Абдалиев Дана Асанович, «Атбұлақ» жанында интернаты бар жалпы орта мектебінің



Дата30.06.2016
өлшемі76.95 Kb.
#168666
Абдалиев Дана Асанович,

«Атбұлақ» жанында интернаты бар жалпы орта мектебінің

география пәні мұғалімі

ОҚО, Қазығұрт ауданы

Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер мен мәдени өсімдіктер

Мақсаты: Оқушыларға дәрілік және мәдени өсімдіктер туралы терең мағлұмат беру, дәрілік өсімдіктердің қаншалықты маңызды екендігін және мәдени өсімдіктерсіз адам өмір сүре алмайтынын меңгерту. Оқушылардың дүниетанымын ойындар ойнау арқылы, логикалық танымын, биология пәніне деген қызығушылығын дамыту.Қоршаған ортаға деген жанашырлық көзқарастарын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: дәрілік өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырата алады, топтық жұмыста ізденген жұмыстарын қорғай алады.


Сабақтың кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин



Психологиялық дайындық.

Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық

Оқушылармен амандасу:

Әр оқушы өзінің есімімен байланыстырып, жеміс-жидек, гүлдердің аттарын және қаланың атын байланыстырып айтады. Мысалы: Мен, -дәрмене - Душанбе

Барлық оқушы амандасып болға соң топқа бөлу:

- Балалар, қандай дәрілік және мәдени өсімдіктерді білесіңдер?

1 топ «Адыраспан»

2 топ «Түймедақ»

3 топ «Күнбағыс»

4 топ «Картоп»

Бүгінгі топтың жауабын мен бағалаймын.

Әбір дұрыс жауаптарыңа әр топтың ағашына гүл ілемін. Сабақтың соңында қай топтың ағашы гүлге толса, сол топ белсенділік танытты деп есептейміз.


Шаттық шеңберін құрып,

бір-бірімен амандасады

Оқушылар білетін өсімдіктерін атайды
Түймедақ, дәрмене – дәрілік өсімідіктер

- Күнбағыс, картоп - мәдени өсімдіктер

«Миға шабуыл»

3 минут


«Ой қозғау»

10 минут

«Мағынаны ашу»

13 минут

Үй тапсырмасын сұрау

1.Бөлмеде қандай бөлме өсімдіктері өседі?

2.Бөлме өсімдіктерін қалай баптап күтеді?

3.Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреді?

4.Қандай жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, көлеңке сүйгіш өсімдіктерді білесің?

Оқушылар үйден алдын ала екі мәтінде де оқып келеді, сонымен қатар ізденіс жұмыстар жүргізіп, қосымша мәліметтер жинап келеді.

Дидактикалық ойын

«Өсімдіктер көрмесі» Түрлі өсімдіктер таратылып беріледі.

Суреттердегі өсімдіктерді қандай топтарға бөлуге болады?
























- Бұл өсімдіктердің атауын ата.

- Өсімдіктерді неше топқа бөлдіңдер?

Суреттер бойынша әр өсімдікке жеке тоқталу, жеке түсінік беру.

Біз бүгін қандай өсімдіктер туралы әңгімелейміз?

(Жаңа сабаққа көшу)
Қандай дәрілік өсімдіктер бар екендігін айттыңдар, ал мәдени өсімдіктер дегеніміз не?
Олай болса, келесі тапсырмамызды орындаймыз

Оқушылардың ізденушілік жұмысы бойынша әр топ өзінің атын қорғайды

1 топ «Адыраспан» шөбі

2 топ «Түймедақ» шөбі

3 топ «Күнбағыс» өсімдігі

4 топ «Картоп» өсімдігі


Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Өсімдіктерді екі топқа бөледі

Дәрілік өсімдіктер мен мәдени өсімдіктер

Дәрілік өсімдіктер мен мәдени өсімдіктер

туралы

Адамдар өздерінің әр түрлі қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында өсіретін өсімдіктер.

Оқушылар өсімдік туралы білетіндерін постерге жазып, сызып, қорғайды

Сергіту сәті

2 мин


Жұмбақтарды жасыру

1.Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да,

Айналар нанға да.
2. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар?
3. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.
4.Бұл не деген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім?

Үй ішінен табасың.

Тамаққа да саласың.
5.Бақтарда балбырап,

Тұрады албырап,

Уылжыған уыздай,

Алма емес ол бірақ...



(Бидай)


(Мақта)


(Сәбіз)


(Қырыққабат)
(Шабдалы)

5 минут

3 мин

Дәптермен жұмыс. Географиялық диктант диктант

1 топ

1) Дәрілік өсімдіктерді дайындаған кезде ... білу қажет.

2) Себебі өсімдіктің әр түрлі бөліктерінде ... ... қасиетінің мөлшері бірдей бола бермейді.

2 топ.

1) ... ... және жапырақтарды гүлдеген кезінде, жемісін және тұқымын толық пісіп жетілгенде жинайды.

2) Дайындауға негізінен ..., ..., түстен кейін жүргізіледі.

3 топ.

1) ... ... аймағында көбінесе ... егіледі. Өсімдік майын, майлы өсімдіктерден - ... және ... алады.

2) ... – матаның негізгі шикізаты.

4 топ.

1) Бақша өсімдіктері - ..., ..., ... жылы аудандар оңтүстікте өніп-өседі.

2) ... ... ... түрлері республикамыздың барлық жерлерінде өсіріледі.

Мақалды аяқта.

Әр топқа екі мақалдан

1 топ

Дәрі шөптен шығады, ... .... ...

Ағаш тамырымен мықты, ... .... ... .

2 топ

Ағашты жемісінен таниды, ... ... ... .

Гүл өссе жердің көркі, ... ... ... .

3 топ

Жел дауылды шақырады, ... ... ... .
Гүл ашылмай ... ... ... .

4 топ

Жабайы шөп жерді аздырар, ... .... .... .
Ағаш ексең аялап, ... ... .... .




Жауабын кітаптан тауып жазады

(дана — көптен шығады)

(Адам досымен мықты)

(

Адамды ісінен таниды)

(Қыз өссе елдің көркі)
(Бұлт жауынды шақырады)

(бұлбұл сайрамас)
(Еріншектік ерді аздырар)

Басыңда болар саябақ.


Сабақты қорытындылау

4 мин

- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Рефлексия

Не білдіңдер?

Не білгілерің келеді?

Өз ойларыңды мына жапырақ стикерлерге жазып, гүлдің жанынан жабыстырыңдар

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма § 48,49

Мәтін мазмұнын айту.

Өз жерімізде өсетін дәрілік және мәдени өсімдіктер туралы оқып біл.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет