Қызылорда обылысы, Шиелі, №46 мектеп-лицей
Пәні: Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Рүстемова Гүлмира Бегайдарқызы
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: С.Мұратбеков «Жусан иісі» повесінен үзінді. (2-сағаты)
Сабақтың мақсаты: :
Білімділік
|
Дамытушылық
|
Тәрбиелік
|
Шығарманың мазмұнын талдай отырып,идеясын ашу жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту;кейіпкерге талдау жасау
|
Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы шығармадағы қажетті үзінділерді таңдап, ой түйінін қорытындылап шығаруға машықтандыру,өзінше ой қорытуға,ой түюге баулу;шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным –түсініктерін дамыту,іздену,зерттеу жұмыстарына баулу;өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу.
|
Жазушы көтерген проблемалар тағылымынан өнеге алып,оқушылардың азаматтық бейнесін қалыптастыру; кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, сезімді, төзімді, қайырымды болуға, бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
|
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ-жауап,проблема тудыру,іздестіру,оқулықпен жұмыс, топпен және жеке жұмыс жасау, баяндау,
пікірталас, эссе, талдау
Сабақтың кезеңі
(Блум таксомониясы бойынша)
|
Кезеңнің мақсаты:
|
Берілетін тапсырмалар
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Бағалау форма-лары
|
Беріл-ген уақыт
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныптың сабаққа дайындау.
Сыныпты үш топқа бөлу.
|
Білу
|
Оқыған шығарманы еске түсіріп, түсінгенін қысқаша баяндау.
|
Жоспар бойынша әңгіме мазмұнын жүйелеу арқылы
композициялық құрылымына талдау жасау:
Оқиғаның басталуы: Аянның ауылға қоныс аударуы.
Оқиғаның байланысы: Озат оқушы – Аян.
Оқиғаның дамуы:Тобығын тайдыруы.
Оқиғаның шиеленісуі: Әжесінің қайтыс болуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қаралы хабар.
Оқиғаның шешімі: Аянның балалар үйіне кетуі.
|
Жоспар бойынша болған оқиғаларды ретімен қоя отырып, мазмұнын қысқаша баяндайды, сол арқылы шығарманың композициялық құрылымын шығарады.
|
Өзін-өзі бағалау парағы мен таныстыру.
Мақтау
|
7
М -2
М – 3
М - 7
|
Түсіну
|
Повесть мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, автордың негізгі айтпақ ойын, идеясын тапқызу.
|
Ашық сұрақтар қоя отырып, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу.
-
Автор повесті неге «Жусан иісі» деп атады?
-
Аян ертегілерінің «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деп басталуының себебі неде?
-
Аян бейнесі сендерге қандай әсер қалдырды?
|
Ашық сұрақтармен жұмыс жасай отырып, өз ойларын ортаға салады.
|
3
М – 2
М – 6
|
Қолдану
|
Шығарманың мазмұнынан түсінгендерін пайдалана отырып, кейіпкерлерге талдау жасау.
Әдебиет теориясы бойынша қосымша мәліметтер беру.
|
Кейіпкерлерге талдау:
1-топ: Аянға мінездеме
2- топ: Аянның портретін шығармадан тауып жазу.
3- топ: Жағымсыз кейіпкерлерді ажырату.
|
Топтық жұмыс жасай отырып өз ойларын постер бетіне топтастырады
|
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» айтады.
Критер иалды бағалау
|
10
М – 7
М – 2
М - 4
|
Прототип туралы мәлімет беру.
Прототип дегеніміз – әдебиет шығармасындағы кейіпкерлердің бейнесін жасауға тірек негіз болатын өмірде болған адам, яғни өмірде бар бастапқы, түпкі тұлға.
Дарынды оқушымен жұмыс: Аянның прототипі туралы ізденіп келген мәліметімен таныстырады.
|
Талдау
|
Үш бейнефильмді көре отырып, салыстырмалы түрде талдап,
пікірталас орнату.
|
Үш топқа берілетін тақырыптар:
1-топ: Соғыс зардабын тартқан жетімдер.
2-топ: Бейбіт күндерде ана жылуына зәру жетім балалар.
3-топ: Өз елінен пана таппай, шет елдерге сатылып жатқан жетім балалар.
|
Әр топ өз тақырыптары бойынша ізденіп келген дәлелдемеле-рін ортаға салып, пікірталас өткізеді.
|
8
М - 1
М – 5
М – 6
М - 7
|
Жинақтау
|
Аян бейнесіне қатысты ойларын ортаға салып, жинақтап, кестені толтыру.
|
Аянның бейнесін топтастыру:
Аянның бейнесі
(Жазушының суреттеуімен)
|
Достарының көзқарасы
|
Менің ойымша
|
|
|
|
|
Жазбаша түрде тақтаға орындайды
|
6
М – 2
М – 4
М - 6
|
Бағалау
|
Алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю;
|
Әр топқа жеке тақырыптар беріледі:
1-топ: "Жетім көрсең - жебей жүр" тақырыбында ойтолғау
жазыңдар.
2-топ: Аян ертегісін "Баяғыда бір жетім бала болыпты"
деген тақырыпта жалғастырып көріңдер.
3-топ: "Аянның болашағы" тақырыбында повесті өз
қиялдарыңмен аяқтап көріңдер.
|
Жазған шығармала-рын топ ішінде талдап, ең үздігін ортада жариялайды.
|
8
М – 1
М – 3
М – 5
М - 6
|
Рефлексия:
Оқушылардың сабақ соңындағы қорытынды сөзін ауызша және жазбаша түрде орындату.
Сабақтың саған ұнаған сәттері:
|
Осы сабақтан алған әсерің?
|
Сабақтан саған ұнамаған сәттері:
|
Сабақта нені
өзгертер едің?
|
|
|
|
|
|
3
|
Келесі оқу: Оралхан Бөкей өмірбаяны бойынша мәліметтер жинақтап келу.
|
Өзін-өзі бағалау парағы Сабақтың тақырыбы:
Мерзімі:
Бағалау
критерилері
Оқушының аты-жөні
|
Білу
|
Түсіну
|
Қолдану
|
Талдау
|
Жинақтау
|
Бағалау
|
|
Тақырыпты енді оқып отырмын
|
Шығармамен толық таныстым.
|
Шығарма мазмұнын толық түсіндім
|
Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қоя аламын
|
Шығарманың негізгі тақырыбын таба аламын
|
Шығарманың тақырыбы мен идеясын түсінемін.
|
Берілген тапсырмаларды орындағанда тек суреттеме бере аламын.
|
Топтық жұмысқа араласып, өз ойымды ортаға салып отырдым.
|
Топтық жұмысты басқарып, өзіндік идеям мен көзқарасынды қостым.
|
Пікірталасқа араласа алмадым.
|
Тек сұрақ қоюмен шектелдім.
|
Өз көзқарасымды айтып отырдым.
|
Аян бейнесін ашуда өз үлесімді қоса алмадым.
|
Аянның бейнесін ашуда өз ойымды ортаға салдым.
|
Берілген тапсырмалардың бәрін орындап, тақырып бойынша өз ойымды жинақтадым.
|
Мен үшін эссе жазу қиындық тудырды.
|
Мен өзіме берілген тақырыпты
толық ашуға тырыстым.
|
Мен үшін бұл тақырыптардың ешқайсысы қиындық келтірмейді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Топ жұмысын бағалау кестесі
Мерзімі:
Ішкі бақылаушы:
Сабақтың тақырыбы:
Критерийлер
Топ мүшелері
|
Өз міндетін дұрыс атқаруы
|
Идеяларды ұсыну
|
Жолдастарын топ жұмысына жұмылдыруы
|
Идеялардың дербестігі
|
Сұрақ қою
|
Сұрақтарға жауап беру
|
Пікірталасқа қатысып, өз ойын айта білуі
|
Белсенді түрде тыңдау
|
Жалпы балл
|
Хатшы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Баяндамашы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Уақыт сақшысы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сыртқы бақылаушы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Суретші
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Идея келтіруші
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |