Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық



Дата15.01.2024
өлшемі14.68 Kb.
#489107
Көпесова Гүлдана практика есебі


Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық
университеті,Математика,физика және
информатика институтының
6В01502-Математика және физика”,МФК-202
топ студенті Көпесова Гүлдананың
Өндірістік (педагогикалық)" іс-тәжірибесінің


Есебі

Мен Көпесова Гүлдана Республикалық физика-математика мектебінде өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибеден өттім.


Іс-тәжірибе мен танысу жұмыстарының міндеттері мен мақсаттары толық таныстырылып өтілді.Іс – тәжірибелік жоспарға сәйкес іс-тәжірибенің алғашқы күнінде біз мектеп ұжымымен, мектеп әкімшілігімен және маған жүктелген 11 «А» сынып оқушыларымен, сынып жетекшісімен толық таныстым. Одан кейінгі күндері сынып жетекшінің тәрбие жоспарымен,жетекшімнің күнтізбелік жоспарымен, сыныптың әлеуметтік құжаттарымен және сабақ кестесімен, сынып журналымен толық танысып шықтым.
Іс-тәжірибелік жоспарға сәйкес алгебра,физика пәнінен сабақ беріп, күнделікті сабақтарға қатысып, мұғалімдердің сабақ жоспарымен танысып, біраз тәжірибе жинақтадым. Сабақтарға қатысу барысында күнделік толтырып сынып оқушылармен жақын қарым қатынаста болдық, өзім ұнатқан оқушыны толық бақылап, мінездеме жаздым.
Өзімнің күнтізбелік жоспарым бойынша пән мұғалімдерімен, сынып журналының құрылымымен, мектептің оқу жоспарымен, тақырыптық жоспарды талдаумен, сынып жетекшінің тәрбие жоспарымен толықтай танысып шықтым. Сонымен қатар, оқушылардын білімдерін, тәртіптерін бақыладым. Сыныпқа бақылау жүргізу барысында оқу озаты Бірғанымға күнделікті бақылау жүргіздім.Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибесінің соңғы күндерінде сыныпқа мінездеме жаздым.
Алгебра,физика пәндерінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым және мамандығым бойынша жұмыс атқаруға асықтым, осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым.
Қорыта келгенде, өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибеден өту кезінде өзіме келешекте жауапкершілікті талап ететін құжаттарды қалай толтыру керектігін және мұғалім өзін сабақта қалай ұстау керектігін, мұғалімнің дағдылардыларын толық үйрендім. Ұстаздық жұмысымның нәтижесіне қанағаттандым. Ұстаздық ету мен өз мамандығыма деген қызығушылық пен құрмет, осы мерзім аралығында өтілген өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибе арқасында арта түсті. Іс-тәжірибе кезінде білімімді толықтырып, пән мұғалімдерінен өзіме керекті көп нәрсе үйрендім. Осы іс-тәжірибенің көмегімен сауатты, білімді, білікті маман болып шығамын.

Өндірістік іс-тәжірибеден өтуші: Көпесова Гүлдана

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет