Метонимиялар мынадай іргелестік, шектестіктер негізінде тууы мүмкін:
1.Қимыл, әрекет пен оның нәтижесінің шектестігі. Мысалы, бояу, егеу, сайлау, жайлау сияқты сөздер әрі қимыл атаулары, әрі зат атаулары болып екіжақты қызмет атқарады. Бұлар алдымен іс – әрекет атауы болып қолданылған да, кейін соның нәтижесі ретінде заттық сипат алған.
2. Зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі.
3. Материал мен одан жасалған заттың шектестігі.
4. Жалқы есімдердің оларға қатысты қимыл-әрекет атауларымен байланыстылығы. Қазақ тілінде кейбір кісі аттары мен жер-су атаулары есімге айналып, белгілі сөздердің контекстік синонимі ретінде жұмсалады.
5. Сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналарының байланыстылығы. Мұны түсті білдіретін қызыл, ақ, көк, қара сияқты сапалық сын есімдердің заттанған мағыналарымен шектестігінен айқын көреміз.
6. Автор мен оның шығармасының, болмаса шығарма аты мен оның ішкі мазмұнының байланыстылығы.
7. Іргелес заттық ұғымдардың шектестігі.
8. Жалқы есімдердің бір – бірімен шектестігі [Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» 91–92 бет].
Метонимия.
1. «Өкімет арқылы бәлеңшекең мен түгеншекең ізденуде екен, милиция шығарып, Құланнан малын өндірмекші» деген ұзынқұлақ хабарлар еміс –еміс дүңкілдеп бұл ауылға жетіп те жатты.(56-бет)
2. Олар ауызбен айтса, мен қолмен атқардым, тартып алдым сол қансорғыштардан кедейдің есесін.(57-бет)
3.Қаладан келген көк киімдер екен деп шошып кетсем осы өзіміздің ауылдың бәйтөбеттері...(62бет)
4.-Аман, құдағи, аман, -деді Құлан сол жақ іргеде бырылдап тәтті ұйқыда жатқан қара домалақ қос ұлға бір түрлі іші елжірей, қызыға көз қиығын салып, -мына күшіктердің ұйықтасын –ай басы аяғына кетіп.(107-бет)
5. Болмаса, «батыр, енді елден таңдап бір сұлу ал,өзіндей атағы шыққан азамат ерлер қыз алып жатыр» деп маңайындағы жандайшаптар қолпаштадыма.(169-бет)
6. Жаман бөріктер онан сайын жапырайып, манағы әзірдегі томсарған түс еркектердің жүздеріне қайта тұнды.(173-бет)
7.Құланның өз отауына беттегенін көрген жеті үйдің еркек кіндіктілері осылай қарай аяңдады.(58-бет)
8.Өзінің осы жасқа келгенше жас иіс иіскемегені ойына оралып, бір түрлі іші ашып кетті.(108-бет)
Достарыңызбен бөлісу: |