А. М. Турлыбаева, М. С. Москальцева, А. С. Хажиякпарова, Ю. С. Махмутова жалпы геология



Pdf көрінісі
бет29/89
Дата31.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#490380
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89
2 Жалпы геология (1)

 
 
11 сурет. Жанартау аппаратының құрлысы 
 


55 
Жер сілкінісі 
Жер сілкінісі – Жердің беткейі бойынша таралған толқынды 
тербелістер. Көбінесе олар жер қыртысындағы плиталардың қозғалуымен 
байланысты. Жер сілкінуді бағалау үшін арнайы кестемен қолданады, олар I 
ден XII баллға дейін бөлінеді. 
Метаморфизм 
Тау жыныстардың өзгеруіне əкелетін жер қойнауында өтетін барлық 
үрдістердің жиынтығы метаморфизм деп аталады. Метаморфизмнің басты 
факторлары келесі: жоғары температура, қысым, ерітінділердің химиялық 
белсенділігі мен құрамы. Температура +200°С дейін көтерілген кезде жəне 
жоғарыда жатқан жыныстардың салмағымен шақырылған литостатикалық 
қысыммен жан-жақты əсер еткен кезде тау жыныстарда метаморфты 
өзгерулер басталады. 
Метаморфизмнің түрлері: 
Аумақтық метаморфизм – ең көп таралған түрі, жүздік, мыңдық километр 
алаңдарды қамтиды.
Контактілі метаморфизм – интрузивті массивтерде дамиды, жыныстардың 
əр қабаттарына енеді.
Динамометаморфизм – ірі бұзылымдармен байланысты.
 
Бақылау сұрақтар 
1. Магма лавадан қалай ажыратылады?
2. Қандай интрузивті денелерді білесіз жəне олардың жатысына не əсер 
етеді?
3. Эффузивті магматизм дегеніміз не?
4. Магманың дифференциациясы дегеніміз не?
5. Қандай атқылаудың өнімдерін білесіз?
6. Қандай жанартаулардың түрлері ажыратылады жəне Жерде олар 
қалай таралған?
7. Метаморфты тау жыныстар қалай пайда болады?
8. Метаморфизмнің қандай түрлерін білесіз?
 
1.8. Тектоникалық үрдістер мен құбылыстар. Тектоникалық 
дислокациялардың пішіндері 
 
Тектоникалық бұзылыстар – Жердің ең терең қойналарында өтетін 
үрдістердің əсері арқылы жер қыртыс затын орынын ауыстыруында. 
Тектоникалық қозғалыстарды екі түрге бөлінеді: тік бағытталған немесе 
радиалды – тік бойынша жердің радиусын жағалай бағытталған, көлденең 
бағытталған немесе тангенциалды – олар көлденең бағытталған болады. [1; 
5] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет