«Абай атындағы орта мектебі»кмм 2016-2017 оқу жылы



Дата01.02.2022
өлшемі282.01 Kb.
#455008
aғylshyn-tіlіn-oқytudaғy-zhaңartudyң-tiіmdі-әdіs-tәsіlderі




Ағылшын тілін оқытудағы жаңартудың тиімді әдіс-тәсілдері

Байжуманова Меруер Кабдрашитовна

«Абай атындағы орта мектебі»КММ

2016-2017 оқу жылы

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар:

қазақ тілі - мемлекетік тіл,

орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»





Басты мақсатымыз:

Өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған.

Шетел тілін оқытуда лингофондық құрал-жабдықтар

аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой- өрісін дамыту мақсатында қолданылады.

Сондай-ақ өз сабақтарымда мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс- тәсілдері, коммуникативтік бағыттағы оқыту элементтерін қолданамын.

Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ ашық сабақтар, пікір - сайыстар, семинар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, практикалық сабақтар, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмыстарымен айналысулары, сонымен қатар олардың жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету.

Оқу – тәрбие процесінде мынадай мүмкіндіктерге жеткізеді :

1. Оқу – тәрбие ісінің қарқыны жоғарылайды.

2. Оқытудың сапасы артады.

3. Оқушылардың дүниетанымы кеңейеді.

4.Оқушылардың пәнге қызығушылығын, білімге құштарлығын арттырады.

Электронды оқулықтардың көмегімен :

1. Оқушылардың пәнге қызығушылықтары артады.

2. Деңгейлік тапсырмалар орындауға мүмкіншіліктері зор болады.

3. Тестік тапсырмалар орындайды.

4. Алған білімдерін өздері тексереді.

5. Ойлау қабілеттері дамытылады.

6. Білім, білік дағдылары қалыптасады.

7. Анықтамалық ақпараттар алады.



СТО–ның әдіс –тәсілдері

оқушыларды ізденімпаздыққа баулиды, бір–бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге көмектесетін бағдарлама. Басқа бағдарламалардан ерекшелігі оқушының қызығушылығын арттыра отырып, қиялын дамыту үшін « менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру, әртүрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау. Осы кезде ғана оқушы ойы шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жетеді.



 

Оқу үрдісінде тиімді ойын түрлері:

Рольдік ойындар, іскерлік ойындар, интеллектуалдық ойындар, дидактикалық ойындар, лингвистикалық ойындар – кроссвордтар, анаграммалар, жұптық, топтық ойындар – бинго және т. б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет