Ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын қамтамасыз ету– бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер
беру. Арнайы педагогикалық немесе медициналық мамандықтары жоқ ата-
аналармен кей кездері қиыншылықтар мен түсініспеушіліктер кездесіп қалуы
әбден мүмкін. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру
бағытындағы жүйесі ата-аналардың педагогикалық білімді өздігінен алуға
басшылық жасауы, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың ұжымдық, топтық
және жекелей түрлерімен ұштастыруға, ата-аналарға құрметпен қарау, талап
қою, оңды тәжірибеге сүйенуге негізделеді.