2. Әлеуметтік-мәртебелік қызметі қоғамның әлеуметтік құрылымын
қайта жаңғыртумен байланысты, себебі отбасы мүшелеріне белгілі бір
әлеуметтік мәртебе береді. Отбасының әлеуметтік функциялары оның
әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктері мен өмір сүру
сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің әсерімен
отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді.
Барлық уақытта бала өсіру, тәрбиелеу отбасының маңызды функциясы болып
қалады, ал басқа функциялардың маңыздылығы соған орай өзгеріп отырады.