ОРАЛ ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: “Ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды орындаудың тиімді әдіс-тәсілдері”
Орындаған: Муратова Арайлым Асетовна
Жетекші: Мухамедьярова Ырысты Рыскалиевна
Орал – 2023ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
I тарау. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1. Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту әдістемесі..............................6
1.2. Ағылшын тілі сабағында грамматиканы меңгерудегі тиімді
әдіс–тәсілдері..........................................................................................................9
1.3. Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері..........................................13
II тарау. АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1. Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері....................19
2.2. Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану...................................................................................................................25
Қорытынды............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................30
КІРІСПЕ
Ағылшын тілін толық меңгеру үшін ең алдымен ағылшын тілі грамматикасымен толықтай танысып білу қажет. Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымының әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы - лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі – фонетика, сөздердің формалары – морфология, ал сөз тіркестерімен сөйлем – синтаксис саласында қарастырылады. Грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі. Дидактика талабының бірі оқытудың саналығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы түрде меңгеруі болып табылады. Бұл үшін оқытушы балаларды қызықтырып, өзіне тартып, өз ойы барысын байқауға, бақылауға, салыстыруға, бірі мен екіншісінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |