Психотропты препараттардың көп түрлілігіне карамастан олар 5 топка топтастырылады: нейролептиктер, антидепрессантар, транквилизаторлар, психостимуляторлар мен психодизлептиктер. Сонымен катар, нормотимиктер мен ноотроптарды жеке топка бөледі. Аталған топ препараттарын ажырату 1969 ж. Дүниежүзілік денсаулык сактау ұйымының ғылыми тобы ұсынған жүйеге сәйкес келеді. - Психотропты препараттардың көп түрлілігіне карамастан олар 5 топка топтастырылады: нейролептиктер, антидепрессантар, транквилизаторлар, психостимуляторлар мен психодизлептиктер. Сонымен катар, нормотимиктер мен ноотроптарды жеке топка бөледі. Аталған топ препараттарын ажырату 1969 ж. Дүниежүзілік денсаулык сактау ұйымының ғылыми тобы ұсынған жүйеге сәйкес келеді.
- Нейролептиктер. Нейролептиктік препараттар психотропты заттардың негізгі тобын кұрайды. Оған фенотиазин туындылары, раувольфин (резерпин және т.б.) препараттары, бутирофенон туындылары (галоперидол, триседил), тиоксантендер (хлорпротиксен) тағы да баска косылыстар жатады. Фенотиазин катарындағы препараттарды оның алифатикалык туындылары (аминазин, тизерцин, терален), фенотиазиннің пиперазиндік туындылары (этаперазин, френолон), пиперидиндік туындылары (неулептил т.б.) біріктіреді. Нейролептиктер әсерінің ең маңызды нәтижесі антипсихотикалык эффект болып табылады. Бұл эффект козу, мазасыздык жағдайын, эмоционалды күйзелісті басу және таңдамалы түрде — сандырак, галлюцинация, кататониялык және психоздың т.б. көріністерін препараттың жалпы седативті әсері аркылы емдеуге кол жеткізіледі. Фенотиазиннің алифатикалык туындыларының седативті әсері өте күшті, сондыктан олар орталыктык-босаңсытушы нейролептиктер деген атау алды.
Антидепрессантар. Антидепрессанттар тағайындаудағы басты көрсеткіш — әр түрлі этиологиялы көңіл-күйдің тұракты төмендеуі (депрессия) болып табылады. Бұл топка моноаминоксидазаның ингибиторлары (нуредал, инджопан),әр түрлі химиялык заттардың үшциклдік туындылары (имипрамин, тримепрамин, анафранил, фторацизин, азафен, триптизол, нортриптилин,, амитриптилин), тетрациклдік препараттар (лудиомил, пиразидол, инказан), бензепин туындылары (новерил, инсидон) жатады. Антидепрессанттардың психотропты белсенділік спектрі олардың негізгі касиеттерінің косылысы аркылы кұралады: тимоаналептикалык әсері (антидепрессанттык әсері), ынталандырушы және седативті әсерлері. Тимоаналептикалык әсері депрессивті симптоматиканың редукциясымен көрініс береді: мұңды көңіл-күй, депрессивті сандырак, психикалык анестезия және де депрессияның соматикалык көріністері — іш кату, тәбет төмендеуі. Антидепрессанттардың ынталандырушы эффектісі тежелудің азаюы, сергектіктің пайда болуы, әрекетке талпыныстың пайда болуы аркылы көрінсе, седативті әсері — үрей, мазасыздык, коркыныштың азаюымен, ұйкының реттелуімен көрінеді. - Антидепрессантар. Антидепрессанттар тағайындаудағы басты көрсеткіш — әр түрлі этиологиялы көңіл-күйдің тұракты төмендеуі (депрессия) болып табылады. Бұл топка моноаминоксидазаның ингибиторлары (нуредал, инджопан),әр түрлі химиялык заттардың үшциклдік туындылары (имипрамин, тримепрамин, анафранил, фторацизин, азафен, триптизол, нортриптилин,, амитриптилин), тетрациклдік препараттар (лудиомил, пиразидол, инказан), бензепин туындылары (новерил, инсидон) жатады. Антидепрессанттардың психотропты белсенділік спектрі олардың негізгі касиеттерінің косылысы аркылы кұралады: тимоаналептикалык әсері (антидепрессанттык әсері), ынталандырушы және седативті әсерлері. Тимоаналептикалык әсері депрессивті симптоматиканың редукциясымен көрініс береді: мұңды көңіл-күй, депрессивті сандырак, психикалык анестезия және де депрессияның соматикалык көріністері — іш кату, тәбет төмендеуі. Антидепрессанттардың ынталандырушы эффектісі тежелудің азаюы, сергектіктің пайда болуы, әрекетке талпыныстың пайда болуы аркылы көрінсе, седативті әсері — үрей, мазасыздык, коркыныштың азаюымен, ұйкының реттелуімен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |