Абенова лайла куантаевна



Дата30.06.2016
өлшемі270.83 Kb.
#167646
түріРеферат

ӘОЖ 37.016:53:373.5 Қолжазба құқығында



АБЕНОВА ЛАЙЛА КУАНТАЕВНА
Негізгі мектептің 7-9 сыныптарындағы «физика және астрономия» курсын оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері.
6М011000 – Физика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының

РЕФЕРАТЫ


Қызылорда, 2012ж

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Физика және Математика факультетінің Физика және ФОӘ кафедрасында орындалған.

Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының

кандидаты, профессор

Жайсаңбаев Т.Р.
Ресми оппонент: физика-математика

ғылымдарының кандидаты,

профессор Свечников В.В.
Диссертациялық жұмыс 2012 жылы «________» сағ. __________ Қорқыт Ата атындағы атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Физика және Математика факультетінің Физика және ФОӘ кафедрасында (120014 Қызылорда қаласы,Ы.Жақаев көшесі,43) қорғалды.

Диссертациялық жұмыспен Қорқыт Ата атындағы атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (120014 Қызылорда қаласы, А.Байтұрсынов көшесі,100) танысуға болады.


Реферат 2012 жылдың________________таратылды.

Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2012 жылы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында білім беру жүйесін жаңғырту барысындағы шаралар ішінде, «оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» [76,3] қажет деп көрсеткен. Осындай іс-шараның орта мектепте базалық және бағдарлы білім беруге негізгі мектебімізде «физика және астрономия» интеграцияланған курсқа байланысты айтылып отырғаны белгілі.

Физиканы жеке пән ретінде оқыту Ресей мектептерінде осыдан 300 жылдан астам кезеңдерде басталған [12,21]. Тұңғыш физика оқулығын (Вольфианская экспериментальная физика, 1746ж.) М. В. Ломоносов орыс тіліне аударып, бастырып дайындаған. Содан кейін алғашқы оқулықтарға М. Е. Головиннің «Физикаға қысқаша басшылығы» (1785), П. Гиляровскийдің (1793), М. М. Сперанскийдің (1797), И. А. Двигубскийдің (1808) физика оқулықтары жатады. Аталған авторлардың физика оқулықтарын физиканы оқыту әдістемесі бойынша алғашқы еңбектер деп алуға болады, себебі оларда оқу материалын түсіндіруге байланысты белгілі бір әдістемелік ұсыныстар берілгені анық.

Кеңес үкіметі тұсында физиканың оқыту әдістемесі туралы жазылған еңбектерге белгілі әдіскер- ғалымдар, педагогтар И. И. . Знаменский,

А. В. Перышкиннің оқулықтары жатады.

Кейіннен барлық мектептерді әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету үшін «Мектептің әдістемелік кітапханасы» (МӘК) және «Физика мұғалімнің кітапханасы» (ФМК) атымен жазылып алынатын кітаптар сериясы жарық көрді, әрине олардың бәрі орыс тілінде болды, қазақ тіліне олардың кейбіреулері ғана аударылды.

Қазақстанның егемендік алуына байланысты 2000 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім академиясы «физика және астрономия» курсының оқу бағдарламасын жасады, мемлекеттік стандарт дайындалды.

Осы кезеңде мектеп алдына қойылған жаңа талаптарға байланысты физика курсының күрделі шеңберлі құрылымы ұсынылды. Жаңа құрылымға байланысты жаңа бағдарлама бойынша 7-9 сыныптарда, яғни негізгі мектепте физиканың барлық бөлімі толығымен қамтылып оқылатын болды. Физика мен астрономия пәндері интеграцияланған курс болып құрылып, бірінші шеңберде базалық білім беретін болды.

10-11 сыныптардағы екінші шеңберде бағдарлы мектептің қоғамдық- гуманитарлық және жаратылыстану- математика бағытындағы оқушыларға физиканың негізгі бөлімдері тереңдетіліп оқылатын болды.

Міне, осы айтылған себептерге сәйкес жаңа оқулықтар, әдістемелік ұсыныстар жазылуда. Әрбір сыныптағы әрбір тақырыптың оқушылардың жас ерекшеліктеріне және пәнаралық байланыста оқытылуы ғылыми және әдістемелік тұрғыдан қайтадан қаралып берілуі тиіс. Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты біз магистрлік диссертациямыздың тақырыбын «Негізгі мектептегі «физика және астрономия» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» деп таңдап алдық.

Зерттеудің мақсаты: негізгі мектептегі «физика және астрономия» курсының тақырыптарын оқытушының оқушылардың жас ерекшеліңтерін ескере отырып оқытуды ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеу.

Зерттеудің нысаны: негізгі мектептегі «физика және астрономия» пәнін оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: негізгі мектептегі «физика және астрономия» курсын оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жүйесі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: негізгі мектептегі «физика және астрономия» пәнінің мазмұны ғылыми- теориялық тұрғыдан қаралып, әр тақырыбының оқытылуы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білімді талдап қорыту және жүйелеудің тиімді әдістерімен қамтамасыз етілсе, оқушылардың физикалық білімінің сапасы артады.

Зерттеудің міндеттері:

- физиканы оқытудың даму тарихына шолу жасап, оның теориясы мен өзекті мәселелерін анықтау;

- физика курсын құру жүйесінің күрделі шеңберлі құрылымы бойынша берілетін білімнің бағыттары мен оны құрайтын жүйелерді анықтау;

- негізгі мектептегі «физика және астрономия» курсын оқытудың ерекшеліктеріне байланысты, оны оқытудың әдістемелік ұсыныстарын дайындау;

- «физика және астрономия» курсын негізгі мектепте білімді талдап қорыту және жүйеге келтіру әдістерін пайдаланудың оқушылардың білім сапасын арттырудағы тиімділігін тәжірибелік- эксперимент жүзінде дәлелдеп, ғылыми- әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеу көздері.

- мемлекеттік ресми материалдары (Білім туралы заңы, мемлекеттік стандарттар), тұжырымдамалар, нұсқаулар, бағдарламалар, т.б.

- шетелдік және еліміздің оқулық авторлары, ағартушы ғалымдар, көрнекті әдіскер-педагогтарының еңбектері;

- зерттеліп отырған мәселе бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи деректер, мерзімдік басылым ақпараттары;

- мектептерде жүргізілетін іс- тәжірибе жұмыстары.



Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау жасау; физика және астрономия сабақтарына енгізілген әдістемеге сипаттама беру; тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастыру және нәтижесіне баға беру, қорыту.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы.

- физиканы оқытудың даму тарихы зерттеліп, оның өзекті мәселелері ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделді;

- физикалық білім беру жүйесінің күрделі шеңберлі құрылымының негізінде берілетін білімнің бағыттары мен оны құрайтын жүйелер анықталды;

- негізгі мектептегі «физика және астрономия» курсын оқытудың ерекшеліктеріне байланысты, оқытудың әдістемелік ұсыныстары дайындалды;

- физика және астрономия пәнінің сабақтарында пайдаланылған оқушылардың білім сапасын арттыруға бағыттайтын ғылыми- әдістемелік ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: негізгі мектептің 7- сыныбында «физика және астрономия» курсы бойынша тарауларды қайталау және жеке тақырыптарды оқыту сабақтарында падаланылатын граф- схемалар, кестелер оқу құралдары дайындалды.

Зерттеу материалдарын негізгі мектептерде, кәсіптік- техникалық мектептер мен колледждерде физика және астрономияны оқытуға пайдалануға болады.

Жүргізілген зерттеудің нәтижелерін педагогикалық мамандық студенттердің физиканы оқыту әдістемесі бойынша рефераттар мен дипломдық жұмыстар жазғанда пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылған қағидалар:


  • негізгі мектептегі «физика және астрономия» курсында берілетін

білімнің бағыттары мен оны құрайтын жүйелер;

  • «физика және астрономия» курсын оқытудағы теңеу және салыстыру

әдістері;

және топтастыру сияқты т.б. әдістемесі.

Зерттеу нәтижесінің дәлелділігі және негізділігі: диссертациялық зерттеудің теориялық, ғылыми- әдістемелік міндеттеріне сай орындалуы, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігі, тәжірибелік- эксперимент жұмысының жоспарлылығы, алынған нәтижелердің нақтылығы мен тиімділігі дәлелденді. Ұсынылған әдістемені негізгі мектептің физика және астрономия пәні мұғалімдерінің іс- тәжірибесіне енгізілумен қамтамасыз етілді.

Жұмыстың аппробациясы: 1. О происхождении Солнца. «Ғылыми-техникалық прогресс және Қазақстанда білім беруді жетілдіру жолдары».; Астрономия жылына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция.-Қызылорда-Киев, 2009.-35-36б.;

2. Физиканы оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдісі//Ақмешіт хабаршысы, 2009-№1-89б.;

3. 7-сынып Физика және астрономия курсында қайталау сабағын өткізу әдістемесі//Қазақстан қоғамының даму тенденциялары:Әлеуметтік-саяси конференция материалдары, Қызылорда,2011-78-80б.;

4. Негізгі мектептің Физика және астрономия курсын оқыту кезіндегі оқушылардың білімін жүйелеу мәселелері// «Космостағы 55 жыл» атты Жердің бірінші жасанды серігін ұшыру күніне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция.-Қызылорда-Киев, 2012-33-35б.


Магистрлік диссертацияның құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың негізгі бөлім.
Ресейдің оқу орындарында физиканы оқытудың отандық тарихы 300 жыл уақыттан асып жығылады. Алайда, физика Ресей мектептерінде дербес оқу пәні ретінде тек ХVIII ғасырдың соңында ғана мойындалды.

Физиканы оқыту әдістемесі – ғылыми білімнің салыстырмалы түрде жас саласы болып саналады. Ол адамзат қоғамының белгілі бір даму кезеңдерінде мектептің алдында туындайтын міндетті орындау арқылы жетілдірілді. Оның қандай күйде болу деңгейінің айқын көрсеткіші- озық әдістемелік идеялар ауысымы көрініс табатын әдістемелік нұсқаулар мен жалпылама еңбектер шығару болып табылады. Кезінде көрнекті физик- педагогтар физиканы оқыту әдістемесі бойынша түпнұсқа әдебиеттер шығару ісін қолға алған болатын. Енді осы дамудың маңызды кезеңдеріне қысқаша тоқталып өтейік.

«Эксперименттік Вольфиан физикасына» берілген алғысөзде (1746) М.В.Ломоносов физиканы оқытудың негізгі тәсілін жазады. «Шығарманың ой-пікірлері сенімді әрі көп рет қайталанған тәжірибелерден құралады. Бұл үшін физиканы енді оқытып-үйретушілерге тікелей және айқын назарға алынатын ой- пікірлермен бірге бүгінгі таңда қажетті болып саналатын әдеттегі физикалық тәжірибелер алдын ала ұсынылады» [77,126.]. Бұл кітаптың басылымы М. В. Ломоносовтың физиканы оқытудағы жаңа әдістер үшін күресінің көрінісі болды және бұл әдістерге көрсетілімдік (демонстрациялық) эксперимент және догматизм мен схоластикаға қарсы реакция ретінде көрнекілік идеялары негіз етіліп алынған.

Алғашқы ресейлік физиктер М. Е. Головиннің, П. Гиляровскийдің (1793), М. М. Сперанскийдің (1797) И. А. Двигубскийдің (1808) оқулықтарының ізін ала Эмиль Христианович Ленцтің физиканың негізін қалайтын түпнұсқа жазбалары дүниеге келді. Есімі танымал көрнекті орыс ғалымы физика саласындағы зерттеулермен қатар педагогикалық қызметпен де табысты айналысты. Ол Петербург университетінде, Бас педагогикалық институт пен гимназияларда физика пәнін оқытуды жетілдіруде айрықша рөл атқарды.

Одан әрі курстың мазмұны мен құрылымы, физиканы оқыту процесін-дегі политехникалық білім беру және коммунистік тәрбиелеу мәселелері, мектептегі физикалық эксперименттің әдістері мен техникасы, жекелеген ұғым-дардың қалыптасуы өз дамуын алды. Әдістемелік ой-пікірлердің соғыстан кейінгі алғашқы екі онжылдықта дамуы іргелі жұмыстарда көрініс табады. Олардың ішінде Е.Н. Горячкиннің «Жетіжылдық мектепте физикадан сабақ беру әдістемесі» атты төрт томдық нұсқауы (1948-1955), пегагогикалық ғылымдар академиясындағы авторлар ұжымының «Орта мектепте физикадан сабақ беру әдістемесі» атты төрт томдық еңбегі (1958-1963) және Л.И. Резни-ковтың, А.В. Перышкиннің, П.А. Знаменскийдің редакциясымен шыққан «Физиканы оқыту әдістемесінің негіздері. Жалпы мәселелер» атты кітабы (1965) бар. Жеке әдістеменің барлық жалпы мәселелері бойынша мұғалімдерге арналған оқу құралдары шығарылды [12,27].

«Ауыл мектептерін политехникаландыру» деген еңбегі профессор Әлжанұлы Шарапидің сол жылдардағы қазақ мектептерін едәуір уақыт зерттеп, ғылыми педагогикалық електен өткізіп, соның қорытындысы ретінде жазылды. Оқулық авторы сол уақыттағы ауылдың шағын мектептерін политехникаландыру проблемасын шешу жолдарын іздестіреді.

Ал, Оспанұлының «Жердің қимылдауы және оның себептері » атты кітабі 1934 жылы Ташкентте жарық көрген,көлемі 60 бет [36,25]. Жер сілкінуге арналғанмен ол едәуір дәрежеде физикалық құбылыстарды қарастырады. Мысалы механикалық толқындардың таралуы, оның жылдамдықтарының толқынға қатысты болуы, басқа физикалық құбылыстар, сейсмограф жұмысының принцппі, сейсмограмма, т.б.

Жалпы білім беретін орта мектептердегі бағдарламаға сәйкес орта кә-сіптік-техникалық оқу орындарында физиканың негіздері оқытылады, деген-мен курс әруақытта заманауи және бір мезетте қарапайым болуы тиіс. Оның заманауилығы - өмір талабы. Себебі, физика үздіксіз даму үстінде, оның тех-никалық қолданысы кеңейіп, түрлері өзгеруде және бұл ретте жастар ғылым мен техника саласында, өндірісте жұмыс істеуге дайын болуы тиіс. Сонымен қатар, физика курсы өскелең ұрпаққа қол жетімді және салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуы тиіс. Онсыз табысты, ойдағыдай білім алу мүмкін емес.

Физиканы оқытудың бірінші сатысы заттардың молекулалық құрылысын және молекулалардың қозғалысын қарастырудан басталады. Осыдан кейін механикалық қозғалыс, жылдамдық, денелердің өзара әрекеті, масса, инерция, тартылыс құбылысы туралы түсінік беріледі. Денелердің салмағы мен пішін өзгерісін (деформациялауын) оқытып- үйрету кезінде күш және оны өлшеу тәсілдері туралы бастапқы ұғым қалыптастырылады. Газдың қысымы, сұйықтар мен газдарға арналған Паскаль заңы, атмосфералық қысым молекулааралық өзара әрекеттер негізінде түсіндіріледі; гидро және аэростатика туралы мәліметтер Паскаль заңының төңірегіне бірігеді; ығыс-тырушы күш (архимед күші) соның нәтижесі ретінде қаралады. Механика бөлімі VI сыныпта қарапайым механизмдерді оқытып- үйретумен, механика-лық жұмыс пен энергияны түсінумен аяқталады.

Қазіргі кезеңде орта мектеп пен кәсіптік- техникалық оқу орындарында физиканың негізгі бөлімдері оқытылады.Ол қазіргі талапқа сай және қарапайым болуы керек. Қазіргі кезде техника мен ғылымның күрт дамып алға басуына байланысты, мектепте алған білімдерін өмірде пайдалана алатындай, сонымен қатар ол көпшілікке түсінікті карапайым, меңгеруге оңай болуы қажет. Осы айтылғандарды ескере отырып физикадан орта мектеп курсының білім жүйесі мына талаптарға сай болуы тиіс: 1) қазіргі ғылыми түсініктерді, ұғымдарды қалыптастыру; 2) негізгі физикалық заңдар мен теорияларды танып- білу; 3) физикалық әдістерді түсіну; 4) кәсіптік- техникалық бағдар беру; 5) оқу-шылардың ойлау қабілетін дамыту; 6) диалектика- материалистік көзкарасын қалыптастыру.

Физика курсының көлемі мен мазмұнын анықтайтын бірден- бір іс қағазы бағдарлама. Бағдарлама оқушылардың кандай білім алу керектігін, ал оқытушылардың оқушыларға қандай білім беру керектігін анықтайтын іс қағазы.Ал, физика кітабын жазатын авторлар да осы бағдарламаға сәйкестендіріп жазады. Бағдарлама мемлекеттік іс қағаз болып табылады. Оны орындау міндетті және де бұл барлық мектептерде бірдей білім алуға көмектеседі.Мектеп физика курсының жүйесі, құрылымы, мазмұны, оның дамуы осы оқу бағдарламасына байланысты болады.

Физика ғылымының алға дамуына байланысты,оның техника мен өндірісте қолдануына карай бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Қазақстанның егемендік алуына байланысты 2000 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім академиясы «Физика және астрономия» бағдарламасын жаса-ды. Miнe осы өзгерістерге байланысты физика курсын құру мүмкіншіліктеріне көңіл қойған жөн. Физикадан оқу материалдарын таңдап алған кезде мына жағдайлар ескерілуі тиіс:

- оқушылардың жас ерекшеліктері мен ғылыми түрде түсіндіру сәйкестігі және жүйелілігі;

- мазмұнның казіргі кездегі ғылымға кайшы келмеуі және оның әдіснамалық бағыттылығы;

- казіргі кездегі ғылымға сәйкестігі- теория мен практиканың арасында алшақтық болмау;

- физиканың басқа пәндермен байланыстылығы ескеріледі.

Физиканы оқыту тарихындағы физика курсының құрылымындағы оқу материалының сыныптарға бөлінуінің үш нұсқасын жоғарыда атап көрсеттік.

Қазіргі кездегі талаптарға сай жағдай түбегейлі өзгеруде. Енді 10-11 сыныптардағы физика курсы әp түрлі мектептерде түрлі бағдарламалар бойынша оқытылады. Осы жағдайларға байланысты жаңа бағдарламалар дайындалды.Соған сәйкес курс құрылымының жаңа төртінші нұсқасы ұсынылады.

Физика курсының күрделі шеңберлі құрылымы —жаңа бағдарламаға байланысты 7, 8 және 9 сыныптарда физиканың барлық бөлімдері толық қамтылып оқытылады. Бұл бүгінгі күн талабына сай базалық білім мазмұнын береді,ол қоршаған әлемнің физикалық бейнесін ашуға негізделген. Мұнда физика мен астрономия пәндері интеграцияланған болып табылады. Бірінші шеңбер (7-9 сыпыптар) негізгі мектеп, екінші шеңбер бағдарлы мектепте оқытылады.

«Физика және астрономия 7 - 9» курсының бағдарламасы әр сыныпқа сәйкес 2 + 2 + 2 апталық сағат санына есептелген. Курстың негізгі мазмұнын қоршаған әлемнің жалпы сипаттамасы, әлемнің, заттың кұрылысы, табиғаттың әртүрлі құбылыстары, негізгі физикалык және астрономиялық ұғымдар, физиканың кейбір практикалық қолданыстары туралы мәліметтерді кұрайды. Оқушылар әлемдегі физикалық заңдардың байқалуын және оларды адамның практикалық әрекеттерінде қолданылуын түсінуі тиіс.

Қазіргі кезде жалпы орта білім берудің негізгі сатысындағы (1-9сыныпта) оқыту қолданыстағы білім берудің мемлекеттік стандарттарына (2002ж.)сәйкес жүзеге асырылады. Осыған сәйкес «Физика және астрономия» курсы 7-9сыныптар үшін біріккен оқу пәні ретінде ұсынылып отыр. Бұл курсты мектепке енгізудің мынадай қиыншылықтары бар [14,3].

Біріншіден, физика мен астрономияның соңғы ғасырлардағы жаңалықтары орта мектептің жоғарғы сыныптарында оқылып келген болса, бұдан былай мектептің соңғы басқышының бағдарлы болып құрылуына байланысты оның көптеген мәселелері төменгі сынытарға ығысып, негізгі мектепте берілетін болады. Екіншіден, мектепте физика мен астрономияға бөлінген сағат саны да кеміп отыр.

Сондықтан жоғарыда аталған қиындықтарды жеңу үшін оқушылардың жас ерекшеліктерін айрықша ескеріп, оқытудың тиімді әдістерін және жаңа технологиясын қолдануға, сондай- ақ оқу- тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруға ерекше мән берілуі керек.

«Физика және астрономия» оқулығында физиканың тарауларының материалдары да, астрономия элементтері де бір- біріне кіріге біріктірілген әрі толық, аяқталған курс түрінде берілген. Курс мазмұнына қоршаған орта туралы жалпы сипаттама, сонымен қатар Әлем құрылысы және әр түрлі табиғат құбылыстары туралы деректер, негізгі физикалық, астрономиялық ұғымдар енгізілген. Оқушылардың зерттеу әдістерін, физикалық шамаларды өлшеу тәсілдерін меңгеруі, құралдар, құрылғылармен танысуы, алған білімдерін оқу барысында пайдалана білуі де қарастырылған.

Жалпы табиғат туралы айтқанда, бұл ұғымға барлық нысанды дүние енетініне оқушылар назарын аударған жөн. Сондай-ақ табиғаттың үнемі өзгеріп, дамып отыратынын атап айтқан орынды. Қоршаған ортадағы табиғаттың өзгеруіне адамзат әрекетінің де рөлі зор екенін баса көрсету керек.

Адам ойының ең маңызды сапаларының біріне, ойлау операцияларының реттілігінен, түсіндіру мен қорытындылау логикасынан көрінетін, оның жүйелілігін жатқызуға болады. Жүйелілік ойлау мәдениетінің негізгі көрсеткіші есебінде көрініп, көп жағдайда оның өнімділігін анықтайды. Өз жағынан ойлау жүйелілігі тек талдап қорытылған және жүйеленген білімнің негізінде көріне алады.

Білімді талдап қорыту және жүйеге келтіру - өзара байланысқан дидак-тикалық ұғымдар: талдап қорыту негізінен жүйелеу арқылы іске асады, ал, білімнің жүйелігіне олардың деңгейлері бойынша талдап қорыту арқылы қол жеткізуге болады. Демек, білімді жүйелеу мен талдап қорыту арасында нақты бір шектеу сызығын жүргізу мүмкін емес, сондықтан төмендегі түсіндірмелер барысында, біз көбінесе, жүйеге келтіру, жүйелеу, жүйелілік деген ұғымдарды пайдалануымыз мүмкін.

Тақырыптың зерттелуіне байланысты тәжірибелік- эксперименттік жұмыстарды үш кезеңде жүргіздік.

Бірінші кезеңде (2010-2011жылынан бастап) мектепте физиканы оқытудың даму тарихы және оның өзекті мәселелеріне байланысты психологиялық, ғылыми- педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер зерттелді.

Ресей, Кеңес одағы және Қазақстанда физика курсын оқытудың құрылымы, оқулықтар, мектептер мен мұғалімдердің алдыңғы қатарлы іс- тәжірибелері, оқу бағдарламалары зерттеліп талданды.

Әдебиеттерді зерттеу және негізгі мектепте физиканы оқыту үдерісін бақылау, іс-тәжірибелерді белгілеу нәтижелеріне байланысты зерттеудің негізгі бағыттары қалыптастырылды.

Физика мен астрономиядан 7-9 сынып оқушыларының білім деңгейі мен сапасын анықтап, белгілеуге байланысты іс- тәжірибелер Қызылорда қаласының Б. Шалғынбаев атындағы №217 орта мектебінде жүргізілді. Ол үшін үлгірім жағы шамалас бақылау және эксперименттік сыныптар таңдап алынды. Физика және астрономияны дәстүрлі түрде оқыту барысында кездесетін кемшіліктер туралы мәліметтер алынды. Бұл кемшіліктердің талдануынан кейін келесі кезең үшін іс- тәжірибеге қажетті материалдар дайындалды.

Екінші кезеңде (2011-2012 жылының бірінші жартысынан бастап) негізгі мектептің 7- сыныптарында «Физика және астрономия» курсынан өткізілуге тиісті сабақтардың тақырыптары, жоспары мен мазмұндары, көрнекілігі, яғни эксперименттік базасы дайындалды. Сонымен қатар зерттеу барысында пайдалануға қажет болатын мынадай құжаттар дайындалды: олар, бақылау және эксперименттік сыныптардың психологиялық- педагогикалық сипаттамалары, эксперименттік сабақтардың көрнекіліктері және оларға арналған әдістемелік нұсқаулар, оқушылардың пән бойынша білімінің бақылау көрсеткіштерін есепке алатын статистикалық парақтары, бақылау жұмыстарына тапсырмалар және тест сұрақтары.

Үшінші кезеңде (2011-2012 жылының екінші жартысы) бақылаушы эксперимент жүргізілді, оның барысында, зерттеудің ұсынылған ғылыми болжамы тексерілді, яғни негізгі мектептегі «физика және астрономия» пәнінің мазмұны ғылыми- теориялық тұрғыдан қаралып, әр тақырыбының оқытылуы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты білімді талдап қорыту және жүйелеу әдістерімен қамтамасыз етілсе, оқушылардың физикалық білім сапасы артады.

Дайындалған материалдар бойынша оқыту эксперименті өткізіліп, оның мақсаты берілген оқу материалын тексеру, нақтылау және зерттеу болды.

Көрсетілген мақсатқа сәйкес оқушыларды оқыту барысында мынадай міндеттер шешілуге тиісті болды:



  1. оқушыларға жүргізілетін сабақтардың таңдап алынған түрлері мен

әдістерінің түсінікті болуын тағайындау;

  1. оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған әдістерінің

мақсатымызға сәйкес екенін анықтау.

2011-2012 оқу жылының басында педагогикалық эксперименттік материалдың базасы ретінде Қызылорда қаласындағы Б. Шалғынбаев атындағы №217 орта мектеп алынды. Педагогикалық экспериментті қою үшін мектеп таңдау кезінде мынадай критерилерді ұстанымға алдық:

1. Бақылаушы және эксперименттік сыныптардағы оқушылар білім

деңгейінің бірдейлігі.

2. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі.

3. Мектептің материалдық базасының жеткілікті болуы.

4. Бақылаушы және эксперименттік сыныптарда сабақ берудің

мүмкіндігінше бір мұғалімге берілуі.

2011-2012 оқу жылындағы эксперимент жүргізілетін мектеп, сыныптар

мен ондағы оқушылар, сабақ беретін мұғалімдер туралы мәліметтер

көрсетілген.

Таңдап алынған №217 орта мектептегі физика кабинетінің материалдық базасы талапқа сай жабдықталған, көрсетілген сыныптардағы оқушылар үлгірімі шамамен бірдей деңгейде. Эксперименттік сыныптарда сабақ жүргізетін мұғалімдер өз пәндерін жеткілікті дәрежеде игерген, сабақ беру әдістемесін толығымен біледі және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізген.

Мектепте арнаулы семинар ұйымдастырылып, оның құрамына мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, физика және астрономия курсына сабақ беретін мұғалімдер, магистрант енгізілді. Семинар мәжілістерінде өткізілетін сабақтардың тақырыптары мен жоспарлары, эксперименттің материалдары алдын- ала талданып бекітілді.

Оқушылардың үлгірім деңгейін тексеру үшін, оларға 2011-2012 оқу жылының II-тоқсанында өткізілген сабақ тақырыптарына байланысты тест сұрақтары, атап айтқанда 7- сыныпта «Қысым» тарауы бойынша дайындалып берілді. Тест сұрақтары теориялық және орташа қиындықтағы есептер түрінде берілді (қосымшада).

Тест сұрақтары мен ауызша сұрау нәтижелерінің көрсетуінше 7«Ә» және 7 «Б» сынып оқушыларының білім деңгейлері шамалас екендігін көрсетті, атап айтқанда 7 «Ә» - сыныбының орташа баллы- 3,64, 7 «Б» - сыныбының орташа баллы- 3,75 болды (қосымша). Оқушылар жауаптарын талдау, олардың білімі жүйеленбеген, заңдылықтар мен құбылыстардың физикалық мәнін жеткілікті дәрежеде түсінбейтіні, тест сұрақтарының жауабын ойланбай таңдай салу жағдайлары анықталды.

Бақылау жұмысынан басқа оқушылардың жеке сабақтардағы жауаптары зертханалық жұмыстарды орындауы зерттелді. Оқушылардың осындай білім дәрежесін белгілеу және айқындау мақсатында жүргізілген зерттеу нәтижелерін, нақты сабақтардағы жауаптарын ескере отырып, яғни жоғарыда аталған кемшіліктерді жоюға бағытталған оқыту экспериментіне тақырыптар, сабақ жоспарлары, оларға қажетті оқу материалдары дайындалды.

Эксперименттік оқытуға негізгі мектептің 7- сыныбының «Жұмыс. Қуат. Энергия» туралы VI-тарауының материалы алынды. Ондағы тақырыптар бойынша сабақтардың өткізілуіне арналған әдістемелік ұсыныстар, қосымша кеңестер мұғалімдерге берілді. Таңдалған сабақтарға көрнекіліктер, көрсетілімдер, кестелер, схемалар дайындалып, мұғалімдерге оларды қолданудың жолдары көрсетілді. Мұғалімдердің нақты сабақтар туралы пікірлері тыңдалып, олар сабақ өткізу әдістемесінде ескерілді.

Сонымен эксперименттік сыныптағы оқу үдерісі біздің ұсынған әдістемеге сәйкес құрылса, бақылау сыныбында бағдарламалық материал дәстүрлі түрде, яғни барлық көрсетілімдерді, дидактикалық материалды пайдаланып оқытылды.

Осындай оқыту эксперименті барысында бақылау экспериментіне дайындық қатар жүргізілді, яғни өтілетін тараудың әр тақырыбы бойынша бақылау жұмыстары, тест сұрақтары және өздігінше орындайтын тапсырмалар дайындалды.

Оқушылардың білімі әр тақырыптан кейін жүйелі түрде тексеріліп отырды.

Оқушыларда сапалық физикалық білімнің қалыптасуын бағалаудың критериилері есебінде мынадай іскерліктердің болуы қабылданды:

а) зерттелетін құбылыстың, заңның мәнін таңдай білу;

ә) жеке құбылыстар, денелер, құралдар және т.б. салыстыру арқылы

оларды топтау және жалпылау, оларда ұқсастық пен айырмашылықтарды табу;

б) қаралып отырған құбылыстың, заңдылықтың негізгі бағытын анықтай алу;

в) алынған білімді жаңа материалды оқуға, пайдалануға аудару және оларды практикада қолдану;

г) оқылған құбылыстар мен заңдылықтарға өз бағасын беру, қорытындылау және шығармашылық ұсыныстар жасау.

Бақылау жұмысының әр сұрағы бойынша оқушылардың білімін бағалау бес балдық жүйемен жүргізілді. Үлгірімнің орта балы мына формуламен анықталды: k=M/n·p, мұндағы M-балдардың жалпы қосындысы, p-бақылау жұмысындағы сұрақтардың саны, n-оқушылар саны.

Үлгірімнің салыстырмалы жақсаруын айқындау эксперименті кезіндегі бақылау және эксперименттік сыныптардағы орташа балдың пайыздық айырымы мен бақылау экспериментіндегі пайыздық айырмашылықты салыстырып табуға болады.3.5. Кестеде эксперименттің нәтижелері келтірілген.

Көрсетілген сыныптардағы айқындау эксперименттің нәтижелері экспериментальдық оқытуға дейінгі бақылау және эксперименттік сыныптардағы оқушылардың білім деңгейі бір-бірімен шамалас екенін көруге болады, яғни үлгірімдердің орташаланған пайыздық айырымы 2,40 болып тұр, демек өте бір елеулі емес. Экспериментальдық әдістеме бойынша оқытудың нәтижелері оқушылардың білім деңгейінде елеулі айырмашылық- 7,56% пайда болғанына көз жеткізуге болады. Бұл жерде біздің зерттеу болжамымыздың расталғанын білеміз.


3.5-кесте




Сыныбы

Айқындау эксперименті

Бақылау эксперименті

Орта балл

Айырымы

Орта балл

Айырымы

Бақылау сыныбы

Эксперимент

сыныбы

Балл

бойынша

%

Бақылау сыныбы

Эксперимент

сыныбы

Балл

бойынша

%



3,64

-







3,67

-









-

3,75







-

3,97










3,64

3,75

0,11

2,40

3,67

3,97

0,30

7,56

Сонымен, алынған қорытынды экспериментальды оқытудың дәстүрлі оқытуға қарағанда тиімділігі 7,56% артық екендігі эксперимент қорытындысында дәлелденді.Бұдан эксперимент қорытындысы зерттеу болжамының дәлелі деуге болады.


Қорытынды
ХVIII ғасырдағы мектептегі физика оқулықтары белгілі бір мазмұнда оқыту әдістемесіндегі алғашқы туындылар болатын, сондықтан оқу материалдары іріктеліп, мұғалімге бірқатар әдістемелік нұсқаулар берілетін. Жеке әдістемелік жұмыстардың бастапқы түрі оқулықтарға берілген алғысөздерден құралды; бұның негізін қалаған М. В. Ломоносов болды.

Физиканы оқытудың әдістемесі ғылыми таным саласы ретінде ХІХ ға-сырдың соңына қарай, алғашқы жалпылама еңбек – Ф.Н. Шведовтың «Физика әдістемесі» (1894) атты кітабы жарыққа шыққан уақытта қалыптасты деп айтуға негіз бар. Кітапта физиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері, мектеп курсының мазмұны, сабақ беру әдістері және басқа да мәселелер алғаш рет тізбекті әрі толыққанды қаралған. Ғылым тарихында бұл оқу құралын лайықты түрде физиканың дидактикасы деп атайды.

Жалпы орта білім беретін мектепте физиканы оқытудың жан-жақты негізделген әдістемелік жүйесі тек кеңестік кезеңде ғана жасалды. Оны жасау тек дара энтузиастардың ғана емес, сонымен қатар ғалымдар мен мұғалімдердің де шұғылданатын ісіне айналды, халыққа білім беруді одан әрі дамытудың маңызды міндеті болды.

Физика курсының радиальді (сызықты) құрылымы бойынша оқу мате-риалы бағдарламаның бөлімдері, тақырыптары мен сұрақтардың мазмұны мен барлық оқыту кезеңінде толығымен бір рет қаралып, оған қайта айналып келмейтіндей реттілікпен оқытылады.

Концентрлі (шеңберлі) физика курсы тарихи тұрғыдан алғанда радиальдық курсқа өмірге қарама- қайшы тұрғыда келді, өйткені радиальдық курс оқушылардың ақыл- ойы мен мүмкіндіктерін біртіндеп дамыту талапта-рына сәйкес келмеді. Оқу материалын концентрлі тұрғыдан бөлу кезінде фи-зиканың дерлік әрбір бөлімі мектепте екі мәрте оқытылады, яғни бүкіл оқу материалы екі концентрге (шеңберге) бөлінеді. Бірінші шеңбер курстың бар-лық (немесе дерлік барлық) бөлімдері бойынша бастауыш қарапайым мәлі-меттерді берсе, екінші шеңбер бірінші шеңбердегі оқу материалын толығымен (немесе ішінара) қоса алғанда, бүкіл курс бойынша білім жүйесін қамтиды. Екінші шеңбер материалдардың жазылуында біріншімен салыстырғанда физикалық теориялар мен математикалық аппарат мейлінше кеңінен қолданылады және жалпылау мен абстракциялаудың неғұрлым жоғары дәрежесіне ие болады.

Физиканы оқытудың екінші сатысы материяның қозғалысы түрлерінің күрделену тәртібімен құрылған жүйелі курсты білдіреді, тізбектей алғанда: механика, молекулярлық физика, электрлік динамика, оптика, атом физикасы және атом ядросы.

Көріп отырғанымыздай, физиканы оқытудың екі сатысы білім алудың сабақтастығы мен дамушылығы қамтамасыз етілетін біртұтас курсты құрауға бағытталған. VIІІ және ІХ сыныптарда ол заманауи физикалық идеялармен толыға түседі; оқушылар классикалық теориялармен қатар жаңа физикадан алынған мәліметтерді оқып- үйренеді.

Алдыңғымен салыстырғанда физика жөніндегі соңғы бағдарламаның әлі де мынадай ерекшелігі бар: бүкіл оқу материалы міндетті және танымдық тұрғыдан қарастырылатын болып екіге бөлінген. Соңғысы міндетті бөлім се-кілді оқытылып-үйретіледі.

Орта мектепте физикадан білім беруді дамыту объективті әрі заңды үрдіс. Ол ғылыми-техникалық төңкеріспен және педагогикалық ғылымның жетістіктерімен айқындалады.

Жоғарыда аталып өткендей, орта мектепте физика пәнінен білім беруді дамыту – объективті заңды процесс. Ол аталған тарихи кезеңде қоғамның мектеп алдында ұсынатын міндеттерімен, ғылым мен техниканың даму деңгейімен және оқыту мен тәрбиелеу әдістерін әзірлеп, жетілдіретін педагогиканың жетістіктерімен айқындалады.

Сонымен Қазақстан Республикасы мектептерінде физикадан білім беру төрт кезеңнен тұрады:

1.Дайындық - яғни 3-5 сыныптар аралығында табиғаттану мен физика-лық география, еңбек сабақтарында - физиканың қарапайым ұғымдары бер-іледі.

2.Бірінші шеңберде 7-9 сыныптарда "Физика және астрономия".

3.Екінші шеңберде 10-11 сынып физикасы.

4.Факультативтік сабақтар - физикадан терең білім беру үшін оқы-тылады.

«Физика және астрономия» курсы 7-9сыныптар үшін біріккен оқу пәні ретінде ұсынылып отыр. Бұл курсты мектепке енгізудің мынадай қиыншылықтары бар [14,3].

Біріншіден, физика мен астрономияның соңғы ғасырлардағы жаңалықтары орта мектептің жоғарғы сыныптарында оқылып келген болса, бұдан былай мектептің соңғы басқышының бағдарлы болып құрылуына байланысты оның көптеген мәселелері төменгі сынытарға ығысып, негізгі мектепте берілетін болады. Екіншіден, мектепте физика мен астрономияға бөлінген сағат саны да кеміп отыр.

Сондықтан жоғарыда аталған қиындықтарды жеңу үшін оқушылардың жас ерекшеліктерін айрықша ескеріп, оқытудың тиімді әдістерін және жаңа технологиясын қолдануға, сондай- ақ оқу- тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруға ерекше мән берілуі керек.

Жалпы алғанда, кез-келген пәннің, соның ішінде физика мен астрономияның әдістемелік жүйісі мынадай құрамдас бөліктерден тұрады: оқыту мақсаты, оқу мазмұны, оқыту формасы, оқыту әдістемесі, оқу құралдары [14,5].

Физика курсы оқушылар бойында табиғат, адам және техника туралы біртұтас түсінік қалыптастыруда өзінің маңызды міндеттерін атқарып келеді. Алайда оның жеке пән ретіндегі мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін білеміз. Оқытудың белгілі бір кезеңінде табиғат құбылыстарын, техниканы тереңірек, пәнаралық негізде, жалпы теориялық тұрғыда зерттеп қарастырудың қажеттігі туады. Зерттеу әдістері айқындалған оқу пәндері ғана мұндай талаптарды жүзеге асыра алады. Осындай оқу пәні ретінде «Физика және астрономия» бірлескен курсын айтуға болады.

2011-2012 оқу жылының басында педагогикалық эксперименттік материалдың базасы ретінде Қызылорда қаласындағы Б. Шалғынбаев атындағы №217 орта мектеп алынды. Педагогикалық экспериментті қою үшін мектеп таңдау кезінде мынадай критерилерді ұстанымға алдық:

1. Бақылаушы және эксперименттік сыныптардағы оқушылар білім

деңгейінің бірдейлігі.

2. Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі.

3. Мектептің материалдық базасының жеткілікті болуы.

4. Бақылаушы және эксперименттік сыныптарда сабақ берудің

мүмкіндігінше бір мұғалімге берілуі.

Таңдап алынған №217 орта мектептегі физика кабинетінің материалдық базасы талапқа сай жабдықталған, көрсетілген сыныптардағы оқушылар үлгірімі шамамен бірдей деңгейде. Эксперименттік сыныптарда сабақ жүргізетін мұғалімдер өз пәндерін жеткілікті дәрежеде игерген, сабақ беру әдістемесін толығымен біледі және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізген.

Оқушылардың үлгірім деңгейін тексеру үшін, оларға 2011-2012 оқу жылының II-тоқсанында өткізілген сабақ тақырыптарына байланысты тест сұрақтары, атап айтқанда 7- сыныпта «Қысым» тарауы бойынша дайындалып берілді. Тест сұрақтары теориялық және орташа қиындықтағы есептер түрінде берілді (қосымшада).

Оқушылардың білімі әр тақырыптан кейін жүйелі түрде тексеріліп отырды.

Оқушыларда сапалық физикалық білімнің қалыптасуын бағалаудың критериилері есебінде мынадай іскерліктердің болуы қабылданды:

а) зерттелетін құбылыстың, заңның мәнін таңдай білу;

ә) жеке құбылыстар, денелер, құралдар және т.б. салыстыру арқылы

оларды топтау және жалпылау, оларда ұқсастық пен айырмашылықтарды табу;

б) қаралып отырған құбылыстың, заңдылықтың негізгі бағытын анықтай алу;

в) алынған білімді жаңа материалды оқуға, пайдалануға аудару және оларды практикада қолдану;

г) оқылған құбылыстар мен заңдылықтарға өз бағасын беру, қорытындылау және шығармашылық ұсыныстар жасау.

Үлгірімнің салыстырмалы жақсаруын айқындау эксперименті кезіндегі бақылау және эксперименттік сыныптардағы орташа балдың пайыздық айырымы мен бақылау экспериментіндегі пайыздық айырмашылықты салыстырып табуға болады (3.5). Кестеде эксперименттің нәтижелері келтірілген.

Көрсетілген сыныптардағы айқындау эксперименттің нәтижелері экспериментальдық оқытуға дейінгі бақылау және эксперименттік сыныптардағы оқушылардың білім деңгейі бір-бірімен шамалас екенін көруге болады, яғни үлгірімдердің орташаланған пайыздық айырымы 2,40 болып тұр, демек өте бір елеулі емес. Экспериментальдық әдістеме бойынша оқытудың нәтижелері оқушылардың білім деңгейінде елеулі айырмашылық- 7,56% пайда болғанына көз жеткізуге болады. Бұл жерде біздің зерттеу болжамымыздың расталғанын білеміз.
Диссертацияның негізгі мазмұны автордың келесі басылымдарында көрсетілген:

1. О происхождении Солнца. «Ғылыми-техникалық прогресс және Қазақстанда білім беруді жетілдіру жолдары».; Астрономия жылына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция.-Қызылорда-Киев, 2009.-35-36б.;

2. Физиканы оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдісі//Ақмешіт хабаршысы, 2009-№1-89б.;

3. 7-сынып Физика және астрономия курсында қайталау сабағын өткізу әдістемесі//Қазақстан қоғамының даму тенденциялары:Әлеуметтік-саяси конференция материалдары, Қызылорда,2011-78-80б.;

4. Негізгі мектептің Физика және астрономия курсын оқыту кезіндегі оқушылардың білімін жүйелеу мәселелері// «Космостағы 55 жыл» атты Жердің бірінші жасанды серігін ұшыру күніне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция.-Қызылорда-Киев, 2012-33-35б.
Пайдаланылған әдебиет:


  1. Бугаев А.П. Методика преподавания физики в средней школе.:Теорет. основы.-М.: Просвещение, 1981Зорина Л.Я. - Дидактические основы формирования системности знаний учащихся. - М.: Знание, 1976.-288с.

  2. Башарұлы Р, т.б. Физика және астрономия. Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 7- сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Атамұра, 2007. -80б.

  3. Қалығұлов А. Ж. Физиканы оқыту методикасы / Жалпы мәселелер /.- Алматы: Рауан, 1992

  4. Қазақстан Республикасының президенті –Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Әлеументтік экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты // Егемен Қазақстан.- 2012.- 28 қаңтар.- 3б.

Резюме

Для достижения целей совершенствования методов обучения и воспитания подрастающего поколения необходимо дальнейшее развитие теории, обеспечивающей максимальную результативность учебно-воспитательного процесса и соответствующую с ним технологию обучения физике.

Методическая система любой учебной дисциплины, в том числе физики и астрономии, состоит из цели обучения, содержания образования, формы обучения, методов обучения и средств обучения.

Во-первых, если разделы физики и астрономии,связанные с новейшими открытиями и достижениями в последние годы, изучались в старших классах средней школы, то теперь рассмотрение многих проблем переносится в 7-9 классы основной школе.

Курс «Физики и астрономии» представляется в качестве объединенного учебного предмета для 7-9 классов. Включение данного курса в школьную программу имеет собой следующие трудности.

Чтобы переодолеть вышеназванные трудности, необходимо учитывая возрастные особенности учащихся, уделять особое внимание использованию эффективных методов и новых технологии обучения, а также оптимальную организацию учебно-воспитательного процесса.

Resume

In order to achieve aims on improvement of physics teaching methods, education and upbringing of rising generation it is necessary to further develop theory which provides maximum result of educational process and corresponding training technology.



“Physics and astronomy” course is represented as united school subject for 7-9 classes. Inclusion of this course into school program has the following complications.

In general, any subject including methodical system of physics and astronomy consists of the following aspects: purpose of training, content of training, form of training, methods of training and training aids.

Firstly, news of physics and astronomy in the last centuries were studied in the senior classes of middle schools after how the last stage of the school is formed tentatively, many of its issues were moved to junior schools and begun to be studied at the basic schools. Secondly, physics and astronomy hours at the schools were decreased.

Thus, to solve above-mentioned complications, age peculiarities of pupils should be considered and it is advisable to pay attention to usage of effective methods and new technologies of training and optimal organization of educational process.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет