А. МҰратқызы, А. Е. Бекшойнова, С. К. Серикова, М.Қ. ТӨлеуова отбасылық ТӘрбиенің негіздері


Халық педагогикасының негізгі қағидалары



Pdf көрінісі
бет79/157
Дата03.01.2022
өлшемі1.54 Mb.
#451283
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   157
Отбасылық тәрбиенің негіздері

Халық педагогикасының негізгі қағидалары: [8]
1. Баланы ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат етіп тәрбиелеу.
2. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу.
3. «Бірінші байлық – денсаулық» ұғымына сәйкес тәрбиелеу.
4. Халық  педагогикасында  адамгершілік  қасиеттерді  бала  бойына
дарыту, ізгілік, имандылық, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу.
5. Гуманистік және патриоттық тәрбие беру.
6. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болуға тәрбиелеу.
7. Тіршіліктің  тұтқасы,  өмірдің  шамшырағы  өнер  мен  ғылым  деп
түсінген халқымыз жастарға ертегі, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелерді 
бойларына сіңіре отырып тәрбиелеген.
8. Адам  өмірі  мәңгі  табиғат  құшағында  өтетін  болғандықтан,  ата-
бабамыз  өз  ұрпағын  ағаш  бесіктен  жер  бесікке  жеткенше  табиғи  ортаны 
аялауға тәрбиелеген.
Бала тәрбиесінде  салт-дәстүрлердің  алатын  орны  зор.  Жас  жұбайлар 
отбасын құрған соң, балалы болуды армандайды. Жас келіннің бойына бала 
біткенін соң, енесі қамқорлығына алып, пәле-жаладан, тіл-көзден сақтаудың 
шарасын істей бастайды, абысын-ажын, ауыл әйелдерін жинап, «құрсақ той» 
өткізеді. Оған жиналған әйелдер шашуларын шашып, келінге бата-тілектерін 
білдіреді. Қазақта дүниеге жаңа келген жас нәрестенің құрметіне жасалатын 


53
ойын-той, жиындар мен рәсімдер көп. Алғашқысы – жарысқазан.Бұл тойда 
аяу,  ірку  деген  болмайды.  Бұл  дәм  –перзент  ас  піскенге  дейін не  астың 
пісуімен  қоса  тусын  деген  ниетпен  жасалған.  Нәрестенің  дүниеге  келу 
құрметіне шілдехана жасап, оны кей жерде «шілделік күзету»деген. Бұл ана 
аман-есен  босанған  соң, сол күні ауыл  жастарына  берілетін  той.  Сүйінші  -
жаснәрестенің,  әсіресе ұл  баланың өмірге  келуі  отбасы  мүшелеріне  үлкен 
қуаныш. Жас нәресте дүниеге келгенде қуанышты хабарды тез жеткізу үшін 
сүйінші сұрайтын. Балаға ат қою. Бала туғаннан кейін 40 күн өткен соң ел 
ішіндегі аузы дуалы қарияға не баланың атасына немесе әжесіне немересіне 
атын қойғызады. Кей кездері «Қырықтың бірі қыдыр» деп құдайы қонаққа да 
баланың  атын  қойғызған.  Балаға  ат  қою себептері  алуан  тілек  мақсаттарға 
орайлас болып келеді. Бесік. Қазақ баласын ағаш бесікке салған. Ағаш бесік 
көшпелі өмірге  өте  қолайлы.  Бала  бөленген бесіктің  үстіне  7  нәрсе  жабады. 
Бесікке  салғандарға  бірнеше  білезік,  сақина,  жүзік  үлестіріледі.  Бесік  той.
Бала  қырқынан  шыққан  соң  атасы  мен  әжесі, әке-шешесі  ауыл-
аймақты жинап,  баланың қарын  шашын алып,  бесікке салу  тойын жасайды. 
Бала бесікте емшектен шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, еңбектеп жүре 
бастағанда баланы бесіктен шығарады. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы сонша, 
кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатады. Тұсау кесетін адамды үй иесі 
өзі қалап алады. Тұсауға кезінде қойдың тоқ ішегін пайдаланса, қазір жіңішке 
ала жіпті байлайды. Тұсау кескен адамға үй иесі көйлек кигізіп, сый-сияпат 
жасаған. Атқа мінгізу тойы. Бала 4,5-5 жасқа толғанша әке-шешесі ұл балаға 
арнайы  ат,  ертоқым  даярлайды.  Ел  жиналғаннан  кейін  баланың  өзіне 
арналған  құнанына  ер  салып,  баланы  киіндіріп,  атқа  отырғызған.  Баланы 
қаршадайынан атқа  мініп шабуды,  5-6  жасынан қозы  мен  лақ қайырып 
үйренген.  Сүндет  той -
V
II-
V
III  ғасырларда  араб  елдерінен  шығып,  бүкіл 
мұсылман жұртына тараған, мұсылмандық белгісі. Баланы сүндетке 5-7 не 9 
жасында отырғызған. Балаға ататегін үйрету - 7-9 жасында әкесінен бастап 
ағайын-туыс,  нағашы  жұрт,  алыс-жақынды  таныстыру,  ата-тегі,  руы,  ел 
жұртын  танытуға  зор  көңіл  бөлген.  Жігітке 7  жеті  атасына  дейінгі 
бабаларының атын жаттатып, қандай адам болғанын, ерен еңбегі мен өнегелі 
істері жайлы әңгімелеп, ата-дәстүрін жалғастырсадеген мақсат көздеген [2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет