А1 тіл құзырлығының минималды-жеткілікті деңгейі 1-тақырып: Әдеп ережелері



Дата29.06.2016
өлшемі164 Kb.
#166012
А1 тіл құзырлығының минималды-жеткілікті деңгейі

1-тақырып: Әдеп ережелері.

«Амандасу», «Танысу», «Кешірім», «Өтініш», «Алғыс», «Келісу», «Қарсылық білдіру», «Құптау», «Құптамау» тақырыптары бойынша өнімді лексиканы игеру, берілген тақырып бойынша қойылған сұрақтарға (жай фразалармен) жауап бере алу

Сөздік минимум: Сәлемдесу, амандасу, қоштасу, денсаулық, хал-жағдай, жақсы, жаман, шүкір, рахмет, кездесу, ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, сіз, ол, кешірім, ғафу ету, айып етпеу, алғыс айту, риза болу, оқасы жоқ, айтып жіберу, қарсы болмау, жоқ, келісу, әрине, келіспеу, құптау.

Сөйлесім үлгілері:



  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіз бе?

  • Халіңіз қалай?

  • Шүкір, жақсы.

  • Кездескенше сау болыңыз!

  • Сау болыңыз!

Сөйлесім үлгілері:

  • Таныс болайық. Сіздің атыңыз кім?

  • Менің атым – Гүлнәр.

  • Сіздің атыңыз кім?

  • Менің атым – Ержан.

  • Өте жақсы.

  • Танысқаныма қуаныштымын.

Сөйлесім үлгілері:

  • Кешіріңіз, кіруге бола ма?

  • Кіріңіз.

  • Ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін.

  • Оқасы жоқ, не айтайын деп едіңіз?

  • Айтып жіберіңізші, сағат қанша болды?

  • Сағат 8-ден 5 минут кетті.

  • Сізбен әңгімелесуге бола ма?

  • Жоқ, уақытым жоқ.

  • Кешіріңіз, әңгімелесуге уақытым жоқ.


2-тақырып. Адам. Өзім туралы. Досым туралы. Отбасы. Туыстық қатынастар. Мекенжай. Біздің үй. Менің бөлмем.

Берілген тақырып бойынша өнімді лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну

Сөздік минимум: Ұлтым, туған жерім, туған жылым, жасым, дүниеге келдім, тудым, мектеп, балабақша, спортпен айналысу, сурет салу, ән шығару, өлең шығару, ән айту, менің досым, оның аты, есімі, бір мектепте, көрші, өнерлі, ақылды, сабырлы, шылым шекпейді, ақ көңіл, жақын, ең, өте, отбасы, жұбай, әке, шеше, ата, әже, аға, іні, ұл, қыз, қарындас, сіңлі, әпке, нағашы, жиен, немере, немере туыс, ағайын, біздің үй, менің бөлмем, 1-2-3 бөлмелі, үлкен, екі, үш, бес қабатты, жеке меншік, қазыналы үй, кең, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, жиһаз, сәнді, қолайлы, жуынатын бөлме.

Сөйлесім үлгілері:



  • Кешіріңіз, сіз неше жастасыз?

  • Мен 18 жастамын.

  • Қай жерде тудыңыз?

  • Павлодар қаласында.

Сөйлесім үлгілері:

  • Сіздің досыңыз кім?

  • Менің ең жақын досым – Болат.

  • Ол қандай адам?

  • Ол өте сабырлы, ақылды жігіт.

Сөйлесім үлгілері:

  • Бұл кім?

  • Бұл – менің жұбайым, аты – Толқын.

  • Ал анау ше?

  • Ол – менің ұлым, аты – Айсұлтан.

Сөйлесім үлгілері:

  • Сіз қай көшеде тұрасыз?

  • Мен С. Торайғыров көшесінде, 25-үйде, 9-пәтерде тұрамын. Ал сіз ше?

  • Менің мекенжайым: Естай көшесі, 125-үй, 27-пәтер.

[1] 157-159 бет, 11-18 жаттығу,[1] 46-48 бет, 6-10 жаттығу,[1] 177-178 бет, 12-16 жаттығу,[1] 251-252бет, 8-11жаттығу


3-тақырып. Мезгіл, уақыт. Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн. Сағат неше? Жұмыс күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс. Мереке күндері. Шақыру. Құттықтау. Тілек айту.

Берілген тақырып бойынша лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну.

Сөздік минимум: Жыл, мезгіл, мерзім, уақыт, маусым, көктем, жаз, күз, қыс, наурыз, суық, жаңбыр, қар, аяз, боран, жел, самал жел, жылы, ыстық, ашық, бұлтты, уақыт, сағат, минут, жарым, тура, дәл, кетті, қалды, бүгін, ертең, бүрсігүні, кеше, таңертең, әдетте, ерте, кеш, ояну, тұру, музыка тыңдау, биге бару, спортпен айналысу, шахмат ойнау, тауға шығу, мереке, мейрам, демалыс, серуендеу, қыдыру, концерт тамашалау, теледидар көру,қызықтау, құттықтау, шақыру, сыйлау, сыйлық, туған күн, мерейтой, кездесу кеші, салтанатты жиын, тойға келу, шақыру, күту, құттықтау, рұқсат ету, зор денсаулық, ұзақ өмір, табысты еңбек, шаңырақ, шаттық, береке, шын жүректен, тілек білдіру, тілеу.

Сөйлесім үлгілері:



  • Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды?

  • Маған көктем ұнайды.

Сөйлесім үлгілері:

  • Кешіріңіз, сағат неше болды?

  • Айтайын, сағат 10-нан 20 минут кетті.

Сөйлесім үлгілері:

  • Сіз жұмысқа (сабаққа) нешеде барасыз?

  • Мен жұмысқа таңертеңгі 8.00-де барамын.

  • Сіз демалыс күні не істейсіз?

  • Мен демалыс күні, әдетте, тауға шығамын.

Сөйлесім үлгілері:

  • Бүгін жұмыс күні ме?

  • Жоқ, бүгін мейрам емес пе?

  • Онда үйде отырмайық, концертке барайық.

  • Барсақ, барайық.

  • Жақсы, келістік.

Сөйлесім үлгілері:

  1. - Мерекеңіз құтты болсын!

  • Рахмет, бірге болсын!

  1. - Мейрамыңызбен!

- Құтты болсын!

  1. - Бүгін маған қонаққа келіңіздер.

- Жақсы, сағат нешеде?

  1. - Жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын.

- Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Сәттілік тілеймін!

  • Рахмет. Айтқаныңыз келсін.

[1] 202бет, 6-7жаттығу, [1] 232бет,11-13 жаттығу, [1] 324бет, 16,17жаттығу, [1] 25-27бет, 21-27жаттығу, [1] 203бет, 19-21жаттығу, [1] 25-27бет, 21-27жаттығу.



4-тақырып. Ас – адамның арқауы. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Мерекелік дастархан Сіздің сүйікті асыңыз. Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).

Берілген тақырып бойынша өнімді лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну

Сөздік минимум: Тамақтану, ас ішу, тамақ ішу, уақытында ішуге үйрену, ас ішу мәдениеті, сүйікті ас, ас әзірлеу (даярлау), пісіру, қуыру, аршу, тазалау, турау, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл, тұзды, тұзсыз, ет, сорпа, қуырылған картоп, тұшпара, мәнті, бұрыш, тұз, пияз, көк пияз, асқабақ, сәбіз, қияр, қызылша, сүт қосылған шай, қаймақ, кофе, сусын, шырын, жеміс, көкөніс, дастарқан мәзірі, тағам, дәмді.

Сөйлесім үлгілері:



  • Сізге ұлттық тағамнан не ұнайды?

  • Маған қазақша ет ұнайды.

  • Оны қалай әзірлейді?

  • Иә, өте оңай. Айтып берейін.

Сөйлесім үлгілері:

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсіздер ме, жоғарылатыңыздар!

  • Дастарқан мәзірін көруге бола ма?

  • Әрине, міне, көріңіздер. Сіздерге ұнауға тиіс. Бәрі бар.

  • Рахмет. Бізге қуырылған еттен екеу, қияр салатынан біреу, және қызылша салатынан біреу, жеміс шырынынан екеу әкелсеңіз (әкеліңіз).

  • Жақсы.

  • Ас болсын, тағамдарыңыз дәмді болсын.

[1] 188-190бет, 6-11жаттығу, [1] 244бет, 21-25жаттығу.


5-тақырып. Денсаулық – зор байлық. Дене мүшелері. Емханада. Ауруханада.

Берілген тақырып бойынша өнімді лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну;

Сөздік минимум: Бас, көз, құлақ, ауыз, мұрын, бет, жақ, маңдай, тіс, тіл, шықшыт, иек, кеңсірік, мойын, иық, кеуде, жауырын, іш, аяқ, жамбас, буын, бармақ, тырнақ., емхана, кабинет, дәрігер, дәрі, қан қысымы, дене қызуы, емдеу, тексерілу, айығу, тәуір болу.

Сөйлесім үлгілері:



  • Адам ауырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

  • Алдын ала сақтану керек.

  • Дене мүшелерінің қызметін айтып бере аласыз ба?

  • Әрине, баспен ойлайды, көзбен көреді, құлақпен естиді, мұрынмен иіс сезеді, дем алады, ауызбен сөйлейді, ас ішеді т.б.

Сөйлесім үлгілері:

  • Қай жеріңіз ауырады?

  • Басым ауырады,

  • Тамаққа тәбетіңіз қалай?

  • Нашар (тәбетім жоқ).

  • Қан қысымыңызда өзгеріс бар ма?

  • Білмей тұрмын, өлшеп көрсеңіз қайтеді?

  • Өлшеп көрейін. Жоғары екен. Жатып емделетін болдыңыз.

[1] 176бет, 6-8жаттығу, [1] 326бет, 23-24жаттығу.

А2 жеткілікті деңгей

1-тақырып Әдеп ережелері.

«Амандасу», «Танысу», «Кешірім», «Өтініш», «Алғыс», «Келісу», «Қарсылық білдіру», «Құптау», «Құптамау» тақырыптары бойынша өнімді лексиканы мәтін мазмұнын түсіну құралы ретінде игеру, әлеуметтік-тұрмыстық, социо-мәдени және оқу-кәсіптік салаларда ақпаратпен алмасу үшін диалогта жай фразалар мен сөйлемдерді қолдану дағдысы; сюжеттік көріністі толығымен суреттеу, оқылған мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беру


Сөздік минимум: Сәлемдесу, амандасу, қоштасу, денсаулық, хал-жағдай, жақсы, жаман, шүкір, рахмет, кездесу, ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, сіз, ол, кешірім, ғафу ету, айып етпеу, алғыс айту, риза болу, оқасы жоқ, айтып жіберу, қарсы болмау, жоқ, келісу, әрине, келіспеу, құптау.

1 - тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып диалог құрыңыз:

Сәлемдесу, амандасу, қоштасу, денсаулық, хал-жағдай, жақсы, жаман, шүкір, рахмет, кездесу; Сәлеметсіз бе?Сәлеметсіз бе?Халіңіз қалай?Шүкір, жақсы.Кездескенше сау болыңыз!Сау болыңыз!

2 – тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерді пайдалана отырып диалог құрыңыз:

- Кешірім, ғафу ету, айып етпеу, алғыс айту, риза болу, оқасы жоқ, айтып жіберу, қарсы болмау, жоқ, келісу, әрине, келіспеу, құптау.

- Кешіріңіз, кіруге бола ма? Кіріңіз. Ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін. Оқасы жоқ, не айтайын деп едіңіз? Айтып жіберіңізші, сағат қанша болды? Сағат 8-ден 5 минут кетті. Сізбен әңгімелесуге бола ма? Жоқ, уақытым жоқ. Кешіріңіз, әңгімелесуге уақытым жоқ.

3 – тапсырма. Мәтінді оқыңыз және мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беріңіз

Танысу

Мен Әлішермін, фамилиям Нұғман. Мен жиырма екідемін. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазақ филология факультетінің соңғы курсының студентімін.

Біздің қаламызда Қазақ тілі орталығы бар. Мен Қазақ тілі орталығының президентімін. Орталықтың мүшелеріне қазақ тілін меңгеру үшін көмектесіп жүрмін. Орталықтың мүшелері- әртүрлі мемлекеттердің азаматтары.

Менің әке-шешем бар. Біздің отбасымыз өте үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, екі ағам, апам, інім, қарындасым және мен.

Атам және әжем – егде адамдар, олар-зейнеткерлер. Әкем-инженер. Шешем-мұғалім. Екі ағам-қызметкерлер. Олар Астанада министрлікте. Апам тұрмыста. Інім мектепте оқушы.

Біздің үйіміз Алматыда, қаланың шетінде. Біздің үйіміз үлкен екі қабатты үй. Отбасымыз жақсы және тату.


Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Казахский язык для всех.[1] 32-35 бет, 8-11 жаттығу, [1] 190-191бет, 12-14жаттығу, [1] 192 бет, 15-16 жаттығу.

159 бет, 20 жаттығу

В.Франк. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік тақырыптық сөздік. Алматы, 2000ж.

2-тақырып. Адам. Өзім туралы. Досым туралы. Отбасы. Туыстық қатынастар. Мекенжай. Біздің үй. Менің бөлмем.

Берілген тақырып бойынша өнімді лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну, әлеуметтік-тұрмыстық, социо-мәдени және оқу-кәсіптік салаларда ақпаратпен алмасу үшін диалогта жай фразалар мен сөйлемдерді қолдану дағдысы; сюжеттік көріністі толығымен суреттеу, оқылған мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беру (10-15 фразамен);


Сөздік минимум: Ұлтым, туған жерім, туған жылым, жасым, дүниеге келдім, тудым, мектеп, балабақша, спортпен айналысу, сурет салу, ән шығару, өлең шығару, ән айту, менің досым, оның аты, есімі, бір мектепте, көрші, өнерлі, ақылды, сабырлы, шылым шекпейді, ақ көңіл, жақын, ең, өте, отбасы, жұбай, әке, шеше, ата, әже, аға, іні, ұл, қыз, қарындас, сіңлі, әпке, нағашы, жиен, немере, немере туыс, ағайын, біздің үй, менің бөлмем, 1-2-3 бөлмелі, үлкен, екі, үш, бес қабатты, жеке меншік, қазыналы үй, кең, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, жиһаз, сәнді, қолайлы, жуынатын бөлме.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңіз. Өмірбаяныңызды жазыңыз

-фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты кім?

- туған жеріңіз қайда?, жасыңыз нешеде?

-қайда оқып жүрсіз, нешінші курста?, қайда жұмыс істеп жүрсіз?

-аға, апа, іні, қарындастарыңыз барма?

-олардың жастары нешеде?

-олар не істеп жүр?, ата-анаңыз не істеп жүр?

Тапсырма: Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жалғап, әңгіме құрастырыңыз

Мен абзал... . Біз егіз... . Мен мұғалім... . Біз дәрігер... . Мен жігіт... . Мен қазақ... . Мен жалқау... . Мен елуде... . Біз жас... . Мен студент... . Мен жаман... . Біз қонақ... . Біз еркек... . Мен күшті... . Мен Ораз... . Біз отызда...

  1. Менің отбасым үлкен, ал сенің отбасың? 2. Менің әжем мен атам жоқ, ал сенің ше? 3. Менің әке-шешем ауылда тұрады, ал сенің әке-шешең қайда тұрады? 4. Біз жеке меншік үйде тұрамыз, ал сендер? 5. Менің әкем мал бағады, ал сенің? 6. Менің шешем үй шаруасымен айналысады, ал сенің шешең? 7. Менің ағам үйленген, ал сенің ағаң? 8. Менің апам тұрмысқа шықты, ал сенің апаң? 9. Мен пединститутта оқып жүрмін, ал сен? 10. Біз мереке күндері әке-шешемнің үйіне жиналамыз, ал сендер?

Тапсырма: Берілген мәтінге сүйене отырып, «Менің үйім» әңгіме кұрастырыңыз

Біздің үйіміз

Біздің үй Алматы каласында, Абай данғылында. Нөмірі алтыншы, тоғыз қабатты уй — біздің үй. Ол жеке меншік үй емес, қазыналық үй. Біздің пәтеріміз төртінші қабатта. Пәтеріміздің үш бөлмесі бар.

Kipe берісте кең, үлкен деліз бар. Бipiнші және ең үлкен бөлме — төргі (қонақ) бөлме. Tөpгі бөлменің үлкен 6ip терезесі бар. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Tөpгі бөлменің оң жағында екі кресло, бұрышта теледидар тұр. Қабырғада кілем ілулі тұр. Tөpгі бөлменің сол жағында диван және жорнал үстелі тұр. Қабырға жиһазы да осында. Қабырға жиһазында кітаптар және қымбат ыдыс-аяқтар тұр. Қабырға жиһазының үстінде үстел сағаты тұр. Tөpгі бөлменің едені - паркет. Паркеттің үстінде әдемі кілем жатыр. Ортада үлкен дөңгелек үстел, сегіз орындық тұр.

Екінші бөлме - әке-шешемдікі. Ол жататын бөлме. Мұнда екі кереует, тумба, үлкен үш eciктi шифоньер және үлкен айна (трю­мо) тұр.

Үшінші бөлме — менікі. Бөлмемде eкi кереует, гарде­роб, жазу устелі, бip орындық бар. Үстелде калькулятор, өшіргіш, калам, қарындаштар, кітап және дәптерлер жатыр. Компьютер, кітап cөpeci де осында. Онда оқулықтар, көркем әдебиеттер тұр.

Ас үйде ас үй жиһазы бар. Онда ыдыс-аяқтар тұр. Тоңазытқыш, мұздатқыш та осында.

Жуынатын бөлмесі, әжетханасы бөлек. Бөлмелер оңаша, өте колайлы. Телефонымыз да бар.

Ағамның үйi - жеке меншік үй. Yйi — eкi қабатты, сегіз бөлмелі. Аулалары кең. Гаражы, моншасы, алма бағы да бар. Жазда өте қолайлы.


Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. «Казахский язык для всех» Основной курс. 158-б. 17-жаттығу, [1] 157-159 бет, 11-18 жаттығу,[1] 46-48 бет, 6-10 жаттығу,[1] 177-178 бет, 12-16 жаттығу,[1] 251-252бет, 8-11жаттығу

3-тақырып. Мезгіл, уақыт. Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн. Сағат неше? Жұмыс күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс. Мереке күндері. Шақыру. Құттықтау. Тілек айту.

Берілген тақырып бойынша лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну, диалог ауқымында: әлеуметтік-тұрмыстық, социо-мәдени және оқу-кәсіптік салаларда ақпаратпен алмасу үшін диалогта жай фразалар мен сөйлемдерді қолдану дағдысы; монологты сөйлеуде: сюжеттік көріністі толығымен суреттеу, оқылған мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беру (10-15 фразамен)


Сөздік минимум: Жыл, мезгіл, мерзім, уақыт, маусым, көктем, жаз, күз, қыс, наурыз, суық, жаңбыр, қар, аяз, боран, жел, самал жел, жылы, ыстық, ашық, бұлтты, уақыт, сағат, минут, жарым, тура, дәл, кетті, қалды, бүгін, ертең, бүрсігүні, кеше, таңертең, әдетте, ерте, кеш, ояну, тұру, музыка тыңдау, биге бару, спортпен айналысу, шахмат ойнау, тауға шығу, мереке, мейрам, демалыс, серуендеу, қыдыру, концерт тамашалау, теледидар көру,қызықтау, құттықтау, шақыру, сыйлау, сыйлық, туған күн, мерейтой, кездесу кеші, салтанатты жиын, тойға келу, шақыру, күту, құттықтау, рұқсат ету, зор денсаулық, ұзақ өмір, табысты еңбек, шаңырақ, шаттық, береке, шын жүректен, тілек білдіру, тілеу.
Тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Жыл мезгілдері

Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір мезгілде үш ай бар. Үш ай – бір тоқсан.

Жылда он екі ай бар. Қыс айлары – желтоқсан қантар , ақпан; көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр; жаз айлары – маусым, шілде, тамыз; күз айлары – қыркүйек, қазан қараша.

Көктем - тамаша кез. Көктемде күн жылы, салқын емес, кейде жаңбырлы, кейдк құрғақ.

Жаз – ең жақсы кез. Жазда күн ыстық, жаңбыр аз. Жаз – демалыс кезі.

Күзде күн салқын, жаңбыр көп. Күзде жеміс-жидек, көкөніс өте көп.

Қыста күн суық, қысқа, ал түн ұзақ. Қыс - өте әдемі, ақ қарлы, керемт кез!

Әр айда төрт апта, әр аптада жеті күн бар. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Демалыс күндері – сенбі, жексенбі, қалған күндері - жұмыс күндері.


Тапсырма: Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз. Сол жоспар бойынша баяндама жасаңыз
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері

Мерекенің екі түрі бар: бірі – үкіметіміз ресми түрде бекіткен тойлар, екіншісі – ресми емес, ұлттық мерейтойлар.

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз ел. Тәуелсіз ел – бақытты ел. Бақытты елде мереке көп. Қазақстанның Тәуелсіздік күні желтоқсанның он алтысында. Бұл мереке және Конституция күні (тамыздың отызында), Республика күні (қазанның жиырма бесінде) – ұлттық ресми мереке күндері. Қаңтардың бір-екісінде тойланатын Жаңа жыл мерекесі, наурыздың сегізінде тойланатын Халықаралық әйелдер күні, наурыздың жиырма екісінде тойланатын Наурыз мейрамы, мамырдың бірінде тойланатын Халықаралық Ынтымақ күні және мамырдың тоғызында тойланатын Жеңіс күні – бұрыннан тойланып келе жатқан ресми ұлттық мерейтойлар.

Ал екіншісі – 1999 жыл – тұңғыш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сайланғанжылы; 1998 жыл – мемлекетіміздің жаңа астанасының Ақмолаға көшіп Астана аталуы. Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсрепов, Қаныш Сәтбаев мерейтойлары, Түркістанның 1500 жылдығы, Тараз қаласының 2000 жылдығы, Алматы қаласының 150 жылдығы – ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен тойлар.

Қазақ халқы – тойшыл халық. Тәуелсіз ел болғалы облыстарда, аудандарда, тіпті ауылдарда тойлар өтуде. Бұл – елімізідің әл-ауқаты жақсарып келе жатқанның белгісі. Мұның бәрі – тәуелсіз ел болғанымыздың арқасы. Қазақ халқында жақсы тілек бар: «Той тойға ұлассын!» Біз осы тілекті тәуелсіз елімізге тілейік.

[1] 202бет, 6-7жаттығу, [1] 232бет,11-13 жаттығу, [1] 324бет, 16,17жаттығу, [1] 25-27бет, 21-27жаттығу, [1] 203бет, 19-21жаттығу, [1] 25-27бет, 21-27жаттығу


4-тақырып. Ас – адамның арқауы. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Мерекелік дастархан Сіздің сүйікті асыңыз. Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).

Берілген тақырып бойынша продуктивной лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну, диалог ауқымында: әлеуметтік-тұрмыстық, социо-мәдени және оқу-кәсіптік салаларда ақпаратпен алмасу үшін диалогта жай фразалар мен сөйлемдерді қолдану дағдысы; монологты сөйлеуде: сюжеттік көріністі толығымен суреттеу, оқылған мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беру (10-15 фразамен)


Сөздік минимум: Тамақтану, ас ішу, тамақ ішу, уақытында ішуге үйрену, ас ішу мәдениеті, сүйікті ас, ас әзірлеу (даярлау), пісіру, қуыру, аршу, тазалау, турау, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл, тұзды, тұзсыз, ет, сорпа, қуырылған картоп, тұшпара, мәнті, бұрыш, тұз, пияз, көк пияз, асқабақ, сәбіз, қияр, қызылша, сүт қосылған шай, қаймақ, кофе, сусын, шырын, жеміс, көкөніс, дастарқан мәзірі, тағам, дәмді
Сөйлесім үлгілері: Сәлеметсіз бе?Сәлеметсіздер ме, жоғарылатыңыздар! Дастарқан мәзірін көруге бола ма?Әрине, міне, көріңіздер. Сіздерге ұнауға тиіс. Бәрі бар.Рахмет. Бізге қуырылған еттен екеу, қияр салатынан біреу, және қызылша салатынан біреу, жеміс шырынынан екеу әкелсеңіз (әкеліңіз). Жақсы. Ас болсын, тағамдарыңыз дәмді болсын.

Сөйлесім үлгілері: Сізге ұлттық тағамнан не ұнайды? Маған қазақша ет ұнайды.Оны қалай әзірлейді? Иә, өте оңай. Айтып берейін
[1] 188-190бет, 6-11жаттығу, [1] 244бет, 21-25жаттығу.
5-тақырып. Денсаулық – зор байлық. Дене мүшелері. Емханада. Ауруханада.

Берілген тақырып бойынша продуктивной лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну, диалог ауқымында: әлеуметтік-тұрмыстық, социо-мәдени және оқу-кәсіптік салаларда ақпаратпен алмасу үшін диалогта жай фразалар мен сөйлемдерді қолдану дағдысы; монологты сөйлеуде: сюжеттік көріністі толығымен суреттеу, оқылған мәтіннің мазмұнын қысқаша айтып беру (10-15 фразамен

Сөздік минимум: Бас, көз, құлақ, ауыз, мұрын, бет, жақ, маңдай, тіс, тіл, шықшыт, иек, кеңсірік, мойын, иық, кеуде, жауырын, іш, аяқ, жамбас, буын, бармақ, тырнақ., емхана, кабинет, дәрігер, дәрі, қан қысымы, дене қызуы, емдеу, тексерілу, айығу, тәуір болу.

Тапсырма: Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Дене мүшелері

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын, иық, т.б. жатады. Мұны адамның қанқасы дейді. Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай, т.б. мүшелер орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтаннады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды. Бұлардың бәрі – көзбен көруге болатын дене мүшелері.



Сөйлесім үлгілері: Қай жеріңіз ауырады?Басым ауырады. Тамаққа тәбетіңіз қалай?

Нашар (тәбетім жоқ).Қан қысымыңызда өзгеріс бар ма?Білмей тұрмын, өлшеп көрсеңіз қайтеді?Өлшеп көрейін. Жоғары екен. Жатып емделетін болдыңыз.

[1] 176бет, 6-8жаттығу, [1] 326бет, 23-24жаттығу.

[1, 245-б. 28-жаттығу]
B1 базалық жеткіліктік деңгейі

1-тақырып Әдеп ережелері.

«Амандасу», «Танысу», «Кешірім», «Өтініш», «Алғыс», «Келісу», «Қарсылық білдіру», «Құптау», «Құптамау» тақырыптары бойынша өнімді лексиканы мәтін мазмұнын түсіну құралы ретінде игеру, қызығушылық білдіру; ескерту жасалған жағдайда, өзін-өзі түзету; берілген тақырыптар шеңберінде оқиғаларды бірқатар дәйекті бекіту нысанында суреттеу даярлығы; кітаптың мазмұнын айтып беру және ол туралы өзінің әсерімен бөлісу



ТАПСЫРМА: Мәтінді оқыңыз және өзіңізді ұжымға таныстырыңыз (шығармашылық тапсырма)

Танысу

Мен Әлішермін, фамилиям Нұғман. Мен жиырма екідемін. Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қазақ филология факультетінің соңғы курсының студентімін.

Біздің қаламызда Қазақ тілі орталығы бар. Мен Қазақ тілі орталығының президентімін. Орталықтың мүшелеріне қазақ тілін меңгеру үшін көмектесіп жүрмін. Орталықтың мүшелері- әртүрлі мемлекеттердің азаматтары.

Менің әке-шешем бар. Біздің отбасымыз өте үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, екі ағам, апам, інім, қарындасым және мен.

Атам және әжем – егде адамдар, олар-зейнеткерлер. Әкем-инженер. Шешем-мұғалім. Екі ағам-қызметкерлер. Олар Астанада министрлікте. Апам тұрмыста. Інім мектепте оқушы.

Біздің үйіміз Алматыда, қаланың шетінде. Біздің үйіміз үлкен екі қабатты үй. Отбасымыз жақсы және тату.

Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Казахский язык для всех

159 бет, 20 жаттығу

В.Франк. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік тақырыптық сөздік. Алматы, 2000ж.
2-тақырып. Адам. Өзім туралы. Досым туралы. Отбасы. Туыстық қатынастар. Мекенжай. Біздің үй. Менің бөлмем.

Берілген тақырып бойынша өнімді лексиканы игеру, мәтіндегі жаңа лексиканың мағынасын түсіну, ескерту жасалған жағдайда, өзін-өзі түзету; берілген тақырыптар шеңберінде оқиғаларды бірқатар дәйекті бекіту нысанында суреттеу даярлығы; кітаптың мазмұнын айтып беру және ол туралы өзінің әсерімен бөлісу


Сөздік минимум: Ұлтым, туған жерім, туған жылым, жасым, дүниеге келдім, тудым, мектеп, балабақша, спортпен айналысу, сурет салу, ән шығару, өлең шығару, ән айту, менің досым, оның аты, есімі, бір мектепте, көрші, өнерлі, ақылды, сабырлы, шылым шекпейді, ақ көңіл, жақын, ең, өте, отбасы, жұбай, әке, шеше, ата, әже, аға, іні, ұл, қыз, қарындас, сіңлі, әпке, нағашы, жиен, немере, немере туыс, ағайын, біздің үй, менің бөлмем, 1-2-3 бөлмелі, үлкен, екі, үш, бес қабатты, жеке меншік, қазыналы үй, кең, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, жиһаз, сәнді, қолайлы, жуынатын бөлме.

Тапсырма:_«Адамның_құндылығы'>Тапсырма: «Адамның құндылығы қалай қалыптасады?» деген тақырыпта диспут өткізіңіздер: отбасына, қоғамға, кітапқа,теледидарға, мінез-құлыққа қатысты мәселелерді талқылаңыздар.

(адамдарға пайдалы болу, қоғамға пайда әкелу, мүмкіндігіңше жетілу, өз қабілетіңді жүзеге асыру, шығармашылық жұмыспен айналысу, адамдармен қарым-қатынаста болу,достарыңның арасында қадірлі болу, достарыңа көмек беру)



Тапсырма: «Айрандай ұйыған» («Дружный») фразеологизмі бойынша өз отбасың туралы шығарма жазыңыздар. Жазу барысында басқа да тұрақты сөз тіркестерін пайдаланыңыздар
[1] 157-159 бет, 11-18 жаттығу,[1] 46-48 бет, 6-10 жаттығу,[1] 177-178 бет, 12-16 жаттығу,[1] 251-252бет, 8-11жаттығу
3-тақырып. Мезгіл, уақыт. Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн. Сағат неше? Жұмыс күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс. Мереке күндері. Шақыру. Құттықтау. Тілек айту.

Оқытылатын салалар шеңберінде ақпаратты есту және оқу кезінде сұрақ қою (сұхбат құру, сұхбаттасу, сұрақтарға толық жауап беру, тақырыпқа байланысты жай мәтіндер; күнделікті сипаттағы нақты ақпаратты және қажетті іс-әрекеттеріне түсініктеме берілген мазмұны бар қысқа баяндамалар жазу);



Тапсырма:

Мәтінді оқып, әңгімелеңіздер.



Жыл маусымы

( А.Ш.Бектұров, Ш.К. Бектұрова «Казахский язык для всех», 539б.)


Тапсырма: «Уақытты тиімді пайдалану керек, өйткені...» -ойды жалғастыр, өз пікіріңді білдір

Менің пікірім,...

Менің ойымша,...

4-тақырып. Ас – адамның арқауы. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Мерекелік дастархан (Сіздің сүйікті асыңыз). Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).

Оқытылатын салалар шеңберінде ақпаратты есту және оқу кезінде сұрақ қою (сұхбат құру, сұхбаттасу, сұрақтарға толық жауап беру, тақырыпқа байланысты жай мәтіндер; күнделікті сипаттағы нақты ақпаратты және қажетті іс-әрекеттеріне түсініктеме берілген мазмұны бар қысқа баяндамалар жазу);

Сөздік минимум: Тамақтану, ас ішу, тамақ ішу, уақытында ішуге үйрену, ас ішу мәдениеті, сүйікті ас, ас әзірлеу (даярлау), пісіру, қуыру, аршу, тазалау, турау, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл, тұзды, тұзсыз, ет, сорпа, қуырылған картоп, тұшпара, мәнті, бұрыш, тұз, пияз, көк пияз, асқабақ, сәбіз, қияр, қызылша, сүт қосылған шай, қаймақ, кофе, сусын, шырын, жеміс, көкөніс, дастарқан мәзірі, тағам, дәмді

Тапсырма: «Мейрамханада (Мерекелік дастархан)» тақырыбына бір сахналық көріністің сценарийін жазыңыз
[1] 188-190бет, 6-11жаттығу, [1] 244бет, 21-25жаттығу.

5-тақырып. Денсаулық – зор байлық. Дене мүшелері. Емханада. Ауруханада.

Оқытылатын салалар шеңберінде ақпаратты есту және оқу кезінде сұрақ қою (сұхбат құру, сұхбаттасу, сұрақтарға толық жауап беру, тақырыпқа байланысты жай мәтіндер; күнделікті сипаттағы нақты ақпаратты және қажетті іс-әрекеттеріне түсініктеме берілген мазмұны бар қысқа баяндамалар жазу);



Тапсырма: «Денсаулық – зор байлық»

«Қазіргі ауруханаларда...» тақырыпты басшылыққа алып, пікірталас өткізіңіздер (пікіріңді білдір)

Менің пікірім,...

Менің ойымша,...

Менің көзқарасым...

Мен сенімен келісемін.

Мен де осылай ойлаймын.

Бір жаңынан осылай, бірақ...

Бұл олай емес.

Шын мәнінде олай болмау керек.

Басқа көзқарас болмау керек.



Мен... сенемін.

[1] 176бет, 6-8жаттығу, [1] 326бет, 23-24жаттығу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет