Абилбакиева галия турысбековна


 Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ



Pdf көрінісі
бет14/40
Дата02.11.2023
өлшемі2.47 Mb.
#482213
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Dissertation1

 
1.3 Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ 
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі 
 
Аталған бөлімдегі «Модель» термині «үлгі» мағынасын береді. Бұл нысан 
және оған қатынасқан мәндерді көрсететін көрнекілік құралдардың бірі
В.А. Штофф модельдеу мәселелері бойынша «модель деп зерттеу объектісін 
бейнелеу немесе ол туралы ақпаратты жаңарту негізінде қайталап зерттеуге 
мүмкіндік беретін, ойша ұсынылатын немесе материалдық тұрғыдан іске асатын 
жүйе», - деп анықтама береді [94]. 
Педагогика ғылымында жалпы методология негізінде модельге У.Э.Эшби 
былай деп жазды:«модельдеу оқып, үйрену әдісі ретінде – жеңілдету логикасы»
Алайда, жеңілдету үдерісінің өзі жеткілікті дәрежеде күрделі және қарама-
қайшы, себебі олардың көмегімен зерттеу пәні, мақсаты мен міндеттері 
анықталатын, жұмыс гипотезасы жасалатын, зерттеу нысаны мен оның 
қасиеттерін сипаттап, бағалайтын әдіс-тәсілдерді таңдау зерттеу шараларымен 
байланысты [95]. Сонымен бірге, модельдеу әдісі абстрактілі-логикалық ойлау 
негізінде іске асатын шара. Педагогикалық зерттеудің басқа да шараларымен 
бірге зерттеу нысанының зерттеліп отырған талаптары, логикалық белгілі бір 
аяқталуын білдіретін оның теориялық бөлігін ойша жорылған модельдерін жасау 
мүмкіндігін береді. Ойша жорылатын модель педагогикалық зерттеу нысаны 
туралы модельдік түсініктермен байланысты. Педагогикалық ұғымдардың 
жасалған жүйесі тілінде жұмыс гипотезасы формасында беріледі [83]. Сонымен, 
модельдің өзі материалдық жағынан өмірде болмайды. Ол зерттеушінің 
санасында ғана болатын ой образдары формасында жасалады.
Педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде келесідей тұжырым жасауға 
болады: құрылымдық-мазмұндық модельді білім алушыларды оқыту мен 
тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған, өзара байланысты құрылымдық бөліктер 
ретінде анықтауға болады. Құрылымдық бөліктер дегеніміз - бұл оның 
басқалардан айырмашылығын көрсететін басты сипаттамасы [83]. Ұсынылған 
модельдің құрылымдық бөліктерін сипаттау үшін әрқайсысын жеке-жеке 
қарастырып талдау керек. 
Педагогикада модель қоғамдағы белгілі бір ақпаратты жеке тұлғаның игеруі 
үшін құрылады және ғылыми ақпараттар жиналғанда, сонымен бірге оларды 
меңгеретін, белгілі бір даярлаудан өтіп, білім беруді қажет ететін адамдар 
контингенті болғанда пайда болады. Құрылымдық-мазмұндық модельдің 
қойылған мақсатына жету тәсілдері, педагогикалық әсер ету құралдары, 


36 
формалары мен әдістері табылғанда және анықталғанда ғана модельдің 
міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді [83].
Модельдеу үдерісінде объекті жағынан зерттеу үшін қажет белгілері
фактілері, байланыстары, қарапайым және көрнекі форма түріндегі білімнің 
белгілері аясындағы талдау және қорытындылауға арналған ыңғайлы және 
түсінуге оңай қатынасы анықталады. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқару құзыреттілігін 
қалыптастыру үдерісінде құзыреттілікке негізделген тәсілге сүйену білім беру 
үдерісінің осы бөлігін арнайы модельдеуді көздейді. Бұл болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттіліктеріне тән ерекшелігін 
АКТ арқылы анықтайды. Модельдеу сұранысқа ие болған кезде, зерделенген 
объекті туралы алынған білімді нақты құрылымдау және жүйелеу қажеттілігі 
пайда болады. Студенттің басқару құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін 
модельдеуді - болашақ МДҰ педагогтерінің университеттегі оқу үдерісінің 
ерекшеліктерін, болашақ педагогтерді даярлаудың мазмұны мен сипатын ескере 
отырып, осы құбылыс туралы білімін жүйелендіру, құрылымдау және түсіндіру 
ретінде түсінеміз. Зерттеудің бір бөлігі ретінде біз белгілі бір тілдік жүйені және 
қол қоюдың семантикалық бірліктерді пайдалана отырып, негізгі қасиеттерін 
білдіретін объектіні құру үдерісін модельдеуге мүмкіндік беретін символикалық 
үлгілеу әдісін қолдандық. 
Осылайша, модельдеу университеттегі оқу үдерісінің логикасын есепке ала 
отырып жүзеге асырылды. Болашақ МДҰ педагогтерінің АКТ арқылы 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру нәтижесін бағалау мақсаттары мен 
міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру формалары мен әдістерін дәйекті 
анықтайды. Осыған байланысты біз ЖОО болашақ МДҰ педагогтерінің 
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін модельдеудің негізі 
анықталды, олардың ішінде: 
1. Білім беру кезеңінің мақсатты бағыты. 
2. Білім беру кезеңінің динамикалық сипаттамасы. 
3. Білім беру кезеңінің мазмұны. 
4. Кезеңдердің ұйымдастырушылық және басқарушылық құзыреттілік 
компонентін қалыптастыру. 
5. Білім беру кезеңінің тиімді компоненті. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқару құзыреттілігін 
қалыптастыру кезеңін модельдеу үшін негіздерді таңдау осы кезеңді практикада
жүзеге асырудың дизайны мен тәсілдерін дәйекті түрде қарастыруға мүмкіндік 
береді.
Педагогтерді дайындау кезеңін модельдеу алдымен мақсаттарды 
анықтаудан басталады. Себебі мақсаттарды орындау үшін мазмұнды, әдістерді 
және технологияларды таңдауды анықтап алған дұрыс.
Біздің зерттеу жұмысымыздың бөлігі ретінде мақсатты компонент МДҰ 
болашақ педагогтерінің басқарушылық құзыреттіліктерін жеке құнды қарым-
қатынастарын мақсатты түрде қалыптастыруға, оны шығармашылық білімнің 
маңызды құралы ретінде меңгерту қажеттілігіне және мектепке дейінгі ұйым 


37 
педагогтерінің оқу үдерісін тасымалдауға негіз болып табылады. Мақсатты 
компоненттің функциясы басымдыққа ие болады. Өйткені, болашақ МДҰ 
педагогтерінің басқарушылық құзыреттілік бастамаларын меңгеру қажеттілігін 
түсінуге қызығушылығын тудырады. Себебі, ол болашақ педагогтерінің 
педагогикалық жүйелерді басқарудың ғылыми және теориялық негіздерін, оны 
жүзеге асыру үшін психологиялық және педагогикалық механизмдерді 
меңгеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, болашақ МДҰ педагогтерінің жеке 
қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді.
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің басқару құзыреттілігін 
қалыптастыру мақсатын айқындау, оны қалыптастырудың тұтастық, 
динамикалық кезеңінің болжамды нәтижесі ретінде түсіну екендігін аңғарамыз. 
Бұл тізбек педагогикалық басқару саласындағы болашақ мектепке дейінгі ұйым
педагогтерінің біліктілігін арттыру, басқарушылық тапсырмаларды практикалық 
шешу тәжірибесі және болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жеке және 
кәсіби сипаты ретінде басқару құзыреттілігінің негізі болатын басқарудың 
құндылығына тәуелділіктен тұрады. 
Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің АКТ арқылы 
басқарушылық құзыреттілігінқалыптастырудың негізгі міндеттері: 
- білім беру жүйелерін, болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің 
басқарудың заңдары мен принциптері туралы білімді кешенді жүйе; 
- оның гуманистік, демократиялық, аксиологиялық негіздерін түсіну мен 
жеке қабылдауына негізделген басқару қызметіне оң, мотивациялық көзқарас; 
- басқару құзыреттілігін жүзеге асыру тәжірибесі және оның негізгі 
міндеттері. 
Жоғары оқу орнындағы болашақ МДҰ педагогтерінің басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптастырудың аталған мақсаттары мен міндеттері
педагогтерді даярлауға құзыреттілік көзқарастың идеологиясын көрсетеді. Бұл 
болашақ МДҰ педагогінің басқарушылық құзыреттілігі кәсіби дамуы үшін 
қажетті мәселелер мен іс-әрекет саласы болып табылады. 
Арнайы білім беру мазмұнын кіріктіру үш деңгейлі мақсатты көздейді. 
Бірінші деңгейдің мақсаттары–оқыту мазмұнын, оның құрылымы мен үдерістің
ұйымдастырылуын жетілдіру болып табылады. Бұл мақсаттар білім беру 
мазмұнын жетілдіру барысында іске асырылады. Екінші кезең мақсаттары – 
білім алушыларды когнитивті, интеллектуалды-креативті, адамгершілік-
этикалық сфераларда дамыту.Үшінші деңгейдің мақсаты болып МДҰ 
педагогінің тұлға және кәсіби жетілген маман ретінде қалыптасуы болып 
табылады [139]. 
Жалпы түрінде модель зерттеу пәнінің белгілі бір жақтарын, 
байланыстарын, қызметін көрсететін элементтер жүйесі. Гносеологиялық 
көзқарас бойынша модель – түпнұсқаның таным мен практикадағы өкілі, 
орынбасары. Осылайша модель ұғымы аясында белгілі бір объектінің, үдерістің 
немесе құбылыстың өкілі ретінде пайдаланылатын кез келген образы аналогы 
түсіндіріледі. Анықталған мәліметтер үлгінің келесі сипаттамалық белгілерін 
атауға мүмкіндік береді: 1) материалдық және ойлау формасындағы көріністер; 


38 
2) үлгіленетін нысанмен объективті сәйкес болу; 3) бастапқы нысанның 
сипаттамалық белгілерін сақтау қабілеті; 4) бастапқы нысанды танымның белгілі 
сатыларында орнын ауыстыру қабілеті.«Модель» термині (modulus– үлгі, 
өлшем) «үлгі» мағынасын береді. Бұл – нысан және оған қатынастық мәндерді 
көрсететін көрнекілік құралдардың бірі (шартты бейне, схема т.б.). Жалпы 
түрінде модель – зерттеу пәнінің белгілі бір жақтарын, байланыстарын, қызметін 
көрсететін элементтер жүйесі. Біз жалпы қабылданған терминді қолдануды жөн 
көрдік. 
Модельдеу педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылатын әдістердің 
бірі ретінде – жаңаны жасау, соның негізінде жаңа білімдер, зерттеу нысаны 
жайында біртұтас ақпарат жинақтауға мүмкіндік береді.Модельдің мәнді 
белгілері: 
көрнекілік, 
абстракциялау, 
ғылыми 
қиялдау 
элементтері, 
аналогияларды пайдалану, болжамдық элементтер жатады [55]. Біздің 
пайымдауымызша, нобай – ғылыми болжамның көрнекі ой түрі болып табылады. 
Педагогикалық модельдеу дегеніміз педагогикалық жүйелерді, үдерістерді 
немесе жағдайларды, оларға қол жеткізудің негізгі жолдарын өңдеу мен жасау 
әдісі. Мұнда таным нысанының өзі емес, оның үлгісі зерттеліп, зерттеу нәтижесі 
үлгіден нысанға көшіріледі.
Модель – бұл таным құралы. Бақылау және эксперимент нәтижесінде 
қалыптасқан кез-келген теориялық түсінік түпнұсқа-объектімен салыстырмалы 
түрде модель ретінде қабылдануы мүмкін. Теория модельде нақтылыққа және 
көрнекілікті иеленеді. 
Осы аталған қағидалар мен түсініктемелерді ескере отырып, болашақ
мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің АКТ арқылы басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптастыру негізіне модель құрастыруды жөн көрдік. 
Педагогикалық үдерісті модельдеу өте күрделі жұмыс болғандықтан, ол 
бірнеше кезең арқылы жасалады. Алғашқы кезеңде - болашақ модель негізі 
болатын зерттеушіні қызықтыратын нысан жайындағы тәжірибені зерделеу, 
терең талдау, болжам құру. Екінші - зерттеу бағдарламасын құрып, соның 
негізінде практикалық жұмыстар жасау, модельге, болжамға өзгерістер енгізу 
кезеңі. Үшінші кезеңде-модельдің соңғы үлгісі жасалып, жүзеге асырылады.
Педагогикалық зерттеулерде модельдеу дидактикалық мәселелерді шешуде 
табысты қолданылады [55]. Мысалы: зерттеуші оқу үдерісін жаңғырту,
шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру
мәселелерінің нобайын жасап, тәжірибеде тиімділігін дәлелдейді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке 
дейінгі ұйым педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігін АКТ арқылы
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін даярлауда
И.С. Якиманскаяның еңбегі талданды. Ол білім берудің үш түрлі моделін 
белгілейді: әлеуметтік-педагогикалық; пәндік-дидактикалық; психологиялық 
[117]. Осы айтылғандар төмендекесте түрінде бейнеленген (6-кесте).


39 
Кесте 6 - Білім беру модельдерінің сипаттамалары (И.С.Якиманская бойынша). 
Әлеуметтік– 
педагогикалық 
Пәндік– дидактикалық 
Психологиялық 
Мақсаты 
Тұлғаны 
алдын-ала 
белгіленген 
үлгіге 
сәйкес тәрбиелеу
Білім, білік және дағдылар 
жиынтығын меңгеру. 
Тұлғаны, 
жеке 
танымдық 
қабілеттерді, 
когнитивті 
стильді 
дамыту 
Құралы
Ұжым, талап қою, 
жазалау 
және 
мадақтау, оқытудың 
репродукти-вті 
әдістері, 
қарапайым 
оқу 
дағдыларын 
меңге-ртудегі 
басымдылық. 
Білімнің 
мазмұнын 
саралау (мектепке дейінгі 
ұйымдар 
және 
тәрбиеленуші-лерді 
дамыту 
орта-лықтары), 
тәрбиеле-нушілердібілім, 
білік, дағдыны меңгеруі 
саралау, 
оқытудың 
теориялық жағына көбірек 
көңіл 
бөлу, 
дамыта 
оқытудың 
тұжырымдамасын 
жасаудағы талпы-ныстар. 
Элективті 
саралау, 
таным стратегияларын 
анықтау, тәрбиеленуші 
когнитивті 
аймағын 
зерттеу және дамыту, 
тәрбиешінің қызметі 
мен рөлін өзгерту, 
«оқуға үйрету», АКТ 
жасау, 
тәрбие-
ленушілер 
арасында 
стратегиялармен 
алмасу. 
Бағалау 
критерийлер
і 
Үлгіге 
сәйкестігі,
сәйкессіздігі 
Бағалаудың 
балдық 
жүйесі, 
аттестаттың 
орташа балы 
Сапалық. 
Жеке 
траектория бойынша 
өсу.
Біздің ойымызша, осы И.С. Якиманская ұсынған білім беру модельдерінің 
жіктелуі толық әрі шынайы тұлғаға бағытталған деп танимыз [55]. Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар арқылы болашақ мектепке дейінгі ұйымдарда 
басқарушылық құзыреттіліктерін қалыптастыру құрылымдық-мазмұндық 
моделінің стратегиялық мақсаты ретінде студенттердің тұлғалық және кәсіби 
мәнді сапаларын дамыту белгіленді.
Өйткені, қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты бәсекеге қабілетті 
педагог дайындау болып табылады. Моделіміздің тұжырымдамалық негізі 
ретінде мектепке дейінгі педагогика алынып, әдіснамалық негіздері 
айқындалды. Модельде бейнеленіп тұрғандай зерттеу нәтижесіне қол жеткізу 
үшін зерттеудің мақсатынан бастап, мәселені шешудің теориялық тұғырлардың 
айқындалуы, мазмұны мен әдістемелік жолдары, оқытуды ұйымдастыру 
формалары, бағалау және ақырғы нәтижеге жету бір-бірімен байланыста 
құрылған [55]. 
Соңғы жылдары білім беру саласында оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне 
тұлғаға бағдарланған тұғырмен келудің маңыздылығы жиі айтылуда. 
Педагогика ғылымында «тұғыр» деген ұғым білім беру үдерісінің стратегиясы 
және тактикасын белгілеуде қолданылып келеді. Тұғыр - педагогикалық 
нысананы зерттеудегі тәсілдер жиынтығының қатынасы. Ш.Таубаеваның 
пікірінше, тұғыр- қойылған зерттеу міндеттемелерін шешудің негізгі жолы, ол 
осы шешімдердің бағыты мен стратегиясын ашады. Ғалым педагогикадағы 


40 
әдіснамалық тұғырларды жіктеп, оларға жеке сипаттама берген.Көптеген 
ғалымдар тұғырды білім беру үдерісінің тиімділігін арттыратын кешенді 
педагогикалық құрал деп түсіндіреді [24]. Демек, тұғыр педагогикалық іс-әрекет 
тәсілдерін және өзара байланысты идеялар мен ұғымдардың сапалық 
жиынтығын пайдалануға мүмкіндік тудыратын әдіснамалық бағдар болып 
табылады.
Зерттеу 
тақырыбына 
байланысты 
«басқарушылық 
құзыреттілікті 
қалыптастыру» ұғымының сипаты бойынша зерттеушілердің әртүрлі 
ұстанымдарын талдау бізге қызығушылық тудырды. Мектепке дейінгі ұйым 
педагогтерінің басқарушылық құзыреттілігінің табиғатын зерттеу үшін біз осы 
мәселеге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет