Абай облысы білім басқармасының Жарма ауданы білім бөлімінің
«К.Шакенов атындағы орта мектебі» КММ
БЕКІТЕМІН КЕЛІСЕМІН
Мектеп директоры Оқу ісінің орынбасары
Байғалиев К.С._______ Ашимханов Қ.Т._________ «___»_________ 2023 ж. «___»_________ 2023 ж.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
Пәні: математика
Пән мұғалімі: Бақыт Г.
2023-2024 оқу жылы
Түсінік хат
«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ, бар болғаны оған өзіне керекті
жаңалықты ашуға көмек беру қажет»
Г. Галилей
Ел Президенті өз жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады», - деп атап көрсетілгендей, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өрісі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.
Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болсын, негізінде оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың да дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыру қажет. Бұл ұстаз – парызы.
Дарынды оқушылармен жұмыс
Мақсаты:
- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- пәнге терең қызығушылығын арттыру;
- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;
- білімнің бағасын арттыру.
Міндеттері:
1. Дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық дамуын қадағалау.
2. Дарынды балалардың белгілі бір ғылым, өнер саласы бойынша дүниетанымының дамуына,шығармашылық бейімділіктерінің жетілуіне, көмек көрсету.
3. Қоғамдық, гуманитарлық, жаратылыстану, саяси-идеологиялық, зерттеушілік, жаңашылдық жұмыстарға деген қызығушылығын арттыру, бағыт-бағдар беру.
4. Өзіндік бақылаулар мен эксперимент жүргізу, практикамен ұштастыра алу, баспа деректерімен, ақпараттық жүйемен жұмыс жасауға қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |