Мақсаты: Оқушыларға дәрілік және мәдени өсімдіктер туралы терең мағлұмат беру, дәрілік өсімдіктердің қаншалықты маңызды екендігін және мәдени өсімдіктерсіз адам өмір сүре алмайтынын меңгерту. Оқушылардың дүниетанымын ойындар ойнау арқылы, логикалық танымын, биология пәніне деген қызығушылығын дамыту.Қоршаған ортаға деген жанашырлық көзқарастарын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: дәрілік өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырата алады, топтық жұмыста ізденген жұмыстарын қорғай алады.
Сабақтың кезеңдері
Уақыты
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
5 мин
Психологиялық дайындық.
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық
Оқушылармен амандасу:
Әр оқушы өзінің есімімен байланыстырып, жеміс-жидек, гүлдердің аттарын және қаланың атын байланыстырып айтады. Мысалы: Мен, -дәрмене - Душанбе
Барлық оқушы амандасып болға соң топқа бөлу:
- Балалар, қандай дәрілік және мәдени өсімдіктерді білесіңдер?
1 топ «Адыраспан»
2 топ «Түймедақ»
3 топ «Күнбағыс»
4 топ «Картоп»
Бүгінгі топтың жауабын мен бағалаймын.
Әбір дұрыс жауаптарыңа әр топтың ағашына гүл ілемін. Сабақтың соңында қай топтың ағашы гүлге толса, сол топ белсенділік танытты деп есептейміз.
Шаттық шеңберін құрып,
бір-бірімен амандасады
Оқушылар білетін өсімдіктерін атайды Түймедақ, дәрмене – дәрілік өсімідіктер