Қабылдаған: Даулетова Айнаш Орындаған: Әбділ Аида Тобы



бет1/5
Дата26.03.2024
өлшемі37.98 Kb.
#496496
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Әбділ.А БӨЖ т.о.ә.


Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

БӨЖ


Тақырыбы : Дидактикалық ойынның түрлерін жинақтау, оны сабақта пайдаланудың жолдарын ұсыну

Қабылдаған: Даулетова Айнаш
Орындаған: Әбділ Аида
Тобы: ФҚФ-111

Жоспар
І.Кіріспе


ІІ.Негізгі бөлім

    1. Дидактикалық ойын түрлері

    2. Дидактикалық ойын түрлерін практикада қолдану

    3. Дидактикалық ойыншықтармен, құрылыс материалдарымен өткізілетін оқу сағаттары

ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

І.Кіріспе
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызуғушылығын арттыру. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық модуліне әту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Олай болса, ескі сүрлеуден арылып, жаңа жолдан іс бастайтын сәт ұстаздар қауымына туған тәрізді. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр. Әр пән бойынша оқу модельдерін әзірлеу және әдістемелерін жинақтау:
- оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу;
-деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалын анықтау;
- оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.
Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді іздендіруге дағдысын қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру.
Ойындар оқушылардың танымын, ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, длардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн. Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы курстық жұмыста бастауыш сыныптарда қолданылатын дидактикалық ойын түрлері, оны сабақта пайдаланудың жолдарын таныстыра кетуді жөн көріп отырмын.

2.1. Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекстін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің гиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді ез өмірімен тіршілік етеді». Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ор ақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек. А.С.Макаренко ойынның балалар өмірі ұйлмдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім». Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстінде і оқытумен өзара тығыз байланыста болады. Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық


және айырмашылық болуымен айқындалады. А.С.Макаренко еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: «Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-әрекетсіз ойын - қашан да жаман ойын». Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: «…жұмыс адамның қоғамдық өндіріске… материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз. Ойын мұндай мақсаттар көздемейді, қоғамдық мақсаттарға оның тікелей қатысы жоқ, бірақ оған жанама қатысы бар: ол адамды жұмыс үшін қажетті дене күші мен психикалық күш
жұмсауға үйретеді». Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады. Ойын білімдерді мақсат қоя және дәйектілікпен қайталауға, оларды ойын әрекеттерінде, ережелерде іске асыруға үйретеді. Жаңа стандартқа сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларға арналған пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі ретінде заттар мен ойыншықтарды еркін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, ойын іс-әрекеті жағдайымен қамтамасыз ету сұрақтары айқындалған. Бала үшін онын - өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері де әр түрлі болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне арайландырып, ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлері. Оқу әрекетінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

  • Дидактикалық ойын

  • Сюжеттік рөлдік

  • Қимыл-қозғалыс ойындары

  • Саусақтар ойыны

  • Үстел үсті ойындары

Оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде дидактикалық ойындар ерекше орын алады. Кезінде А.В.Луначарский: «Ойын - белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады!» - деп жазды. Дидактикалық ойындар - оқыту мақсаттарын іске асыруга арналған арнаулы ойындар. Дидактикалық ойын - кішкене балаларға тән оқыту формасы болып табылады.Арғы тегі ойынды өлеңмен кимылды ұштастыру негізінде жатыр. Міндеті ойынның оқыту ситатын, оның мазмұны баланың танымдық әрекетін дамытуға, балалардың білімін кеңейтуге және бекітуге бағытталады. Дидактикалық ойындар оқу әрекеті барысында балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай қолданылады. Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде екі жолмен қарастырылады. Ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса автодидактикалық ойындар. Бастауыш сыныптарда жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлері:
1.Заттық дидактикалық ойындар. Бұл ойын әр үрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2.Үстел үстінде ойналатын ойындар. Лото, домино, қарлы кесек т.б.
3.Сөздік ойындар,яғни ауызша ойналатын ойындар.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді:
1.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;
2.Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардын негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды.
3.Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді…?», «Мен не істер едім, егер…» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
5.Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым- қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.

2.2. Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады: дидактикалық тапсырмалар, мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент-дидактикалық тапсырмалар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әртүрлі болады (табиғат, жануарлар және өсімдіктер әлемі, адамдар, еңбек т.б.) және қоршаған орта туралы ұғымдарды бекітуге байланысты. Ойын ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл-ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай тәптағы балалар өзін-өзі ұстауға, өздерінің мінез-құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді. Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке-дара ойнауына арналған (мозаика, пирамида), олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді. Кейбір ойындар 4-6 баламен ойналады.


Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтау керек және ойынды өткізу үшін алдын-ала дайындалуы және балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады. Дидактикалық ойындардың заттық түрі жиі қолданылады. «Гүлдерді ата» ойыны. Бұл ойынның мақсаты -гүлді бір-бірінен айырып, олардың аты атай білу (қызыл, көк, сары, жасыл); формасы мен көлемін ажырата білу (үлкен, кішкентай, өте үлкен, кіп-кішкентай).
Дидактикалық ойындардың үстел үсті ойындары да көптеп қолдануға
болады. Мысалы, заттың түсін, өлшемін анықтау үшін өткізілетін ойындарға екі жасқа қараған баламен жүргізілетін ойындарға қарағанда формасымен көлемі жөнінен күрделірек қуыршак, кішкентай кеспек, пирамидалар, жиналмалы шыны аяқтар, тағы басқа алмалы-салмалы ойыншықтар пайдаланылады. Балаға он екі сақинаны тіреуге өз өлшемі бойынша дұрыстап кигізу ұсынылады. Затты бір-біріне қосып, қиыстыра білу, бүтін нәрсені орпымен бөлшектеу дағдысын дамыту үшін балаға жиналмалы кубиктермен кесінді суреттер беріледі. Дидактикалық ойындардың бір бөлігі арнайы құралдарсыз өткізіледі. Мәселен, есіту сезімін дамыту үшін «Тыңда тағы естігеніңді айтып бер» немесе «Бұл ненің дыбысы екенін ойлан тап» тәрізді ойындар ұйымдастырылады. Бірінші ойында балалар айналадағы дыбысқа құлақ түреді (иттің үргені, желдің шуылы) ал, екіншісінде жануарлар мен құстардың үнін салған тәрбиешінің дауысына ден қояды. Қоршаған ортадағы құбытыстарды ажырата білуге дағдыланады. Қоршаған ортамен танысу сабақтарында қолданған "Қай мезгіл?", "Жеміс жинау", "Не қайда өседі?", "Жапырағынан таны", "Кім жылдам?", т.с.с. ойындардың тапсырмаларын орындау кезінде балалар өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады және табиғатты аялауға, қорғай білуге үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет