді
талқылауға және шешімдерді қабылдауға қатысуға;
4) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге әлеуметтік, ұлттық,
рулық және діни
араздықты, өшпенділікті және дұшпандықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерге немесе сөздерге
жол беремуге;
5) ассамблея қызметінің принциптерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын
сақтауға міндетті.
Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеялары мүшелерінің Ассамблея
мүшелері үшін осы бапта көзделгендей құқықтары мен міндеттері болады” [5, 2-3 бб.].
1.Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 2008 жылғы 20 қазандағы №70-ІҮ Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен
Қазақстан. – 2008. – 21 қазан.
***
This article is devoted to receive the power of assembly people of Kazakhstan at the maintaining national policy and interethnic
agreements of Kazakhstan people.
***
В данной статье рассматриваются полномочия Ассамблеи народов Казахстана по обеспечению национальной политики
и межэтнического согласия народов Казахстана.