Абай жане оның әндері
Сабақтын мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі,оның қазақ музыка өнерінде алатын орын,ндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру
Б) тәрбиелік: Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын,саналы,өнерлі,білімді азаматты тәрбиелеу.Абай әндері арқылы эстетикалық,адамгершілік тәрбие беру.
В) Дамытушылық: Мзыкалық сөз қорларын байыту,музыканы тыңдай және түсіне білу,ән айту қабілеттерін жетлдіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті,баяндау,сұрақ-жауып
Көрнекіліктер:
Сабақтың барысы: Оқушылар класқа Абайдың «көзімнің қарасы» әнімен кіреді.
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатынастарын,оқу-құралдарын тексеру)
ІІ. Жаңа сабақ.
А) Қызығушылығын ояту. Абай деген сөзді естігенде,ойларыңа,көз алдарыңа не келеді? Оқушылар ойларын қағазға түсіреді. Ассоциациялық аймақ құрғызамын.
Мағынаны тану: Оқушыларға Абайдың туған жері туралы бейнетаспадан көрсетемін.
Абай Құнанбаев өмірі мен әндері туралы мұғалім түсінігі. (тақтада Абай суреттері кетеді)
Абай Құнанбаев (1845-1904) ақын, ағартушы, композитор, аудармашы.
Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды.Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды.Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.
Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т.б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды.
жылдар
|
атаулар
|
1845ж
1888ж
1919-1923жж
1926ж
1939ж
|
Абай Құнанбаев дүниеге келді.
«Желсіз түнде жарық ай» әні шыққан.
Абай әндері ел ішіне ауызша тараған. Көзі тірі кезінде нотаға түспеген.Ең алғаш нотаға түскен жылдары.
«Музыкалық этнография» деген жинаққа Абай әндері енгізілген.
Абайдың немересі Мекен апамыздың айтуында М.Әуезовтің ұйытқы болуымен Абайдың 16 әні нотаға түсті
|
Музыка тыңдау: Абай табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды, адам өміріне арнап жырға қосты. Табиғат, махаббат сырына арналған әні «Желсіз түнде жарық ай».Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні. Бұл әнді 1888 жылы Абай Ақшоқыға қарап тұрып айтқан екен. Ақшоқы Абай жырының бесігі. Бұл өлең 1909 жылы кітапқа басылған.
Жарық айдың сәулесі суға түсіп, дірілдеп тұрған жанды бейнесі, терең сайды қуалап, тасқындап ағып жатқан өзен, қалың ағаштың сыбырласқан жасыл жапырақтары, жер жүзін құлпыртып тұрған көкорай шалғын – табиғаттың сан алуан суреті көз алдыңа келеді, көңіліңе қона кетеді.
Сабақты бекіту: Оқушылармен жұмыс.
Абай кім? Оның қандай лирикалық өлеңдерін білесіңдер?
«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін қара сөзбен суретте.
Абайдың әндері туралы қандай мәлімет білеміз? ( уақытнамалық кестемен жұмыс)
«Ақын болу» ойыны. Абайға арнап өлең шығару.
…………………. дана,
…………………. ғана.
………………… оқығанды,
……………….. пана
Бағалау: Мониторлық бағалау жүйесі.
Сабақтың мақсаты: «Абай жолы» роман-эпопеясының дүниежүзілік классикаға енген шығарма екенін таныту
Сабақтың міндеттері:
а) білімділік: эпопеяның негізгі оқиғалары бойынша Абайдың феодалдық қоғаммен бетпе-бет
келуін,халық үшін күрес жолының басталуын түсіндіру.Абай бейнесін талдай
отырып,өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
ә) дамытушылық:дағды-машығын,таным белсенділігін дамыту.Өз беттерінше салыстыру,
қорытынды жасай білу,шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
б) тәрбиелік: туған елін сүю,құрметтеу,адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіру.Адал махаббат пен
таза достықты үлгі ету,жауыздық пен қатыгездіктен,тағылықтан жирендіру.Ұлттар
достығына деген құрмет сезімін арттыру.
Сабақтың әдісі:әңгімелеу,проблемалық сұрақтар,әдеби дискуссия
Сабақтың түрі:топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: М.Әуезов,А.Құнанбаев портреттері,9-сыныпқа арналған электронды оқулық,буклет,кесте-сызба,кітап көрмесі,интербелсенді тақта.
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа қатысын,оқу құралын түгендеп,назарын сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасы. «Ұлан даланың ұлы жыршысы» М.Әуезовтің өмірі,шығармашылығы,әңгімелері туралы
ІІІ.Жаңа сабақ.
Мұғалім сөзі: Абай жолы-халық жолы. Абай туралы романдар-Абайдың ел-жұрты, қоғамдық ортасы, әлеуметтік қоршауы,дәуірі,заманы туралы романдар. Абай-Әуезов қолындағы шамшырақ. Ілияс Омаров сөзімен айтсақ: «Әуезов сол шамшырақты қолына ұстап,көшпелі феодализмнің небір меңіреу түкпірлері мен қараңғы қапастарын аралап кетеді де, зорлық-зомбылық,қатал жауыздық, әділетсіздік сияқты қара күштерлдің ойнағы болған неше түрлі бұралаң шатқалдарды көз алдыңа жарқыратып әкеледі. Демек, «Абай жолы» Абайдан гөрі кең. «Абай жолының» бас кейіпкері-Абай. Романның бірінші кітабында балғын жас шәкірт Абаймен жарысып ауылға қайтсақ, ақырғы кітабында алпысты алқымдатып,қайтыс болған ел ағасы-ақын Абайдың жаназасына қатысамыз. Сонда елу жылдай өмірдің айғағы боламыз.Жарты ғасыр өмір.
Роман-эпопеяның 1-кітабы-1942 ж
2-кітабы-1974 ж
3-кітабы-1952 ж
4-кітабы-1956 жылдары жарық көрді. Романды жазып шығуға жазушының 10-нана астма жыл уақыты кетті. Романның жазылуы туралы М.Әуезов былай деген: «Әлдеқашан бел асып кеткен керуеннің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап,оны демімен үрлеп,тұтатпақ болды десек,романға материал жинаған менің де халім дәәл сол әрекет сияқты еді».
2)Саяхат. Абайдың Жидебайдағы мұражайына саяхат жасау (электронды оқулықтағы бейнетаспамен жұмыс жүргізу)
3 )Кесте-сызбамен жұмыс.Абайдың іс-әрекеті топтастырылған кесте-сызбаны басшылыққа алып, әңгімелеу әдісімен жұмыс жүргізу. Алдын ала берілген топтық жұмыс бойынша әр топ эпопеяның кітаптарынан Абай бейнесін ашатын басты оқиғаларды іріктеп алып,төмендегі үлгі негізінде жинақтап келеді. Сол бойынша топ жетекшілерінің есебі тыңдалады.
№
|
Негізгі бөлімдер
|
Оқиғалар
|
Абайдың іс-әрекеті
|
1
|
«Қайтқанда»
|
Қодар мен қамқа өлімі
|
Әке қолындағы қаннан үркеді. Қатты шошып,ауырып қалады
|
2
|
«Қат-қабатта»
|
Абайдың Қарқаралыда Шөжені алғаш көруі
|
Шөже өнеріне сүйсінеді.Әкесі үшін қатты ұялады.Шындықты мойындайды.
|
3
|
«Жолда»
|
А) Абайдың Қарқаралыда Шөженің өткір сынға толы өлеңін естуі,оның әсері
Б) Бөжейдің батасы.Сәби Кәмшаттың аяулы халі
|
Алғаш рет әкесінің қаталдығына қарсы шығуы (Кәмшат мәселесі бойынша)
|
4
|
«Шытырманда»
|
А)Шығыс әдебиетінің асыл қазыналарын бас алмай оқуы.
Ә) Алғашқы махаббат
Б) Сорлы Кәмшаттың ауруға шалдығуы
|
Тоғжанды сүйе тұра ескілікке қарсы шыға алмайды. Іштей қатты қиналады.
|
5
|
«Бел-белесте»
|
А) Бөжейдің қаралы көші.Зарлы жоқтаудың Абайға әсері.
Ә) Ағасы Тәкежанмен қақтығысы,әкесінің ісіне наразы болуы
|
Әкесінің Бөжей аулына істеп отырған әділетсіздігін бетке айтады.
|
4) Ой сергіту.Блиц-турнир. Оқушылардың Абай туралы мәліметтерін молайту мақсатында және қызығушылығын ояту үшін үш топқа сұрақтар беру.
І топ. Абайдың сүйікті жары (Әйгерім)
Абайды «Қазақтың бас ақыны» деп айтқан кім? (А.Байтұрсынов)
Абайдың құрмет тұтқан замандасы,суырып салма ақын (Байкөкше)
Абай дәстүріні жалғастырушы ақын інісі (Шәкәрім)
Абай айқындап берген бес асыл іс (талап,еңбек,терең ой,қанағат,рахым)
«Жайнаған туың жығылмай» өлеңін кімге арнаған? (інісі Оспан қайтыс болғанда)
ІІ топ. «Абай тілі» сөздігінің авторы (І.Кеңесбаев)
Абайдың жеңгелері қойған есімі (Телқара)
Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының есімі (Михаэлис)
Әйгерімнің шын есімі (Шүкіман)
Абайдың аяқталмай қалған дастаны («Әзім әңгімесі»)
Абайдың ең жақын досы (Ербол)
ІІІ топ. Абай айқындап берген адамгершілікке жат бес дұшпан (өсек,өтірік,мақтаншақ, еріншек,бекер мал шашпақ)
«Етімді шал сипаған құрт жесін» деп жартастан құлап өлген қыз туралы өлеңі қалай аталады? («Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында»)
Абайдың домбыраға арнаған ән өлеңі (Желдірме)
Абайдың қолжазба мұраларын жүргізуші (Мүрсейіт)
Абай туралы шығарылған алғашқы көркем фйильм атауы (Абай әні)
«Татьянаның қырдағы әніне» айналған Абай аудармасы («Қараңғы түнде тау қалғып»)
5) Проблемалық сұрақтар.Әдеби дискуссия.
-Абай Қодар мен Қамқаны,Кәмшатты неге өлім тырнағынан арашалай алмады?
-Ата емес,адамның ұлы болуды қалай түсінесің? Абай ол биікке жете алды ма?
-Абай неге халық жағына шықты? Себебі неде?
-Абай өмірден түңіле ме?
-Қалай ойлайсыңдар,Құнанбай мен Абай арасындағы келіспеушілік,қайшылық тек әке мен
бала арасындағы өкпе наразылық па?
6) Абай және орта. Тақтада теріс қаратып кеспе қағаздар ілінеді. Романдағы Абай мен оның айналасындағы топтың байланысын ашамыз.
7.Венн диаграммасы.Абай мен Мұхтар ерекшелігі мен ұқсастықтарын салыстыру
Абай
19 ғ/ң асу шыңы,ақыл-ойдыңалыбы,ақын.Араб,парсы шығыстың классикалық поэзиясын меңгерді.Жаңа дәуірдің басы.Халықтың ұлы болды.Абай ақиқатты ақын сөзімен таныды.
|
Кемел
Талант
Суреткер-психолог
Ауыз әдебиетін терең меңгерген.Орыс,Еуропа мәдениетіне ден қойды. ЮНЕСКО көлемінде мерейтойлары атап өтілді
|
Мұхтар
20 ғ/ң заңғар биігі,прозашы,драматург,ұстаз,қоғам қайраткері. Ғасырлық туынды арқылы бір халықтың энциклопедиясын жасады.
|
ІV.Жаңа сабақты бекіту. Оқушылар слайдта көрсетілген сызба бойынша Абай жолының қандай жол екенін өз түсініктері бойынша айтады. Романнан үзінді келтіре отырып,дәлелдейді.
Әділет жолы
Өнер жолы
Абай жолы Адам ұлының жолы
Халық үшін күрес жолы
Достық жолы
VІ.Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай тұлғасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Роман-эпопеядағы басты кейіпкер Абайдың адами қасиеттеріне тоқтала келе, Абай тұлғасын ашу.
Дамытушылық: Әр тараудағы Абайдың адами қасиеттеріне тоқтала отырып, оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге, өз бетімен іздене білуге, ой қорыта білуге жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушының ата-анаға, туған-туысқа, жақындарына деген сүйіспеншілігін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, топтастыру, ой қозғау
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: Кітап көрмесі. «Абай жолы» роман-эпопеясының
I-II томы. Тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
II Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
1.М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына байланысты тест тапсырмаларын орындау (интерактивтік тақтадан).
2. «Абай жолы» роман-эпопеясында кездесетін қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлері туралы тапсырма берілген болатын. Яғни, қазір аталатын әдет-ғұрып, салт-дәстүрге анықтама бере отырып, ол романның қай жерінде кездесетіні туралы түсінік бере кету:
Жоқтау Сауын айту
Қаралы жыл Әдет-ғұрып Әмеңгерлік
Ат сауырын Салт-дәстүр Бастаңғы
Барымта Ұрын бару
III Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Абай болса – шаңырақ,
Сен көтерген уық ең.
Көрік берген еліме,
Көтерілген туым ең, - деп, Қ.Абырайымұлы айтқандай,
«Абай жолы» романының жаны мен жүрегі - Абай тұлғасы.
Абай Құнанбайұлы 1845жылы 10 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ жайлауында дүниеге келген. «Ата-анаға көз қуаныш, алдына алған еркесі», -деп ұлы ақынның өзі жырлағандай, жас шағында екі анаға, яғни, Ұлжан мен Айғызға тел жанасып өсіп, Телқара атанған, балалықтың хан базар барша қызығын ол да армансыз кешіп өткен.
Әжесі Зере оның әке-шешесінің азан шақырып қойған «Ибраһим» есімін өзгертіп, өзі ерекше жан тартып, жақсы көрген, бауырындағы немересіне Абай деп бір түрлі нәзік, сезімді ат қойып еркелетуінің өзінде ерекше мән жатыр. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан деген молдадан оқып, хат таниды.
10 жасында әкесі Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол медреседе небәрі үш-ақ жыл оқиды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып, тәрбиелемек болып, оны оқудан шығарып, елге алдырады. Эпопея, міне, осы кезеңнен басталады.
Эпопеяның басында Абай өзін қоршаған дүниеге кіршіксіз сәби сезіммен, кінәсіз бала көзімен қарайды. Біз қаладан далаға асыққан бала шәкірттің бір белден асып, екінші белдің өріне қарай тоқтамай жарысуынан-ақ оның келешекке шығатын бел-белестерін аңғарамыз.
Енді, әр тараудағы Абай бейнесін ашатын үзінділерге тоқтала отырып, Абайдың адами қасиеттерімен танысамыз(интерактивтік тақтадан кесте бойынша түсіндіру).
2. Абай «Татьянаның хатын» аударып, ән шығарумен қатар, өзі де 20 шақты өлең-ән жазған. Атап айтсақ, «Сегіз аяқ, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай».
Қазір «Көзімнің қарасы» әнін тыңдаймыз.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқтақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады.Бұл - өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне беймәлім, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді түрде жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Дүниені торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Абайдың халықтығы мынада , ол- халқының рухани көзі болып, алысты көре білді. Халқы үшін ойлап, халқы үшін сезіне жүріп, оның тарихи келешегін көрсетіп берді.
Енді «Абай жолында» кездесетін ұлы ақынның асыл қасиеттерін жинақтай келе, топтастырамыз.
азамат ақын
өнерді құрметтеуші Абай аудармашы
жастарға қамқоршы сазгер
IV. Дәптермен жұмыс.
V. Бүгінгі сабақта нені үйрендім? Абайды қай қырынан таныдым? (ойтолғау)
VI . Енді Абайдың маңындағыларды топтарға бөлеміз:
Өмірлік серіктері,
үй серіктері Достары, өнер адамдары Шоқтай жиын, мықты топ Ел ішіндегі жақсылар
VII. Абайға арналған арнауларды тыңдасақ.
VIII. Бүгінгі сабағымызды Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә. Назарбаевтың мына сөзімен қорытындылаймын:
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай – әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс...
Абайды тани алмаған қазақ, дүниені де танып жарытпайды».
Сабақ тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» роман –эпопеясы, мазмұны, кейіпкерлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- М.Әуезов шығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, мазмұнын түсіндіру, кейіпкерлер бейнелерін сомдау;
Дамытушылық – жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру;
Тәрбиелік-адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана-сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ типі: іздендіру сабағы
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, проблемалық сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, ой қорыту, топтау стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, сурет
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, шығармалар жинағы, слайдтар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қ.Бітібаева «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары», Рауан-1990ж.
М.Қаратаев «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» А., 1980ж.
Қазақ әдебиеті журналы, №12. 2000ж.
«Біздің Мұхтар» (М.Әуезов туралы естеліктер)
Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.
Қалайша бас имессің оған, сірә.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) сынып даярлығын тексеру;ә) кезекші арқылы түгендеу.
Оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың айдары:
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ.
(Назым Хикмет)
Ендеше біз де лапылдап жанып, нәтижелі сабағымыздың туын желбіретейік.
І Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Әр елде, әр кезде халық анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық –анасының есімін, өзінің үздік таланты, өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді.
Қазақ халқының сондай ұлдарының бірі-Мұхаң. Бүгінгі таңда өзінің саф алтындай жарқыраған, інжу-маржандай жалтылдаған сұлулық жағынан Микелонджеланың мүсіндеріне пара-пар, биіктігі жағынан Египет пирамидаларындай аспанмен таласқан, халық өмірін жырлауда гректің «Илиадасымен» тең түсетін «Абаймен» әлем халқын шарлауда.
Сұрақ: Қазақ сахарасында дүниеге келіп, сол сахарасын оның талантты әдебиетін дүниеге паш етіп отырған жазушы табысының сыры неде?
Жауап: оның сыры-жазушының халық өмірін, оның рухани жан-дүниесін, оның бақытқа, болашаққа ұмтылған, адал махаббатқа талпынған қасиетті сапаларын ұлттық бояумен, ғажайып сырлы сөзбен жеткізе білуінде. Әуезов эпопеясынан ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ғана үнін емес, бостандықты, азаттықты, теңдікті аңсаушы бүкіл әлем халқының асқақ даусын естиміз. Сол себептен де ол әлемнің түпкір-түпкіріне тоқтаусыз сапар шекті ақ па, қара ма, сары ма, мұсылман ба, христиан ба- барлық адамзат баласының жүрегіне жол тапты.
Эпопея дегеніміз не?
«Абай жолы» роман эпопеясы туралы не білеміз?
Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман 3 кітаптан құралмашқы болатын. Алайда жұмыс барысында оның шеңбері кеңейе түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», одан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» романын жазды. 1- кітабы: 1942 жылы, 2- кітабы: 1947 жылы, 3- кітабы: 1952 жылы, 4- томы 1956 жылы жарыққа шықты. «Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып табылды.
І том
Қайтқанда
Қат- қабатта
Жолда
Шытырманда
Бел- белесте
Өрде
Қияда
ІІ том
Тайғақта
Жайлауда
Еңісте
Оқапта
Асуда
Тарауда
Биікте
Эпилог
Түсініктер
ІІІ том
Абай аға
Кен жолында
«Қарашығың»
Өкініште
Қақтығыста
Қоршауда
ІҮ том
Түн- түнекте
Құз- қияда
Қапада
Қастықта
Шайқаста
Жұтта
Тараулар арқы Абай жолын, Құнанбай жолын көрсету.
«Қайтқанда»
«Шытырманда»
«Бел-белесте»
«Өрде»
«Қияда»
«Биікте»
Қат-қабат шытырмандар арқылы өрге, қияға, биікке шығып келе жатқан Абайды көреміз.
«Қияда»
«Өрде»
«Бел-белесте»
«Шытырманда»
«Қайтқанда»
Жоғарыдан ылдилап төмендеп келе жатқан Құнанбайды көреміз.
І. Атаның ұлы емес, адамның ұлымын (Абай бейнесі)
Абай неге халық жағына шықты?
Жауап:
Абай оқудан келгеннен кейін Құнанбайдың қасында жүріп, ел есіне араласа бастайды. Ел ішінде болып жатқан зомбылықты, қараңғылықты, теңсіздікті өз көзімен көреді. Әрі сол қарапайым халық ішінен өзіне дос таба біледі. Жуан бел надан, содыр ру басшыларынан бөліне кеткен бетінде, біреуден халықты, халықтың мұңын таба білді. Сол халықтың жоғын берер жаңалығын іздеді. Оған: «Әкесінің баласы-адамның дұшпаны, адамның баласы-бауырың» деген ойы дәлел. «Алда өмір, тартыс.Сол тартыста бұл жалғыз. Қуаты –ақылдық, үміті-халық. Өмірдің беліне шығыпты. Сол өткен жолында жоғалтқаны көп пе, тапқаны көп пе? Рас, жоғалтқанының көбіне өкінбейді.
Жақында әке-Құнанбай кетті жат болып. Туысқаннан-Тәкежан... Тәкежандар кетті жауығып. Келер, кете берсін.Бірақ халық қалса, халыққа жалынды
ІІ. ... Қарашығым қоңыр қозым... (Абайдың сүйікті аналары – Зере, Ұлжан)
Романға үңілсек, біздің көз алдымыздан біріне-бірі ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын әрқайсысы өз қалпымен, кескін-келбетімен, ерекше ішкі сырымен соны, тың туынды болып көрінетін, көптеген әйелдер бейнесі бар.
«Ел анасы » атанған Зере баласы Құнанбай алдында неге әлсіз?
Жауап:
1.Зере Құнанбай алдында ешқандай да әлсіздік көрсетпейді. Қайта оны ықтырып отырады. Мысалмен дәлелдесек:
-Қорқытпа келіндерімді!... О, несі?-деп қатты зекіп қап. Ілгері жылжып кеп екі қолымен жер тіреп отырып, баласының жүзіне суық қарайды. Құнанбай шешесінің ажарын сезді де, жуаси түсті. Заман басқа, әйел сөйлеп, әйел ел басқаратын, билік айтатын заман емес еді. Әдет-ғұрып, ескі салттың заманы болатын. Ол сол феодалдық замандағы әйелдер теңсіздігі тудырған әлсіздік, замана әлсіздігі. Туған анасы туған баласына үкім айта алмайды. Себебі: әйел қоғамдық іске араласпауы керек. Өйткені ол қандай ақылды болса да «төмен етекті», отбасының ғана адамы.
ІІІ. Ұлжан бақытты әйел ме?
АБАЙ ЖОЛЫ ӨМІР ЖОЛЫ. ӨМІР ДЕГЕН ТУЛАП АҚҚАН ТЕҢІЗДЕН ӨЗ ОРНЫМЫЗДЫ ТАБУ. Абайша айтсақ, «Атаның ұлы болмай, адамның ұлы болу» біздің мақсатымыз. Біз қандай мамандық таңдасақ та, қандай өмір жолында жүрсек те, біз Абай атамыздың әділдігін, оқу-білімге ұмтылуын ту етіп биік ұстауымыз парыз!
І топқа
1.М.Әуезов қай жылдары өмір сүрді?
А) 1900-1973
Ә) 1897-1961
Б) 1895-1960
В) 1894-1959
2.Мұхтар 11 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болды?
А) Немере ағасы Қасымбектің
Ә) Әкесі Омарханның
Б) Нағашыларының
В) Атасы Әуездің
3. М.Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесін жазғанда қанша жаста еді?
А) жиырмадан енді асқан
Ә) жиырмада
Б) Отызда
В) он сегізде
4.М.Әуезовтің пьесасын белгілеңіз.
А) «Бақыт жолына»
Ә) «Бәйбіше-тоқал»
Б) «Ш.Уәлиханов»
В) «Ант»
5.Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз.
А) Майбасар
Ә) Тәкежан
Б) Ызғұтты
В) Ербол
6.М.Әуезовтің 1917 жылы жарық көрген тырнақ алды мақаласының атын табыңыз.
А) «Мәдениет һәм ұлты»
Ә) Философия жайынан»
Б) Адамдық негізі-әйел»
В) Оқу ісі
Жауабы: 1-ә, 2-а,3-а, 4-ә,5-б,6-б
ІІ топқа
1.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы өзінің қалай қазақ болып кеткенін білмей қалғанын жазған жазушыны белгілеңіз.
А) Б.Матип
Ә) К.Федин
Б) Бельгер
В) Л.Арагон
2.М.Әуезовтің әңгімесін табыңыз.
А) «Қаракөз»
Ә) «Абай жолы»
Б) «Еңлік-Кебек»
В) «Жетім»
3.М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Абайға:»Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер»,-деп айтқан адамды табыңыз.
А) Зере
Ә) Айғыз
Б) Ұлжан
В) Күңке
4. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Сүйіндіктің қандай адам екенін белгілеңіз.
А) Табанды , қырсық адам
Ә) Сыр бермес
Б) Жалтақ адам
В) Сұм адам
5.М.Әуезовтің тұңғыш көркем туындысы қалай аталатынын белгілеңіз.
А) «Абай жолы»
Ә) «Қилы заман»
Б) «Қаракөз»
В) «Еңлік-Кебек»
6.М.Әуезов Санкт-Петербург университетін қай жылы бітірді?
А) 1922
Ә) 1928
Б) 1924
В) 1926
1-а,2-в,3-ә,4-б, 5-в, 6-ә
ІІІ топқа
1«Қорғансыздың күні» әңгімесінің басты кейіпкері кім?
А) Рабиға
Ә) Ғазиза
Б) Жәмила
В) Қадиша
2М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай қол ұшын бере алмай, қыршын кеткен қарындасының атын табыңыз.
А) Кәмшат
Ә) Айгүл
Б) Мағыш
В) Салиха
3.М.Әуезовтің қай шығармасында Жарасбай, сәлмен, Қатша деген кейіпкерлер кездесетінін белгілеңіз.
А) «Қилы заман»
Ә) «Қаралы сұлу»
Б) «Қараш-қараш оқиғасы»
В) «Оқыған азамат»
4. «Абай жолы» романындағы асы берілген адамның атын табыңыз.
А) Бөжей
Ә) Байдалы
Б) Қодар
В) Қаратай
5.М.Әуезовтің 1956жылы қандай кітабы басылып шықты?
А) Абай жолы» ІІ кітап
Ә) «Абай жолы» І,ІІ кітап
Б) «Дос-бедел-дос»
В) «Абай жолы» І кітабы
6.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының І кітабында Абайдың кім ретінде қалыптасқанын белгілеңіз.
А) Азамат
Ә) ақын
Б) Ел қамқоры
В) Азамат-ақын
Жауабы:, 1-ә, 2-а, 3-б, 4-а, 5-а,6-а
IX. Қорытынды.
Туған әдебиеттері үшін Сервантес, Шекспир, Бальзак, Диккенс, Тиккери, Толстой, Достоевский, Тагор мен Кавабата не бітірсе, Әуезов те қазақ әдебиетінде дәл соны бітірді. Өз ұлтын адамзатқа тегіс танымал, рухани туысқан етсе, ұлттық әдеби дамуымызды әлемдік биікке алып шығып, қазақ сөзі мен қазақ пікірін жалпы адамзаттық мәшурада алғаш рет паш етті.
Туған елімізді, жерімізді, тілімізді өліп-өшіп сүйіп өтуде Абай жолынан, Әуезов жолынан айнымайық..
Бағалау. Сабаққа қатысуларын айта отырып бағалау.
Үйге тапсырма. М.Әуезов өмірі мен шығармашылығын оқу. Кейіпкерлер галереясына сипаттама жаз
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы салт-дәстүрлер.
Сабақтың мақсаты: 1. Эпопеядағы салт-дәстүрлерді талдай отырып, бүгінгі өмірде халықтың қолданысындағы сақталған түрлері мен қолданыстан шыққандары туралы ұғымдарды кеңейту.
Салт-дәстүрдің көнерген түрлерін талдата отырып оқушылардың ойын, көзқарасын, сын тұрғысынан тұжырым жасау қабілетін дамыту.
3. Оқушылардың жеке өз ойын айту, тақырыпты талдау, тәуелсіз еркін сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Пікір сайыс. Танымдық талдау. Іздену.
Абай бейнесі.
Абай – шыңға шыққан жас шынар.
Атаның емес, халықтың баласы.
Абай – жастар қамқоршысы.
Абай – жаңалақтың жаршысы.
Эпопеядағы әйелдер бейнесі.
Мейірімді қос ана- Зере мен Ұлжан.
Сертім сол, сенсіз өмір маған жоқ!. Мәкен , Мағрипа
«Күндестің аты күндес те» Айғыз, Ділдә.
«Адуын бәйбішелер» «Өшпес өлең» бөлімі.(Қаражан, Мәніке)
Жаңа сабаққа дайындық.
Абайды әкесі оқудан неге ерте шығарып алдырды?
Асыл аналар Зере мен Ұлжанның тәрбиесі,Абайға әсер етті ме?
Абай рухани байлықты қалай, қайдан алды?
Құнанбайдың Абайға таққан міні.Абайдың әкесіне берген жауабы.
Эпопеядан тапқан түйінді ойларың:
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең»
2.« Көп әйелдің бірі – мен ,көп баланың бірі – сен, мезгіл жеткенде түсінерсің,»- дейді анасы.
(Абай осы сөзді қай кезде естиді).
Жаңа сабақ
«Абай жолы» эпопеясындағы салт-дәстүрлері.
Мақсатымыз: Осы салт-дәстүрдің тәрбиелік мәні бар ма? Бүгінгі өмірде қолданыста қандай дәрежеде, көнеріп, ол дәстүрдің жойылған түрлері бар ма?
Салт-дәстүрлер:
Бастаңғы.
Жоқтау.
Өлімді күту, жөнелту, сауын айту.
Ас беру.
Құда түсу.
Ұрын бару.
Әмеңгерлік салт.
1.Бастаңғы туралы талдаулар жасау.
2.Жоқтау – эпопеяда қай жерде айтылады. Жүрекке жетке ән кімге де болсын әсер етеді. Құнанабай да көзіне жас алып егіледі.
Өлімді күту, жөнелту, сауын айту салты берілген. Бөжейдің үйіне қаралы ту тігіледі. 40 күнге дейін өлімді күтіп, жоқтау айтылады. 40 күндігі берілген соң, қаралы мал белгіленіп, құйрық жалы күзеліп, жайылымға жіберіледі. Қаралы малға ешкім қастандық жасамайды, ұра алмайды. Ол еткін жүріп қоңданып семіреді.
Ас беру- Бөжей асы. Абайдың Бөжей асын өткізуге берген көмегі елде аңыз боп айтылды. Бүкіл ел Абайға батасын берді. Абайдың өзі асқа 15 үлкен жылқы, 5 тайдың етін, 40 саба қымыз жасап, қонақ күтті. Абай анасы екеуі ақылдасып, Бөжейдің асыны көмек берді.
Құда түсу. Құнанбай істі болып, қаланың беделді шонжары Алшынбайдан көмек сұрады. Алшынбай Құнанабайға көмек тесіп, басына түскен қиыншылықтан құтқарды. Осы достықты, құдалыққа жалғастырды. Алшынбай құдалық белгісі ретінде тай сойып, тамақ берді. Алшынбайдың үлкен баласы Түсіптің қызы Ділдәні Абайға айттырды.
Құнанбай бір жылда үш ұлында үйлендіретінін айтып, Ұлжанмен ақылдасты.Парасатты,мейірімді ана Ұлжан қарсылық көрсетпеді. Әкесінің бұл шешімі Абайға ұнамасада келіседі. Себебі: әкесі айтса заң, кесіп айтты бағынасың.
Сұрақ: Абай неге қарсылық көрсете алмайды?
6.Ұрын бару. Қыз ауылына бару үшін ер жігіт күйеу киімін кию керек екен. Ол қызыл шапан, қызыл шұғамен тысталған үкілі бөрік .
Абай осы киімді киюге қарсы болады. Жол-жөнекей бірнеше ауылды басып өтемін. Сонда мен өзім жұртқа күйеу болып барамын деп көрсетемін бе?сол ауылға жақындағанда бірақ киемін деп көнбеді.
Сұрақ: Үкілі бөрік, қызыл шапанды кигізу себебі. Әжесі: «балам салттан аттап кете алмайсың, ол бізге сын»- деп ескертеді.
Осы салтқа байланыстыАбай мен Ербол арасындағы әңгімеге назар аударайық.
Абай: Ербол осы мен салт-дәстүрге таң қаламын. Анам маған Ділда саған ұнайма?-деген сауал қойған жоқ. Ділдаға да ондай сауал қойылмағанын сеземін. Бірақ екі елдің үлкендерінің өз қызықтары өзінде, тарту-таралғыларын бір-біріне сыйлап, құрмет көрсетіп шабылып жатыр.
Ербол: Рас айтасың. Жаңбырша жауған тілектер. Алай да сый-құрметті аямай беріп жатыр. Үлкендердің қуанышы шексіз. Бірақ Ділданы ебін тауып мен көріп қайттым. Ақ сары, орта бойлы сүйкімді қыз. Тал бойында олқылық жоқ.
Түйінді ой:
Абай өмірде Ділданы сыйлаған. Балаларымның анасы деп қастерлеген. Бірақ жүрегі басқаны іздеген. Ақын екінші рет үйленді. Ақынның екінші жары- Әйгерім. Әйгерім әнші, Абай әндерін айтқан өнерпаз жан. Әйгерімнің өнері феодалдық қыспаққа ұшырады. Оған ән салуға тиым салынды.
Эпопеядағы салттың бірі- әмеңгерлік салт.
Феодалдық салттың ең күшінде тұрған салттың бірі. Жесір дауы- ірі даудың бірі болған. Жесірін жатқа жібермеген. Жесірге қамқоршы оның жақындары. Оспан 40 жасында өмірден өтті. Оның үш әйелі жесір қалады. «Інісі – өлсе, ағасы мұра, ағасы өлсе, інісі мұра» деген заң осы жерде көрініс береді. Оспанның үлкен әйелі – Еркежан, екіншісі Зейнеп, үшіншісі- Торымбала.
Оспанның асы өткеннен кейін, осы әйелдердің алдынан кісі жіберіп сұрайды. Еркежан қарсылық көрсетеді. Кенже өлгенмен менің бауырымда балам бар деп егіледі. Ақылбайдың ұлы мен қызы өсіп келе жатқан. (Перизат, Әубәкір) Сондықтан тұрмысқы шықпаймын дейді. Тәкежан- Зейнепке,Ысқақ Торымбалаға әмеңгер болады.
Абайдан сұраған кезде, мен ешкімге де әмеңгер болмаймын деп бас тартады. Эпопеяда осылай айтылғанымен , бірақ Абай Еркежанға әмеңгер болады.
Сұрақ: не себепті жазушы Абайдың Еркежанға әмеңгер болғанын (жасырған) эпопеяда айтпаған.
Бекіті: Бүгінгі заманда әмеңгерлік салт жойылды, оған қандай себеп бар?
ХІХ ғасыр
1. Дін жолы арқылы үстемдік жасаған.
2. Әйелдер қауымының бас бостандығы жоқ.
3. Зорлықпен жесірлерге күш көрсетілген
Қорытынды: Салт-дәстүрлердің өзі бүгінгі өмірімізде қолданылуы қандай?
Үйге: Шығарма.Эпопеядағы аналар мен ару-қыздар бейнесі.(Қыздар үшін)
Абай жастар қамқоршысы.(Ұлдар үшін)
Бағалау:
Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды ұлы ақын!
Айдың орнын баса алады күн ғана,
Таудың орнын баса алады шың ғана,
Ұлы ақынды тану үшін қазаққа
Керек болды Мұхтар сынды бір дана!
Біз - ұлы халықтың ұрпағымыз. «Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай». Абай Құнанбаев та, Мұхтар Әуезов те - жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптары, саф таза сұлу, айырықша оқшау құбылыстар. Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы асқар белі – Абай, XX ғасырдағы заңғар биігі – Мұхтар. Абайды Әуезовтен бөліп жара қарай алмаймыз. Абайды әлемге танытқан - Әуезов. Міне, Абайдай ұлы бабамыздың барлық ғұмыры арқылы халқымыздың биік рухын, мәдениетін, салт - дәстүрін, тұрмыс - тіршілігін танытты. М. Әуезовтің «Абай жолы» романын оқыған адам тебіренбей қоймайды.
2
|
2
|
2
|
4
|
2
|
4
|
5
|
6
|
2
|
3
|
2
|
5
|
3
|
4
|
4
|
3
|
2
|
2
|
2
|
6
|
3
|
3
|
3
|
3
|
2
|
7
|
2
|
7
|
3
|
5
|
3
|
3
|
5
|
6
|
3
|
5
|
3
|
3
|
3
|
3
|
4
|
5
|
4
|
6
|
4
|
8
|
8
|
9
|
4
|
4
|
1
|
7
|
5
|
2
|
8
|
3
|
4
|
4
|
9
|
8
|
5
|
9
|
1
|
9
|
4
|
1
|
4
|
3
|
5
|
9
|
9
|
9
|
4
|
2
|
4
|
4
|
8
|
9
|
3
|
9
|
8
|
6
|
7
|
4
|
7
|
9
|
4
|
9
|
8
|
8
|
8
|
6
|
6
|
7
|
7
|
7
|
6
|
8
|
9
|
8
|
4
|
3
|
7
|
2
|
1
|
7
|
8
|
8
|
8
|
2
|
3
|
7
|
7
|
7
|
1
|
8
|
7
|
8
|
9
|
8
|
7
|
6
|
3
|
4
|
8
|
8
|
8
|
6
|
2
|
7
|
7
|
7
|
3
|
3
|
4
|
3
|
6
|
9
|
7
|
3
|
5
|
1
|
2
|
1
|
1
|
1
|
8
|
6
|
8
|
6
|
3
|
4
|
1
|
4
|
1
|
7
|
6
|
6
|
6
|
4
|
4
|
1
|
5
|
1
|
5
|
6
|
2
|
6
|
5
|
1
|
1
|
3
|
1
|
5
|
6
|
4
|
6
|
6
|
2
|
2
|
2
|
4
|
2
|
4
|
5
|
6
|
2
|
3
|
2
|
5
|
3
|
4
|
4
|
3
|
2
|
2
|
2
|
6
|
3
|
3
|
3
|
3
|
2
|
7
|
2
|
7
|
3
|
5
|
3
|
3
|
5
|
6
|
3
|
5
|
3
|
3
|
3
|
3
|
4
|
5
|
4
|
6
|
4
|
8
|
8
|
9
|
4
|
4
|
1
|
7
|
5
|
2
|
8
|
3
|
4
|
4
|
9
|
8
|
5
|
9
|
1
|
9
|
4
|
1
|
4
|
3
|
5
|
9
|
9
|
9
|
4
|
2
|
4
|
4
|
8
|
9
|
3
|
9
|
8
|
6
|
7
|
4
|
7
|
9
|
4
|
9
|
8
|
8
|
8
|
6
|
6
|
7
|
7
|
7
|
6
|
8
|
9
|
8
|
4
|
3
|
7
|
2
|
1
|
7
|
8
|
8
|
8
|
2
|
3
|
7
|
7
|
7
|
1
|
8
|
7
|
8
|
9
|
8
|
7
|
6
|
3
|
4
|
8
|
8
|
8
|
6
|
2
|
7
|
7
|
7
|
3
|
3
|
4
|
3
|
6
|
9
|
7
|
3
|
5
|
1
|
2
|
1
|
1
|
1
|
8
|
6
|
8
|
6
|
3
|
4
|
1
|
4
|
1
|
7
|
6
|
6
|
6
|
4
|
4
|
1
|
5
|
1
|
5
|
6
|
2
|
6
|
5
|
1
|
1
|
3
|
1
|
5
|
6
|
4
|
6
|
6
|
Достарыңызбен бөлісу: |